Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

11-мәтін

Конспект

Қазақ ноғай туралы айтқанда «ноғай» этнонимін шатастырады. Түркі халықтарының ішіндегі қазақтарға ең жақын, ең туыс халық – ноғайлар. Қазан татарларын, кейде басқа да татарларды қазақтар мүмкін білместікпен, мүмкін бұрынғы ноғайды ұмыта алмай, ноғай деп атай береді. Шын мәнінде ноғай – біреу-ақ. Ноғайларды тағы бір түркі халқы – Ресейдің Орал өңірінде тұратын ноғайбақтармен ешқандай да шатастыруға болмайды. Кейбір ғалымдар ноғай сөзін моңғолдың «нохай», яғни «ит» деген сөзімен байланыстарады. Оған дәлел ретінде итке қатысты «сарт» деген сөзді, яғни «сары ит» деген сөзді алға тартады, ал шынтуайтқа келгенде ноғай этносының атауы Алтын Орда дәуіріндегі Ноғайдың атымен байланысты деп ойлаймыз. Ноғайлардың қазіргі мекені Солтүстік Кавказда. Ресей мен ТМД елдерінде жалпы саны шамамен 100 мыңды құрайды. Ноғайлардың негізгі орналасқан жері – Ноғай даласы. Қазіргі күні Ноғай даласы әкімшілік-аумақтық бөлінісі жағынан Ресей құрамындағы Дағыстанның, Шешенстанның және Ставрополь өлкесінің, Қарашай-Шеркес автономиясының құрамында. Дағыстанда ноғайлар Ноғай, Бабажұрт, Тарум және Қызлар аудандарында жиі қоныстанған. Сулак кентінде, сондай-ақ, Мақашқала мен Хасавжұрт қалаларында да тұрады. Ноғайлар Ресейде сонымен бірге Астрахан (Аштархан) облысында да тұрады. Ноғайлардың ірі диаспорасы Мәскеу мен Санкт-Петербургте де шоғырланған. Түркия, Румыния және т.б.елдер ноғай диаспорасының жиі қоныстанған елдері болып саналады. Түркияның 4-5 миллион шамасындағы халқы өзінің тегі жалпы ноғай, татар, қырым татар болғанын әлі де біледі. Түркияда әлі де таза 9 ноғай ауылы бар. Ал Румынияда олар Добруджа өлкесінде де тұрады (қазіргі күні Добруджадағы татарлар мен түріктердің саны 45 мың төңірегінде, тек татар деп айтуымыздың себебі, ноғайлар онда жеке ұлт ретінде танылмайды).

https://e-history.kz/kz/publications/view/nogai_nege_kazakka_zhakin__4739



Сұрақтар
  1. Ресейдің Орал өңірінде тұратын, атауы ноғайға ұқсас халық

  2. Қазаққа ең жақын, туыс халық

  3. Ресей мен ТМД елдеріндегі ноғайлардың жалпы саны

  4. Румынияның ноғайлар тұратын өлкесі

  5. Қазіргі күні Ноғай даласы әкімшілік-аумақтық бөлінісі жағынан қай мемлекет құрамына кіреді?

  6. Ноғайлардың үлкен диаспорасы қандай екі қалада бар?

Қате туралы хабарландыру