
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
13-мәтін
Жалпы, кейде ноғай мен қазақты тіл жағынан болсын, тұрмыс-салт жағынан болсын бір-бірінен айыру қиын. Бір ғана мысал, ноғай тілінде Едігеге байланысты «қазақтан шыққан Едіге» деген ұғым бар. «Жыршы Қазақ» пен «қазақ жырлары» деп аталатын жырлардың өзі неге тұрады? Ноғай халқының арасында «қазақтар» деген ру да бар, ал Қазақов деген – ең көп таралған фамилияның бірі. Қобыланды батыр, Доспамбет жырау – екі халыққа ортақ тұлға. Ал Қозы-Көрпеш пен Баян Сұлу ноғайларға да мәлім. Қазіргі Азов қаласының (Ноғайлы жұртының қаласы) бір аты да Қазақ қаласы болған. Тағы бір таңқаларлығы, қазақ халқының құрамындағы наймандарды ноғай наймандарымен салыстырып шығуымыздың өзі көп нәрсеге көз жеткізеді: ақмешіт найман, биік найман, күшік найман, қара найман, ашамайлы найман, тарақты найман, қылыш найман, шелек найман, бағаналы найман. Аталған тайпалардың атаулары да, таңбалары да сол күйінде ноғай арасында қазіргі күнге дейін кездеседі. Шәкәрім өз шежіресінде «Әз Жәнібек қазақты алып ауарда Ноғай аталған туысқандарымыздың жақсылары қазақтың жақсыларымен көрісіп, амандасып жылапты. Соны біздің қазақ домбырашылары ноғай-қазақ айрылғандағы жылау күй деп, домбырамен «Ел айрылған» атты зарлы күй тартады» дейді.
Ноғайлардың қазіргі мекені Солтүстік Кавказда. Ресей мен ТМД елдерінде жалпы саны шамамен 100 мыңды құрайды. Ноғайлардың негізгі орналасқан жері – Ноғай даласы. Қазіргі күні Ноғай даласы әкімшілік-аумақтық бөлінісі жағынан Ресей құрамындағы Дағыстанның, Шешенстанның және Ставрополь өлкесінің, Қарашай-Шеркес автономиясының құрамында. Дағыстанда ноғайлар Ноғай, Бабажұрт, Тарум және Қызлар аудандарында жиі қоныстанған. Сулак кентінде, Мақашқала мен Хасавжұрт қалаларында да тұрады. Ноғайлар Ресейдегі Астрахан (Аштархан) облысында да тұрады.
https://e-history.kz/kz/publications/view/nogai_nege_kazakka_zhakin__4739
-
Ноғай мен қазаққа ортақ тұлғалар
-
Қазақтың қай руы ноғай ішінде де кездеседі?
-
Ноғай мен қазақтың көрісіп жылауы кімнің шежіресінде айтылады?
-
«Ел айрылған» атты зарлы күй пайда болған уақыт
-
Азов қаласының ескі бір аты
-
Екі халыққа да ортақ жыр