Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

47-мәтін (2021 жыл)

Конспект

1. Әлемге аты белгілі Алқаптар ғимараты деп аталатын Шарын шатқалы Алматы қаласынан 195 шақырым, Талғар ауданынан 180 шақырым қашықтықта орналасқан. Шатқалы бойлай ағып жатқан Шарын өзені ең үлкен өзен аңғары болып есептеледі. Табиғаттың мұндай көркі сонау 30 млн жыл бұрын пайда болған.

2. Шарын – қазақ елінің туристерін құшақ жая қарсы алатын қонақжай мекендерінің бірі. Төбесі көкке тиіп тұрған үлкен тастар өздігінен салынған ертегілер қаласын еске түсіреді. Оның пішіндері қолдан салынған ғимарат, мұнараларға қатты ұқсайды. Алып тастардың биік нүктесін бағындыру үшін асқан шыдамдылық пен жігер керек. Шатқалдың қыр-сырымен оны толық аралап шыққаннан кейін ғана таныса аласыз. Алып тастардың қасынан ілгері өтіп, жолмен тіке қарай алға беттей берсеңіз, Жер-Ананың шеткі нүктесіне жеткендей күйде боласыз.

3. Шарын шатқалының төменгі бетінде үнділік бөріқарақат (барбарис), тораңғы, терек жайылып өскен. Күз айларында бұл аңғар қып-қызыл жидектерге толады. Шарын өзенінің сағасында шаған орманы тамырын тереңге жайған. Осы тектес табиғи зона тек Солтүстік Америка жерінде ғана бар. Осы аймақта 1500-ге жуық өсімдік түрі өседі.

4. 2005 жылы шатқал аумағы мен шаған орманында қорық жасалып, қазіргі таңда 17 өсімдік, 62 сүтқоректі жануар, 103 ұялайтын құс, 62 бауырымен жорғалаушы түрлері «Қызыл кітапқа» енгізіліп, қорғауға алынған.



Сұрақтар
  1. Мәтіндегі қорғауға алынған өсімдіктер саны

  2. Екінші азатжолдағы ақпарат

  3. Шарын шатқалындағы төбесі көкке тиіп тұрған үлкен тастардың ерекшелігі

  4. Шарын шатқалының төменгі жағында өскен өсімдік

Қате туралы хабарландыру