Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

13-нұсқа



Сұрақтар
  1. \(3^{0^{2}}\) мәнін табыңыз.

  2. \(\sqrt{23}\) пен \(\sqrt{65}\) сандарының арасында неше бүтін сан бар екенін табыңыз

  3. Ойын сүйегі лақтырылды. Тақ сан түсті. Осы санның жай сан болып түспеу ықтималдылығын анықтаңыз.

  4. Айырмасы 2 -ге тең, біріншісі екіншісінен 7 есе үлкен болатын сандарды табыңыз

  5. Құрылыс фирмасы үш жеткізушінің біреуінен \(40 м^3\)тақтай сатып алу керек (жеткізу шарты және бағалары кестеде келтірілген). Жеткізумен бірге ең арзан болатын құнды табыңыз.

     

    Жеткізуші

    Тақтай бағасы 

    (теңге \(1 м^3\) үшін)

    Жеткізу бағасы Қосымша шарттар
    А 21000 51000  
    В 24000 41000 750000 теңгеден жоғары тапсырыс берсе жеткізу тегін
    С 21500 41000 1000000 теңгеден жоғары тапсырыс берсе жеткізу тегін

     

  6. Айдос жолдағы жөндеу жұмыстарына байланысты күндегі жүретін тіке жолды айналып өтуге тура келді. Айдос күндегіден неше метр артық жүргенін анықтаңыз

     

  7. Берілген сурет бойынша ABC үшбұрышының ауданы

     

     

  8. Берілген суреттегі фигураның боялған бөлігінің (шаршының) периметрі 10 см болса, онда фигураның периметрін табыңыз.

     

     

  9. Жеңіл машина мен жүк машинасының жылдамдықтарының қатынасы 15:3 қатынасындай. Жеңіл машинаның жылдамдығы жүк машинасының жылдамдығынан 48 км/сағ артық болса, жеңіл машинаның жылдамдығын табыңыз. 

  10. Тоқсаннан асқан Тойлыбай атаның 9 ұлы бар. Ұлдарының әр қайсысының 7 ұлы бар. Тойлыбай атаның немерелерінің әр қайсысында 5 баласы бар болса, Тойлыбай атаның шөберелерінің санын табыңыз. 

  11. 16! саны неше нөлмен аяқталатынын табыңыз. 

  12. Арман мен Марат ағашты 6 сағатта кеседі, ал Асан мен Үсен олардан 2 есе жылдам кеседі. Барлығы бірігіп ағашты қанша уақытта кесетінін табыңыз. 

  13. Барлығы 15 үшбұрыш пен төртбұрышта 53 бұрыш бар. Неше үшбұрыш неше төртбұрыш бар екенін анықтаңыз

  14. 0, 1, 2, 3 цифрларынан қанша екітаңбалы сан жазуға болатынын табыңыз

  15. Ойын сүйегі (жақтары 1, 2, 3,4, 5, 6, сандарымен нөмірленген) екі рет лақтырылды. Екеуінің де тақ сандармен түсу ықтималдығын табыңыз. 

  16. 1; 2; 3; 4; ... ; n сандарының қосындысы 21-ге тең болса, осы сандардың көбейтіндісін табыңыз.

  17. 36 санын неше тәсілмен үш натурал санның көбейтіндісі түрінде өрнектіге болатынын анықтаңыз.

  18. Мектептегі оқушылар мен мұғалімдердің жалпы саны 880. Олардың 35%-ы ұл балалар. Қыз балалар мен мұғалімдердің жалпы санының 75%-ын қыз балалар құрайды. Мектепте қанша мұғалім болғанын табыңыз. 

  19. 8 оқушы 60 алманы сандары әртүрлі етіп бөліп алды. Ең аз алған оқушы 4 алма алды. Ең көп алған оқушы неше алма алды?

  20. \(\frac14;\:\frac57;\:\frac9{14};\:\frac{11}{21}\) берілген бөлшектердің ең үлкені мен ең кішісінің айырмасы неге тең екенін табыңыз

Қате туралы хабарландыру