Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Рационал өрнектерді көбейту және бөлу

Конспект

Рационал бөлшектерді көбейту үшін, алымдарын көбейтіп алым етіп жазып, бөлімдерін көбейтіп бөлім етіп жазу керек.

Мысалы, \(\begin{aligned} \frac{9a}{16b}\cdot\frac{2}{3}=\frac{9a\cdot2}{16b\cdot3}=\frac{18a}{48b}=\frac{3a}{8b} \end{aligned}\).

Рационал бөлшектерді бөлу үшін, бөлінгіш бөлшекті бөлгіш бөлшектің кері бөлшегіне көбейту керек.

Мысалы, \(\begin{aligned} \frac{8c}{21d^2}:\frac{6c^2}{7d}=\frac{8c}{21d^2}\cdot\frac{7d}{6c^2}=\frac{4}{3d}\cdot\frac{1}{3}=\frac{4}{9d} \end{aligned}\).

 



Сұрақтар
  1. Бөлуді орындаңыз.

     \(5a:\frac{15a}{b}\)

  2. Амалдарды орындаңыз

     \((\frac{b^2xy}{9a^5}:\frac{7xy}{12a^5})\cdot\frac{28a^4}{3b^2}\)

  3. Бөлуді орындаңыз.

     \(\frac{8c}{21d^2}:\frac{6c^2}{7d}\)

  4. Бөлуді орындаңыз: \(\frac{9x^2-x^6}{x^5+x^7}:\frac{x^4-3x^2}{x^9+x^7}\)

  5. Өрнектің мәнін табыңыз.

     \(\frac{a^2-5a+6}{a^2+7a+12}\cdot\frac{a^2+3a}{a^2-4a+4}\), мұндағы \(a=1\).

  6. Көбейтуді есептеңіз.

     \(\frac{x-1}{x}\cdot\frac{x+1}{x}\cdot\frac{x^2+1}{x^2}\cdot\frac{x^4}{x^4-1}\)

  7. Көбейтуді орындаңыз.

     \(\frac{m^5+m^4+m^3}{m^3+m^2}\cdot\frac{m^5+m^4}{m^4+m^3+m^2}\)

  8. Көбейтуді орындаңыз.

     \(\frac{5c}{28a^2}\cdot21ac\)

  9. Көбейтуді орындаңыз.

    \(\frac{x^4}{y^3}\cdot\frac{y^2}{x^3}\)

  10. Өрнекті ықшамдаңыз.

     \(\frac{\frac{1}{1-a}+\frac{1}{1+a}}{\frac{1}{1-a}-\frac{1}{1+a}}\)

  11. Өрнекті ықшамдаңыз.

     \(((\frac{1-a}{a}:\frac{a}{1+a}):\frac{a^2}{1+a^2}):\frac{a^4-1}{a^4}\)

Қате туралы хабарландыру