
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Екі өрнектің кубтарының қосындысын көбейткіштерге жіктеу
Екі өрнектің кубтарының қосындысы осы өрнектердің қосындысын олардың айырмасының толымсыз квадратына көбейткенге тең, яғни a^3 + b^3 = (a + b) \cdot (a^2 – ab + b^2).
Мысалы, m^3n^3 + 8 = (mn)^3 + 2^3 = (mn + 2)\cdot(m^2n^2 – 2mn + 4).
-
Көбейткіштерге жіктеңіз.
8x^3 + y^3
-
Көбейткіштерге жіктеңіз.
– a^3 – b^3
-
Екі өрнектің кубтарының қосындысы түрінде жазыңыз.
(x + 2y)(x^2 – 2xy + 4y^2)
-
Өрнекті ықшамдаңыз.
(1 + c)(1 – c + c^2)
-
b^9 + 27 өрнегін көбейткіштерге жіктеңіз.
-
13^3 + 11^3 санын 49-ға бөлгендегі мәнін табыңыз.
-
Көбейтінді түрінде жазыңыз.
12am^3 + 12an^3
-
Көбейткіштерге жіктеңіз.
a^3 + b^3 – 2ab(a + b)
-
\frac{(2n+3)^3-(2n-1)^3+4}{16} өрнегін ықшамдаңыз.
-
Көбейтінді түрінде жазыңыз.
8a^3 + 6a^2 + 3a + 1