Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

14-нұсқа



Сұрақтар
  1. Төмендегі кестеде Бағдаттың бойы мен салмағының соңғы жылдардағы өзгерісі көрсетілген. Бағдаттың салмағының бойына қатысты қалыпты жағдайда (мысалы, ересек адамның бойы 175 см болса, салмағы 75 кг \(\stackrel{+}{–}\) 10 кг болуы қажет) болған жылдарын көрсетіңіз

     

      2009 ж. 2010 ж. 2011 ж. 2012 ж. 2013 ж. 2014 ж. 2015 ж. 2016 ж.

    Бойы,

    см

    160 163 165 166 172 173 173 173

    Салмағы,

    кг

    71 74 75 75 76 80 84 87

     

  2. \(\frac{S}{T} = \frac14, \) \(\frac{T}{R} = \frac13\)  және  \(S + T + R = 34\) болса, \(R \cdot S +\frac{R}S\) өрнегінің мәнін табыңыз

  3. Кестедегі сандардың орналасу заңдылығын анықтап, \(A + B\)-ның мәнін табыңыз:

     

    5 12 7 8
    4 6 3 A
    9 18 10 13
    1 6 4 B
  4. Ауладағы балалар ойыны алаңындағы сырғанақтың ортасы тік бағанмен бекітілген. Егер сырғанақтың ортасына орнатылған l бағанның биіктігі 1,2 метр болса, сырғанақтың h биіктігін табыңыз.

     

     

  5. Суретте \(y = f(x)\) функциясының графигі берілген. \(2 f(3) + 5f(–2) – 4f(1)\) мәнін табыңыз

     

  6. Төмендегі аралықтардың қиылысуын табыңыз 

     

  7. Егер  \(\frac57<y<\frac67\)  болса, онда төмендегі сандардың қайсысы y-тің мәні болатынын көрсетіңіз

  8. Қалтада 7 ақ және 3 қызыл түсті асықтар бар. Қалтадан кездейсоқ алынған асықтың ақ түсті болу ықтималдығын табыңыз.

  9. Асқар Павлодар қаласына іссапармен барып қонақ үйге тоқтады. Ол төмендегі кестені пайдаланып ең тиімді (арзан) қонақ үйді таңдады. Егер оның іссапары 4 күнге созылса іссапарға жұмсалған ақшаны табыңыз. 

     

    Қонақ үй атаулары Таңғы ас Түскі ас Кешкі ас Бір тәулікке жалға алу бағасы
    Павлодар тегін 1300 тг тегін 3000 тг
    Ертіс 550 тг тегін 600 тг 3200 тг
    Сары–арқа 300 тг 1100 тг 300 тг 2800 тг

     

  10. Оқушының 4 пән бойынша жинаған жалпы ұпайын және орташа ұпайын есептеңіз:

     

     

  11. Әсел мектепке жаяу келіп, қайтқанда автобусқа мінсе, онда ол барлық жолға 1,5 сағат жұмсайды. Егер ол екі жағына да автобуспен жүрсе, барлық жолына 40 минут уақыт жұмсайды. Егер Әсел мектепке жаяу барып, жаяу келсе барлық жолға қанша уақыт жұмсар еді?

  12. Астанада қаңтардың бір күніндегі ауа райының бұлтты болу ықтималдығы p = 0,65. Сол күнгі ауа райының ашық болуының q ықтималдығын табыңыз.

  13. Спорт залында бірнеше доп жатыр. Олардың екеуінен басқасы футбол добы, екеуінен басқасы волейбол добы, екеуінен басқасы баскетбол добы болса, спорт залында жатқан доптардың әр түрінен нешеуден бар?

  14. А және В сандарды қосындысының 20%-ы 60-қа тең болса, A + B-ның сандарының қосындысын табыңыз.

  15. Қанат 1 дәптер, 2 қарындаш және 1 өшіргішке 90 тг төледі. Самат 2 дәптер, 3 қарындаш және 3 өшіргіш үшін 170 тг төледі. Азат 2 дәптер, 5 қарындаш және 1 өшіргішке неше теңге төлеу керектігін табыңыз

  16. Шеңбер бойында 6 нүкте берілген. Ең көп дегенде неше хорда сызуға болатынын анықтаңыз.

  17. Шеңбер бойында алты нүкте орналастырылған. Осы нүктелер төбесі болатын неше үшбұрыш сызуға болады?

  18. Қорапта қабырғасы 20 см болатын шаршы тәрізді 12 дана паркет бар. Еденінің өлшемдері 4 м x 3 м болатын тік төртбұрыш тәрізді бөлмені паркеттеп шығу үшін қанша паркет қажет болатынын табыңыз

  19. 5 қарындаш пен 7 қаламсаптың ішінен 3 қарындаш пен 4 қаламсапты неше тәсілмен таңдап алуға болады?

  20. Мерей 100 және 200 теңгелерді қағаз бетіне қойып, айналдыра сызып шыққанда екі шеңбер пайда болды. Үлкен шеңбердің диаметрі 2 см 4 мм. Кіші және үлкен шеңберлердің радиустарының қатынастары 3 : 4-ке тең. 20 теңгенің радиусы нешеге тең?

Қате туралы хабарландыру