Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

21-нұсқа



Сұрақтар
  1. \(ABCD \) параллелограмм. 

     

     

  2. Ұзындығы a см, ені b см, биіктігі с см тікбұрышты параллелепипедтің қаңқасын жасау үшін ұзындығы неше сантиметр сым керек?

     

     

  3. Ағаштың биіктігінің жуық мәнін табыңыз:

     

     

  4. \(yº\)-ті есептеңіз

     

     

  5. 6-ға еселі сандар қатарын табыңыз

  6. Картада екі қаланы қосатын кесіндінің ұзындығы 3 см. Картаның масштабы 1 : 1000000. Екі қаланың арақышқытығын табыңыз

  7. Екі санның қосындысы 423. Осы сандардың бірі 5 цифрымен аяқталады. Егер 5 цифрын өшірсе екінші сан алынады. Екінші санды табыңыз

  8. 10 «A» сыныбының 11 оқушысының бойларын өлшеген кезде мына нәтижелерді алдық: 151; 152; 160; 163; 167; 172; 172; 173; 174; 175; 176 (см). Олардың бойларының медианасын және арифметикалық ортасын табыңыз. 

  9. Сандардың модасын табыңыз: 2,2; 3,6; 5,6; 3,6; 4,2

  10. Дүкеншінің бір күнде сатқан тауарлары кестеде көрсетілген. Сатып алушылар үшін тауарлардың қайсысы мода екенін анықтаңыз.

     

  11. 36 < m < 72 теңсіздігін қанағаттандыратындай 6-ға еселік болатын барлық m шешімдер санын табыңыз.

  12. Еркін ойдан үш таңбалы сан жазды. Осы санның 1 цифрынан басталып 6 цифрымен аяқталатын сан болатындығының ықтималдығын табыңыз.

  13. Көп балалы отбасында 7 бала алманы, 6 бала өрікті, ал 5 бала жүзімді жақсы көреді. Төртеуі алманы да, өрікті де жақсы көреді. 3 бала алма мен жүзімді, ал 2 баласы өрік пен жүзімді жақс көреді екен. Ішінде біреуі ғана алма, өрік және жүзімнің барлығын жақсы көреді. Тек алманы жақсы көретін неше бала бар екенін анықтаңыз. 

  14. Дүйсенбі күні 7-сыныптың сабақ кестесінде алгебра, қазақ тілі, орыс тілі, тарих және география пәндері тұр. Орыс тілі бірінші де, бесінші де емес, ал алгебра орыс тілі сабағынан бұрын, бірақ географиядан кейін тұр. Бірінші сабақ тарих та, география да емес. Пәндердің сабақ кестесінде орналасу ретін анықтаңыз

  15. Жеңіл машина мен жүк машинаның жылдамдықтарын табыңыз. 

     

  16. Төртбұрышты қыш тақтайшадан көрсетілгендей бөлігі қиылып алынды. Тақтайшаның қалған бөлігінің (қарамен боялған) ауданын табыңыз

     

     

  17. Марат диаметрі 50 см пицца сатып алды да, оны суреттегідей бірдей бөліктерге бөлді. Ол үш бөлігін жеді. Пиццаның қалған бөлігінің ауданын табыңыз. \((\pi≈3)\)

     

     

  18. Бес оқушыдан екі кезекшіні қанша әдіспен таңдап алуға болады?

  19. Бір қатарда бір-бірінен 5 м қашықтықта 16 ағаш отырғызылған. Шеткі ағаштың жанында құдық орналасқан. Әр ағашты суару үшін бір шелек су қажет. Бір ғана шелекпен барлық ағашты суаруға кететін жолдың ұзындығын табыңыз.

  20. Бағанды диаграммада соңғы 4 жылдағы №5, №15, №20 мектептердің түлектер саны көрсетілген.

     

     

    Диаграмманы пайдаланып 2015 жылдағы мектеп бітірушілердің өзгеріс ауқымын табыңыз.

Қате туралы хабарландыру