
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
23-нұсқа
-
Цирк қойылымының билеті 3500 тг, мектеп оқушыларына 30% жеңілдік. 3 ересек және 10 оқушыға неше теңге төлейді?
-
Боялған ауданның боялмаған ауданға қатынасын табыңыз.
-
Шахмат ойынына 7 адам қатысқан. Әрқайсысы бір-бірімен бір партиядан ойнады. Олар барлығы қанша партия ойнағанын табыңыз.
-
Отызға дейінгі тақ сандардың арифметикалық ортасын табыңыз.
-
30 кг алмадан 27 кг алма тосабы шығады. 50 кг алмадан қанша алма тосабын алуға болатындығын табыңыз
-
1-ден 30-ға дейін қанша құрама сан бар екенін табыңыз (30-ды қоса алғанда).
-
Ердос бір санды 7-ге көбейтті. Шыққан мәнінен 7-ні азайтып, оны 7-ге бөлгенде 777 саны шықты. Ердос қандай санды қолданғанын табыңыз.
-
Сандар мен фигуралар белгілі бір заңдылықпен орналасса, онда сұрақ орнына қандай сан тұрады?
-
Қуаты таусылған ұялы телефонды сөндірулі күйде қуаттасаң 40 минутта, ал қосулы күйінде қуаттасаң 1 сағат 40 минутта 100% болады. Сөндірулі күйінде қуатқа қосылған ұялы телефонды жарты сағат болғанда қоссақ, толық қуат алуы үшін тағы неше уақыт қажет?
-
Төмендегі берілген сандардың ішінен сұрақ белгісінің орнына сәйкес келетін санды табыңыз.
-
Айдын мен Сәуленің бір сағатта жүрген жолдарын салыстырыңыз.
Уақыт (сағат) 2 3 Айдынның жүрген жолы (A) 10 15 Сәуленің жүрген жолы (C) 8 12 -
Таразының бір табағында бірдей үш қауын және әрқайсысы 2 кг-нан екі гир, ал екінші табағында осындай төрт қауын және 1 кг-дық 1 гир жатыр. Егер таразы табақтары тепе-теңдікте болса, қауын салмағы қанша болатынын табыңыз.
-
Арай өзінің терген гүлдерінен гүл шоқтарын жасады. Егер әр гүл шоғын 5 гүлден жасаса, 2 гүл артық қалады. Әр гүл шоғын 7 гүлден жасаса, 6 гүл артық қалады. Егер әр гүл шоғын 9 гүлден жасаса, барлық гүл жұмсалады. Арай қанша гүл теріп әкелді?
-
Қазір анасы 54 жаста. Ұлы 20-да, қызы 6-да. Неше жылдан кейін ұлы мен қызының жастарының қосындысы анасының жасына тең болады?
-
Суретте неше үшбұрыш көрсетілгенін табыңыз.
-
Саяжайдағы ағаштардың 35-і жеміс ағаштары. Бұл барлық ағаштардың 50%-ы. Саяжайдағы барлығы қанша ағаш бар?
-
Нағима кітапты ашып, кітаптың сол және оң жақ беттеріндегі нөмірлерінің қосындысы 37-ге тең екенін көрді. Осы нөмірлердің көбейтіндісі неге тең?
-
Суретте неше үшбұрыш бар?
-
Төменде алғашқы үш фигура кескінделген. Оныншы фигура неше торкөзден тұрады?
-
Мына жұлдызша төрт теңқабырғалы үшбұрыштан және радиусы 3-ке тең шеңберлерден құралған. Жұлдызшаның периметрін табыңыз.