Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

10-нұсқа



Сұрақтар
  1. Саяхатшылар 5 күнде 110 км жол жүрді. Олар күн сайын алдыңғы күнге қарағанда 5 км жол артық жүріп отырған болса, соңғы күні неше км жол жүргенін табыңыз. 

  2. Кестеде 7 ақпан күнгі Астана қаласының ауа райы болжамы көрсетілген. Осы күнгі ауа райының орташа температурасын анықтаңыз. 

     

    Уақыт, сағат

    00:01–

    03:00

    03:01–

    06:00

    06:01–

    09:00

    09:01–

    12:00

    12:01–

    15:00

    15:01–

    18:00

    18:01–

    21:00

    21:01–

    00:00

    Температура –25°C –27°C –24°C –20°C –16°C –16°C –18°C

    –22°C

  3. Суретте Венн диаграммасында Q (рационал сандар жиыны) және Z (бүтін сандар жиыны) бейнеленген. Дөңгелектің боялған бөлігі қай жиынға тиісті екенін анықтаңыз

     

  4. Сан 25%-ға арттырылды. Бастапқы сан шығу үшін соңғы шыққан санды неше пайызға кеміту керектігін табыңыз. 

  5. \(X=Y-2\). Келесі сандарды салыстырыңыз:

    X + 6 Y + 4
  6. \(33<n<81\) теңсіздігі дұрыс болғанда 8 санына еселік болатын барлық n сандары нешеу болатынын көрсетіңіз

  7. А және В бағандарын салыстырыңыз:

    A B
    30 санының бөлгіштерінің саны 30 санының 170-тен кіші еселіктерінің саны

     

  8. Алты лақтың салмағына қарағанда бес қозының салмағы ауыр. Егер бір лақты қозыларға, ал бір қозыны лақтарға қосса, онда олардың салмақтары теңеседі. Егер барлығының салмақтарын қосқанда 152 кг болса, бір лақ пен бір қозының салмақтарының қосындысы қанша кг болады?

  9. \(2589^{2014}\) саны қандай цифрға аяқталатынын табыңыз.

     

  10. Суреттегі 1-ші және 2-ші тең құрамды фигураларды алу үшін қандай екі бірдей фигураны пайдалануға болатынын табыңыз. 

     

  11. Ағаш кесуші ағашты үш бөлікке бөлу үшін 150 тг алады. Ағашты 11 бөлікке бөлу үшін төленетін ақшаны табыңыз.

  12. Берілген кестедегі мәлімет бойынша дұрыс тұжырымды көрсетіңіз.

     

    \(\alpha\) \(\beta\)

    Ұзындығы \(37\pi\) болатын

    шеңбердің радиусы

    Ауданы \(323 \pi\) болатын

    дөңгелектің радиусы

  13. Машина А қаласынан В қаласына қарай \(\vartheta\: км/сағ\) жылдамдықпен жолға шықты. 2 сағат жол жүргеннен кейін демалуға тоқтағанда әлі жүру керек \(l\) км жол қалды. Егер \(S=200 \:км, \: l=50\: км\) болса, машина алғышқы 2 сағатта қандай жылдамдықпен жүргенін табыңыз

  14. 20-дан аспайтын кез-келген натурал санның жай сан болу ықтималдығын табыңыз. 

  15. Натурал саннан құралған сандық қатар алты саннан тұрады. Сандық қатардың үшінші мүшесі 10-ға, ал төртінші мүшесі 62-ге тең. Осы сандық қатардың медианасын табыңыз. 

  16. Үш оқушыны 5 орындыққа неше түрлі тәсілмен отырғызып шығуға болады?

  17. Турбазадағы үйлер мен шатырлардың жалпы саны 20. Әр үйде 4 адам, ал әр шатырда 2 адам тұрады. Турбазада барлығы 60 адам демалып жатқандығы белгілі болса, онда қанша үй және қанша шатыр бар екенін табыңыз. 

  18. Мектепте 700 оқушы бар. Бұлардың 357-сі ұл балалар. Мектептегі барлық қыздар барлық оқушылардың неше пайызын құрайтындығын табыңыз

  19. Суреттегі №1 квадраттың периметрі 20 см, ал №2 квадраттың периметрі 12 см. №3 квадраттың ауданын табыңыз. 

     

     

  20. Валюта айырбастау бөлімшесінің кестесінде 1€ = 415 тг, 1$ = 384 тг (мұндағы € – евро, $ – доллар) деп көрстеілген. 

    Орталық әмбебап дүкенде пиджак 83€, спорттық киім 89$ тұрады. А және В бағандарын салыстырыңыз

     

    А бағаны В бағаны 
    Пиджак Спорттық киім

     

Қате туралы хабарландыру