Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

24-нұсқа



Сұрақтар
  1. 0, 1, 2, 3, 4 цифрлары арқылы неше үш таңбалы әртүрлі цифрлардан құралған тақ сан құрастыруға болады?

  2. Сөмкеде 3 ақ, 3 қара, 4 көк түсті қарындаштар бар. Қараңғыда ең кемінде неше қарындаш алса, олардан бірдей түсті екі қарындаш міндетті түрде болу мүмкіндігін табыңыз

  3. Бесінші сыныпта сенбі күні математика, әдебиет, орыс тілі сабағы болу керек. Егер білім беру стандарты бойынша математика бірінші немесе екінші, әдебиет екінші немесе үшінші, ал орыс тілі бірінші немесе үшінші сабақ болу керек болса, сабақ кестесін неше тәсілмен құрастыруға болатынын табыңыз.

  4. Ұштары суреттегі A, B, C, D, Е, F, G, H нүктелері болатын неше хорда жүргізуге болатынын анықтаңыз.

     

  5. Жәшікте 2 көк, 3 ақ, 4 қызыл шарлар бар. Кездейсоқ алынған шардың көк шар болмау ықтималдығын табыңыз

  6. 5, 8, 0, 2 цифрларын қолданып, цифрды қайталамай қанша үштаңбалы сан құрастыруға болатынын табыңыз.

  7. Асан жейде кимек болды. Оның ілгішінде қызыл, көк, ақ және қара түсті жейделер ілулі тұр. Асанның көк түсті жейдені таңдап кию ықтималдығын анықтаңыз.

  8. Мектепте өткен тоғызқұмалақ ойынына 8 оқушы қатысып, бір-бірімен бір ойыннан өткізді. Барлығы неше ойын болғанын анықтаңыз

     

  9. Дүйсенбі күні 5a сыныбында әр түрлі бес сабақ өтеді. Дүйсенбі күнгі сабақ кестесін неше тәсілмен құрастыруға болады?

  10. Заңдылықты анықтап, x-тің мәнін табыңыз:

     

     

  11. 2 метрлік бір қоршаудың құны 50 теңге тұрады, ал 3 метрлік бір қоршаудың құны 70 теңге тұрады. 20 м жерді қоршау үшін 2 метрлік, 3 метрлік қоршаулардың қайсысын пайдаланған тиімді?

  12. Сыныптағы 6 ұлдың орташа бойы 1 м 18 см. Біржанның бойы олардың ең кішісі – 1 м 8 см. Қалған 5 ұлдың орташа бойы қандай?

  13. Техникалық бақылау бөлімі 1000 бұйымның 8-ін жарамсыз деп тапты. Жарамсыз бұйым жасалу жиілігі қандай?

  14. Тауға көтерілген саяхатшы бірінші сағатта 800 м биіктікке көтерілді, ал әрбір сағат сайын биіктікке алдындағысына қарағанда 25 м-ге кем көтерілді. Саяхатшы 5700 м биіктікке неше сағатта шығады?

  15. Үлкен шаршының қабырғасы 4x болса, боялған фигураның ауданын табыңыз.

     

     

  16. Суреттегі фигураның бөліктеріне олардың аудандары жазылған. Сұрақ белгісі қойылған тіктөртбұрыштың ауданын табыңыз.

     

     

  17. 10 бала 5 сағатта 50 балықты тазалайды, 50 бала 100 балықты неше сағатта тазалайды?

  18. Арыстан қонақтарды қарсы алды. Түлкі аюдан ерте, қасқыр қояннан кеш, аю қояннан ерте, жолбарыс қасқырдан кеш келді. Ең кеш келген кім?

  19. Егер \(\frac{2a+b}b=3\) болса, онда \(\frac{2a-b}b=?\)

  20. Би үйірмесіне 25 ұл және 19 қыз қатысып жүр. Әр апта сайын үйірмеге 2 ұл және 3 қыз келіп қосылады. Қанша аптадан кейін үйірмедегі ұлдар мен қыздардың саны теңеседі?

Қате туралы хабарландыру