Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Геометриялық прогрессия. Геометриялық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы.

Конспект

Екінші мүшесінен бастап кез келген мүшесі алдынғы мүшесін, нөлден өзгеше, қандай да бір тұрақты санға көбейткенде шығатын санды тізбекті геометриялық прогрессия деп атайды.

Келесі мүшесін алу үшін алдыңғы мүшесіне көбейтілетін сан геометриялық прогрессияның еселігі деп аталады және q әрпімен белгіленеді, яғни \(b_2=b_1q.\)

Геометриялық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы: \(b_n=b_1q^{n-1}.\) 



Сұрақтар
  1. Геометриялық прогрессияда b1 = 36, b3 = 9. Еселігін табыңыз.

  2. Геометриялық прогрессия құрайтын төрт санның үшіншісі біріншіден 9-ға, ал екіншісі төртіншіден 18-ге артық болса, осы сандарды табыңыз.

  3. Геометриялық прогрессияның алғашқы он екі мүшесінің көбейтіндісін осы прогрессияның бірінші мүшесінің он бірінші дәрежесіне бөлгенде шығатыны...

  4. Геометриялық прогрессияның b3 = 12; b5 = 48. Осы прогрессияның b8 мүшесін табыңыз.

  5. Геометриялық прогрессияның b+ b= 36; b+ b= 18. Осы прогрессияның b5 мүшесін табыңыз.

  6. 1 мен 243 сандарының арасына берілгендермен қосылып геометриялық прогрессия құрайтындай 4 сан орналастырыңыз.

  7. Геометриялық прогрессия 6 мүшеден тұрады. Соңғы үш мүшенің қосындысы алдыңғы үш мүшенің қосындысынан 8 есе артық болатын прогрессияның еселігін табыңыз.

  8. Егер \(\frac12;\;\frac13;...\) геометриялық прогрессия болса, онда \(\frac{b_6}{b_4}\ \)қатынасының мәні

     

  9. Геометриялық прогрессияның алтыншы мүшесін табыңыз, мұндағы: \(b_1=\frac{1}{6};\ b_2=\frac{1}{3}\)

  10. \(\frac{1}{32}\) саны 4; 2; 1; ... геометриялық прогрессияның мүшесі бола ма? Болса, оның номерін көрсетіңіз.

Қате туралы хабарландыру