Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

51-мәтін (2021 жыл)

Конспект

Қазан

Қазан шойыннан жарты шар үлгісінде құйылады, ұстауға қолайлы екі немесе төрт құлағы болады. Сыйымдылығына қарай көлемі әртүрлі болады. Ең үлкені он екі қарыс қара қазан немесе тайқазан, ал қазан басындағы ас пісіретін адамды қазаншы дейді.

Көшпелі елде қазан қирамас үшін оған қалың кенеп, киізден арнайы қазаңқап жасайды. Оттан көтеріп алғанда қол күймес үшін және күйе жұқпас үшін тұтқыш қолданады. Ол қол басына киілетіндей екі киіз қалтадан жасалып, ұзындығы қазанның екі шетінде жететіндей жіппен қосақталып байланады. Қазан түбіндегі қаспағын қыру үшін қырғыш пайдаланылады.



Сұрақтар
  1. Қолды қорғау үшін қажет зат

  2. Қазанқап жасалатын материал

Қате туралы хабарландыру