iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер және оның шешімі
Егер теңдеулер құрамының біреуі сызықтық емес теңдеу болса,онда екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесі екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесі деп аталады.
Мысалы, \(\begin{cases}2x-y=1\\x^2-3xy-2y^2=2 \end{cases}\) жүйедегі бірінші теңдеудің графигі түзу сызық екені белгілі, ал екінші теңдеу графигін білмейміз. Мұндай жүйелерді шешудің негізгі жолы – ауыстыру тәсілі.
Шешу алгоритмі:
1) бірінші дәрежелі теңдеуден айнымалының бірін екіншісі арқылы өрнектеп жазамыз;
2) табылған өрнекті екінші дәрежелі теңдеудегі айнымалының орнына қойып бір айнымалысы бар теңдеу аламыз;
3) шыққан теңдеуді шешкенде айнымалылардың біреуінің мәнін табамыз;
4) осы мәндер арқылы екінші айнымалының мәні табылады.
Егер айнымалылардың біреуінің коэффициенттері қарама-қарсы сандар болса мүшелеп қосу тәсілін қолданамыз.
-
Теңдеулер жүйесін шешіңіз.
\(\begin{cases}2x-y=1\\xy=10 \end{cases}\)
-
Теңдеулер жүйесін шешіңіз.
\(\begin{cases}3x-y=-10\\x^2+y=10 \end{cases}\)
-
Теңдеулер жүйесін шешіңіз.
\(\begin{cases}x^2+y^2=5\\x^2-2y^2=-7 \end{cases}\)
-
Теңдеулер жүйесін шешіңіз.
\(\begin{cases} x^2+y^2=1\\x+y=-1\end{cases}\)
-
Теңдеулер жүйесін шешіп, \(y_1\) және \(y_2\)-ні табыңыз.
\(\begin{cases}y^2-xy=12\\x^2-xy=-3 \end{cases}\)
-
Теңдеулер жүйесінің у шешімдерін табыңыз.
\(\begin{cases}y=\sqrt{x+2}-5\\x^2+4x-y=1 \end{cases}\)
-
Теңдеулер жүйесін шешіп, у-ін табыңыз.
\(\begin{cases}\sqrt{x-y}=3\\\sqrt{x+y}=7 \end{cases}\)
-
Теңдеулер жүйесінің шешімдерінің \(\frac{y}{x}\) қатынасын табыңыз.
\(\begin{cases}2\sqrt{x-4}+\sqrt{3y+1}=15\\3\sqrt{x-4}-2\sqrt{3y+1}=-2 \end{cases}\)
-
Теңдеулер жүйесін шешіңіз.
\(\begin{cases}x^2y^3+x^3y^2=12\\ x^2y^3-x^3y^2=4 \end{cases}\)
-
\(\begin{cases}x+y+\sqrt{xy}=13\\x^2+y^2+xy=91 \end{cases}\) теңдеулер жүйесінің шешімі (х;у) болса, х+у мәні неге тең?