
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
11-нұсқа
-
\(n\)-нің қандай мәнінде \(3^{n-1}\cdot2^{n+1}=864\) теңдігі орындалатынын анықтаңыз.
-
\(1;3;7;15;...\) тізбектің жетінші мүшесін табыңыз
-
30 кг алмадан 27 кг алма тосабы шығады. 50 кг алмадан қанша алма тосабын алуға болатындығын табыңыз.
-
Ойын сүйегін бір рет лақтырғандағы құрама сан түсу ықтималдығын табыңыз.
-
Анасы Нұрисламды 15 қарбыз алып келуге дүкенге жұмсады. Нұрислам екі қолымен екі қарбызды көтеріп алып келе алады. Қарбызды тасып болу үшін Нұрислам дүкенге неше рет барады?
-
Бөлмеде ойнап жүрген әр бала себетте тұрған алмалардың \(\frac15\)-ін жейтін еді. Алайда бөлмедегі балаларға сырттан бір бала келіп қосылды да, әр бала себеттегі алмалардың \(\frac16\)-ін жеді. Себетте неше алма бар екенін анықтаңыз.
-
Оқушылар бір-бірімен қол алысып сәлемдеседі. Егер барлығы 66 қол алысу болса, онда барлығы неше оқушы болғанын табыңыз.
-
Бес түрлі карточка берілген. Ең үлкен сан қай карточкада болатынын анықтаңыз.
\(1\) \(2\) \(3\) \(4\) \(5\) \(3,5\cdot10^6\) \(2,180\cdot10^7\) \(18,5\cdot10^{-10}\) \(1\cdot10^8\) \(385\cdot10^5\)
-
\(1,0,2,7,3\) цифрлары кездеспейтін екі таңбалы қанша натурал сан болатынын табыңыз (цифрлар қайталанады).
-
Белгілі бір аралықта жаяу адам 4,2 км/сағ жылдамдықпен t сағат жүреді. Жаяу адамның жүрген жолының уақытқа тәуелділігінің формуласын табыңыз.
-
\(13^{31}\) саны қандай цифрмен аяқталатынын табыңыз
-
Марат досының телефон нөмірінің соңғы цифрын ұмытып қалды. Сондықтан кездейсоқ цифрларды теріп қарады. Досының телефон нөмірін табу ықтималдығын табыңыз.
-
Ойын сүйегі 2 рет лақтырылған. Түскен сандардың көбейтіндісінің тақ болу ықтималдығын табыңыз
-
Фирма шаңғыны жалға береді. Әрбір сағатқа 1000 теңге және тапсырысты рәсімдегені үшін 200 теңге алады. Шаңғыны 3,5 сағатқа алу үшін қанша ақша төлеу керектігін табыңыз
-
Суретте қандай фигураның жазбасы бейнеленгенін анықтаңыз
-
Әлия планшет сатып алу үшін үш дүкенге ақпанның 14-і күні барды. Төмендегі кестеде әр дүкеннің бағасы мен жеңілдік түрлері көрсетілген.
Дүкен Бағасы Жеңілдік түрі А 44000 Әр айдың 15-не дейін –25% B 42000 Әр айдың жұп күндері –20% C 34000 Жеңілдік жоқ Тиімді бағамен алғандағы Әлияның төлеген ақшасы:
-
Қабырғасы 3 см шаршының ауданы \(16\: см^2\)-қа артық болу үшін, әр қабырғасын неше см-ге ұзарту қажет?
-
Егер А-санының 20%-ы 48-ге тең болса, осы А-cанының \(\frac15\) бөлігін табыңыз.
-
Суретте тік төртбұрыш әрқайсысының ауданы 16 болатын екі шаршыға бөлінген. ABCD тіктөртбұрышының периметрін табыңыз.
-
Дененің көлемін табыңыз.