Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

52-мәтін (2021 жыл)

Конспект

Қымыз

Қымыз – қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең бағалы дастарқан дәмінің бірі. Ол тек қана бие сүтінен ашытылады. Жаңа сауылған бие сүтін сүзгіштен өткізіп, жылы кезінде күбідегі немесе сабадағы саумалдың үстіне құяды. Содан соң оны міндетті түрде 30-40 минут пісіп, аузын байлап не тығындап ұстаған. Алғаш рет қымыз ашытарда бие сүті сабаға, арнаулы ашытқының немесе қордың үстіне құйылады. Ашытқыны көбінесе сүр жаяның, қазының сынық сүйегін салып, сүттен, ол жоқ болғанда сүтке нан ашытқысын езіп әзірлейді. Қор дегеніміз – ескі қымыз, ол – жақсы ашыған қымыздың саба түбінде қалатын, арнайы сақталған сарқыны.

Қымыз – ерекше дәмді, құнарлы, хош иісті және өте сіңімді сусын. Қазақтар жыл маусымына қарай қымызды уыз қымыз, күзгі қымыз, қысқы қымыз деп атаған. Жазба деректер бойынша қымыздың 25 түрлі атауы бар.



Сұрақтар
  1. Мәтінге қатысты дұрыс тұжырым(-дар)

    1. Қымыздың 25 түрлі атауы бар
    2. Қымыз – ерекше дәмді сусын
    3. Жыл маусымына қарай қымызды әртүрлі атаған
  2. Қымыздың қоры дегеніміз

Қате туралы хабарландыру