
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
54 мәтін (2021 жыл)
Ер едіге Тоқтамыс хан тұсында (XIV-XV ғ.) өмір сүрген. Дала перзентінің бойындағы даналық қой қайтарып, қозы қуып жүрген тұста-ақ белгі береді. Аңыз әңгімелері Едігенің хан алдында қаймықпаған қайсарлығы, ақылы мен күш-қуат берген ерлігі жайлы көп айтылады.
Ел жадындағы Едіге – әрі би, әрі батыр, әрі көсем, әрі шешен, әрі дана. Сондықтан халықта «Ел қамын жеген Едіге» деген ұғым қалыптасқан. Академик ғалым Қаныш Сәтбаев 1927 жылы «Ер Едіге» жинағын құрастырып, жинаққа жазған алғы сөзінде батыр бейнесіне жан-жақты тоқтала келіп: «Едіге қазақ батырларының ішіндегі ең маңдайлы, аруағы күшті көсемі, сәулесі күшті Шолпаны есебінде... Сыпыра жырау Едігені Ер Шыңғыс, Әз Жәнібек, Ақназар сынды ерлерден де артық сипаттайды», – деп, дара тұлғаны ардақ тұтуға үндеген.
-
Мәтін мазмұнына сәйкес мақал-мәтел
-
Едігенің мәтінде берілген сипаты