Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Ондық бөлшектерді көбейту

Конспект

Ондық бөлшекті натурал санға көбейту үшін:

  1. үтірге назар аудармай, натурал сандарды көбейту ережесімен көбейтуді орындау керек;
  2. ондық бөлшекте неше ондық таңба болса, көбейтіндіден оң жақтан сонша цифрды үтірмен ажырату керек.

Мысалы, 25,15 · 4 = 100,60 = 109,6; 8,9 · 5 = 44,5.

Ондық бөлшекті 10, 100, 1000 және т.с.с сандарға көбейту үшін ондық бөлшектің үтірін разряд бірлікте неше нөл болса, сонша цифрға оңға жылжыту керек.

Мысалы, 1,678 · 10 = 16,78; 1,678 · 100 = 167,8 т.с.с.

 

Ондық бөлшектерді көбейту үшін:

  1. үтірге назар аудармай, натурал сандарды көбейту ережесімен көбейтуді орындау керек;
  2. көбейткіштердің екеуінде неше ондық таңба болса, көбейтіндіде оң жақтан сонша цифрды үтірмен ажырату керек.

Мысалы: 7,32 · 2,8 үшін 732 · 28 = 20496 екі көбейткіште үш ондық таңба бар, ендеше 7,32 · 2,8 = 20,496 болады.

Ондық бөлшектерді 0,1; 0,01; 0,001 ... сандарға көбейту үшін осы бөлшектегі үтірді, разряд бірлікте неше нөл болса, сонша цифрға солға жылжыту керек.

Мысалы, 1234,5 · 0,1 = 123,45; 1234,5 · 0,01 = 12,345 т.с.с.



Сұрақтар
  1. Есептеңіз.

    (0,9 · 5 + 5 · 0,6) – (0,7 · 2 + 3 · 0,7)

  2. Көбейтуді орындаңыз.

    (5 · 3,16) · 4

  3. Тоқыма станогында 1 сағатта 3,45 м мата тоқылады. Бір тоқымашы қатарынан 2 станокта жұмыс істесе, 7 сағатта неше метр мата тоқылады?

  4. Бұршақ массасының 0,54-і көміртегі, 0,22-сі ақуыз, қалғаны май. 267 кг бұршақта қанша май бар?

  5. Теңдеуді шешіңіз.

     \({x\over6,2}\) = 5,25

  6. Амалдарды орындаңыз. 0,4 · 5,1 + 6,9 · 0,4

  7. Көбейтуді орындаңыз: 0,25 · 1,32

  8. Есептеңіз.

    (1,234 – 0,1234) · 0,1 – 0,1

  9. Адам әр тыныс алған сайын 0,715 г ауа жұтады. Егер ол минутына 15 рет тыныс алса, оның бір тәулікте жұтатын ауасының мөлшерін табыңыз.

Қате туралы хабарландыру