
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
56-мәтін (2021 жыл)
Жыртқыш құстар – қорегін аулап немесе өлекселермен қоректеніп тіршілік ететін құстар. Жыртқыш құстардың тұмсығы имек, тұмсығының шеті өткір, кескіш болып келеді. Қанаттары ұзын, көбіне ұшты. Кеуде тұсы, сан еттері жақсы дамыған. Көру, есту жүйелері жақсы жетілген. Тырнақтары өткір, имек, жемін бүріп ұстауға бейім.
Жыртқыш құстар – саны азайып бара жатқан, сирек кездесетін құстар. Олар құз-жартасты тауларды, қыраттарды, қарағайлы, тоғайларды, өзендердің жайылмасын, сексеуілді шөлдерді мекендейді. Қазақстандағы жыртқыш құстардың көбі «Қызыл кітапқа» енгізілген.
Жыртқыш құстардың санының азаю себептері – заңсыз аулау, қолда өсіру үшін ұядан балапандарын алу, ересек құстардың электр сымдарына соғылып мерт болуы, қақпан маңындағы уланған жемді жеп өлуі және торға түсуі. Бұл құстарды қорғауды кеңінен насихаттап, заңды түрде қорғау тәртібін белгілеп, аңшы құс ретінде қолда бағу жағдайын жасау керек.
-
Жыртқыш құстардың азаю себептерінің бірі
-
Мәтіндегі түйінді ой