iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Бөлімдері бірдей бөлшектердің қосындысы мен айырмасы
Бөлімдері бірдей рационал бөлшектерді қосу үшін олардың алымдарын қосып, бөлімдерін өзгеріссіз қалдыру керек.
Бөлімдері бірдей рационал бөлшектерді азайту үшін азайғыш бөлшектің алымынан азайтқыш бөлшектің алымын азайтып, бөлімін өзгеріссіз қалдыру керек.
Мысалдар:
\(1) \frac{b+4}{a-2}+\frac{3-b}{a-2}=\frac{(b+4)+(3-b)}{a-2}=\frac{7}{a-2};\\ 2)\frac{1-x}{m-n}-\frac{1-3x}{m-n}=\frac{(1-x)-(1-3x)}{m-n}=\frac{1-x-1+3x}{m-n}=\frac{2x}{m-n}.\)
-
\(\frac{x+y}{y}=3\) деп алып, \(\frac{x-y}{y}\) бөлшегінің мәнін табу керек.
-
Өрнектің мәнін табыңыз.
\(\frac{a}{x^2-1}-\frac{b}{1-x^2}\), мұндағы \(a = 11\), \(b = – 2\), \(x = 2\).
-
\(\frac{m^2-2m+4}{m}\) бөлшегін бірнеше өрнектің қосындысы түрінде жазыңыз.
-
Амалдарды орындаңыз.
\(\frac{a}{x-y}-\frac{b}{y-x}+\frac{c}{x-y}\)
-
\(\frac{x}{y}=5\) деп алып, \(\frac{x-y}{y}\) бөлшегінің мәнін табу керек.
-
\(\frac{n+6}{n}\) өрнегінің мәні \(n\)-нің қандай натурал мәндерінде натурал сан болады?
-
Азайтуды орындаңыз.
\(\frac{x+1}{a-b}-\frac{x+2}{b-a}-\frac{x-1}{a-b}\)
-
Қосуды орындаңыз.
\(\frac{c+d}{c^2-b^2}+\frac{c-d}{b^2-c^2}\)
-
Азайтуды орындаңыз.
\(\frac{3a+1}{a+b}-\frac{2a+3}{a+b}\)
-
Қосуды орындаңыз: \(\frac{a+b}{x+a}+\frac{a-b}{x+a}\)