iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу және оның графигі
Бір айнымалысы бар сызықты теңдеу ах = b түрінде болады.
Екі айнымалысы бар сызықты теңдеу ах + bу = с (1 ) түрінде беріледі, мұндағы х, у – айнымалылар, а, b, с – нақты сандар және а мен b бір мезгілде нөлге тең емес.
Мысалдар: 2х + 3у = 8; 0,6х – 1,2у = 3.
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеуде әр қосылғыштағы айнымалылардың дәреже көрсеткіштерінің қосындысы 1-ге тең болуы керек.
(1) теңдеуді қанағаттандыратын кез-келген сандар жұбы екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің шешімі деп аталады.
Мысылы, х + у = 12 теңдеуінің шешімдер жұбы: (1;11), (5;7), (9;3), (3;9) т.б..
Бір айнымалыны екіншісі арқылы өрнектеу үшін: 2у – х = 5 теңдеуінде х айнымалысын у айнымалысы арқылы өрнектейік: x = 2у – 5.
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің ең болмағанда бір айнымалысының коэффициенті нөлге тең болмаса, оның графигі түзу сызық болады.
-
\((x+3)^2+(y+1)^2=-4\) теңдеуінің неше шешімі бар?
-
Берілген нүктелердің қайсысы \(x^2+y^2=121\) шеңберіне тиісті?
-
Центрі А(3;– 4) нүктесі болатын және координаталар басы арқылы өтетін шеңбердің теңдеуін жазыңыз.
-
Центрі координаталар басы болатын және А(6;8) нүктесі арқылы өтетін шеңбердің теңдеуін жазыңыз.
-
Егер функция графигі С(– 2;2) нүктесінен өтіп және b саны k санынан 12-ге артық болса, \(y=kx+b\) функциясы үшін формула жазыңыз.
-
\(\frac{2}{3}x-5y=1\) теңдеуінің шешімін табыңыз.
-
Екі айнымалысы бар сызықты теңдеулерді табыңыз.
\(1)\ \frac{1}{3}x-y=4;\\2)\ 3x^2+4xy=12;\\3)\ xy=6;\\4)\ \frac{2x}{3}-\frac{3y}{5}=11;\\5)\ 0,3xy-2y=7.\)
-
а-ның қандай мәнінде \(y=ax-4\) түзуі С(2;10) нүктесі арқылы өтеді?
-
Координата осьтерімен қиылысу нүктелерін табыңыз.
х – 2, 5у = 5
-
х айнымалысын у айнымалысы арқылы өрнектеңіз.
\(3y-x=5\)