Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Оқиғаның орындалу ықтималдығын оның жиілігі арқылы бағалау

Конспект

Қандай да бір сынақ нәтижесінде мүмкіндігі бірдей санаулы элементар оқиғалар орындалатын болса, онда А оқиғасының ықтималдылығы P(A) = \(\frac{m}{n}\) формуласымен анықталады.

Мұндағы m – A оқиғасының қолайлы оқиғалар саны, n – A оқиғаның барлық мүмкін оқиғалар саны.

Мысал: Ойын сүйегін бір рет тастағанда «3» ұпайының түсу ықтималдығын есептейік. Ойын сүйегінің барлық мүмкін түсетін жағдайы алты, олар – 1, 2, 3, 4, 5, 6, яғни n = 6. Ал бізге қолайлы болып тұрған «3», яғни m = 1, ендеше «3» ұпайдың түсу ықтималдығы P(A) = \(\frac{1}{6}\) – ге тең.



Сұрақтар
  1. Тиын үш рет тасталды. Тиынның кем дегенде бір рет елтаңба жағымен түсу ықтималдығы қандай?

  2. Қорапта \(10\) ақ және \(15\) қара түсті шарлар бар. Қораптан кездейсоқ алынған шардың ақ болу ықтималдығын табыңыз.

  3. Қалтадағы \(11\) асықтың \(5\)-уі боялған. Қалтадан алынған кез келген асықтың боялмаған болу ықтималдығын табыңыз.

  4. Екі аңшы бір мезгілде аңға жеке-жеке оқ атты. Екі оқтың бірі тисе, аң құлайды. Әр аңшының аңға оқты тигізу ықтималдығы – \(0,8\)  және \(0,75\). Оқтың аңға тию ықтималдығын табыңыз.

  5. Мұрағаттағы кездейсоқ алынған \(100\) журналдың \(8\)-і жарамсыз, бүлінген болып шықты. Жарамсыз журналдың кездесу жиілігін табыңыз.

Қате туралы хабарландыру