Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Екі айнымалысы бар теңсіздіктер

Конспект

Екі айнымалыдан тұратын теңсіздікті екі айнымалысы бар теңсіздік деп атайды.

 

Функцияның анықталу облысын анықтауда сызықтық емес теңсіздіктердің жүйесін шешу тәсілдерін қолданамыз. Екі айнымалысы бар теңсіздіктерді шешу алгоритмі:

1. теңсіздікке сәйкес функция түрін анықтау керек;

2. функция графигін координаталар жазықтығына салып, жазықтықты бөліктерге бөлу керек;

3. жазықтықтың қай бөлігі теңсіздіктің шешімі болатынын анықтау керек.

 

Ол үшін жазықтықтың бір бөлігінен кез келген нүкте алып, оның координатасын берілген теңсіздікке қойып, дұрыстығын тексереміз. Теңсіздік дұрыс болатын жазықтық бөлігінің нүктелер жиынын теңсіздіктің шешімі ретінде аламыз.



Сұрақтар
  1. Шешімдері шеңбер бойында және шеңбердің ішкі бөлігінде жататын нүктелерден тұратын функция үшін теңсіздік жазыңыз.

  2. Айнымалылардың қай мәндері \((x^2+1)y=0\)  теңдеуінің шешімі болады?

  3. \(x^2+y^2\leq144\) теңсіздігінің шешімдері болатын нүктелерді табыңыз:

    1)(6;10)

    2)(– 12;0)

    3)(8;9)

    4)(9;7)

    5)(– 12;12)

  4. \(x^2+y^2\geq100\) теңсіздігінің шешімдері болатын нүктелерді табыңыз.

    1) (6;10)

    2) (– 10;0)

    3) (8;5)

    4) (9;7)

    5) ( 2;9)

  5. Суретте көрсетілген шеңберде және шеңбердің ішкі бөлігінде жататын нүктелер жиыны қандай теңсіздікті береді?

  6. Суреттегі боялған бөлікке сәйкес келетін теңсіздікті табыңыз

Қате туралы хабарландыру