iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Абсолюттік және салыстырмалы қателік
Жуық мән мен дәл мәннің айырмасының модулін жуық мәннің абсолют қателігі дейді.
Мысалы, \(\frac{1}{3}\) санын жүздік үлеске дейін дөңгелектесек \(\frac{1}{3}=0,333...\approx0.33,\ \frac{1}{3}\approx0,33.\)
мұндағы \(\frac{1}{3}\) - дәл мәні, 0,33 - жуық мәні, абсолют қателігін тапсақ:
\(\mid0,33-\frac{1}{3}\mid=\mid\frac{33}{100}-\frac{1}{3}\mid=\mid\frac{99}{300}-\frac{100}{300}\mid=\mid-\frac{1}{300}\mid=\frac{1}{300}\)абсолют қателік\(\frac{1}{300}\)-ге тең.
Абсолюттік қателіктің жуық мәннің модуліне қатынасы салыстырмалы қателік деп атайды.
Мысалы, 15,8 санын бірлікке дейін дөңгелектеп оның салыстырмалы қатесін есептесек, яғни
\(\frac{\mid15,8-16\mid}{\mid16\mid}=\frac{\mid-0,2\mid}{16}=\frac{0,2}{16}=0,0125=1,25%\)%.
Салыстырмалы қателіктер процентпен де өрнектеледі. Ол үшін салыстырмалы қателіктің мәнін 100% көбейту керек.
-
2738 санын ондыққа дейін дөңгелектеп, оның салыстырмалы қателігін % есебімен табыңыз.
-
8,79 санын ондық үлеске дейін дөңгелектеп, салыстырмалы қателігін анықтаңыз.
-
\(\frac{2}{11}\) санының жуықтауы \(0,18\). Салыстырмалы қателігін табыңыз.
-
\(2,5\) саны \(2,4673\) санының жуық мәні, абсолют қателігін есептеңіз.
-
Санды жүздік үлеске дейін дөңгелектеп, абсолют қателігін табыңыз.
\(3,(6)\)
-
3,275 санын ондық үлеске дейін дөңгелектеңдер, абсолют қателігін табыңыз.
-
Жер мен Айдың арақашықтығын өлшеу нәтижесі \(380 \ 000 \pm500\) км болды. Төмендегі жауаптардың қайсысы (-лары) жуықтап алынған қашықтық бола алатынын табыңыз.
-
\(15,6\) санын бірлікке дейін дөңгелектеп, оның абсолюттік және салыстырмалы қателігін табыңыз.