iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
1-нұсқа
-
Есептеңіз:
\(\frac{25 \ \cdot \ 34\ -\ 12 \ \cdot \ 25}{66 \ \cdot \ 17\ +\ 33\ \cdot \ 66}\ \cdot\ \frac{18\ \cdot \ 43 \ +\ 51\ \cdot \ 18}{47\ \cdot\ 21\ -\ 12\ \cdot\ 47}\)
-
Теңдеуді шешіңіз:
\(2(x-6)-x=3x+4x\)
-
Телефонның бағасы күзде 10%-ға арзандады, қыста 5%-ға қымбаттады, ал көктемде тағы 8%-ға қымбаттап 459270 тг болды. Телефонның күзде арзандағанға дейінгі бағасын табыңыз.
-
Теңсіздікті шешіңіз:
\(\sin x\cos\frac{\pi}{4}\ -\ \cos x\sin\frac{\pi}{4}\ <\ \frac{\sqrt{3}}{2}\)
-
Есептеңіз:
\(25,2\ :\ 3\frac{1}{2}\ + \ \left(4-5\frac{1}{3}\right) \cdot 3\)
-
156, 390, 910 сандарының ең үлкен ортақ бөлгішін табыңыз.
-
Есептеңіз:
\(\frac{5^{-8}\ \cdot \ 9^6 \ \cdot \ \left(\frac{1}{49}\right)^{-3}}{35^{-3}\ \cdot \ 63^{10}\ \cdot \ 15^{-8}}\)
-
Теңдеуді шешіңіз:
\(|x^2-3x|+x^2=6-(x-2)(x+2)\)
-
Есептеңіз:
\(3\frac{5}{12}-2\frac{1}{2}:\left(2\frac{1}{6}+\frac{8}{15}\right)\cdot 1\frac{4}{5}\)
-
Бір сан екіншісінен 3,5 есе артық. Егер үлкен саннан 28-ті азайтып, кішісіне 7-ні қосса, нәтижелер бірдей болады. Берілген сандардың үлкенін табыңыз.
-
\(x^2+8x-1=0\) теңдеуінің түбірлері \(x_1, x_2\) болса, \(x_1 x_2^3 + x_2 x_1^3\) өрнегінің мәнін есептеңіз.
-
Бөлшектің бөліміндегі иррационалдықтан құтылыңыз:
\(\frac{\sqrt{4\sqrt{3}\ -\ 2\sqrt{6}}}{\sqrt{4\sqrt{3}\ +\ 2\sqrt{6}}}\)
-
\(\sqrt{4}+\sqrt{3}; \ 1; \ \sqrt{4}-\sqrt{3}; \ ...\)
шексіз кемімелі геометриялық прогрессияның қосындысын табыңыз.
-
Тұрақты жылдамдықпен келе жатқан көлік жолда 3 минутқа тоқтады. Белгілеген межеге уақытында жету үшін қалған 20 км жолда көлік жылдамдығын 20 км/сағ арттырды.Көліктің бастапқы жылдамдығын табыңыз.
-
Теңдеуді шешіңіз:
\(\frac{4}{x\ -\ 3}-\frac{5}{x\ +\ 2}=\frac{20}{x^2\ -\ 4}\)
-
Теңсіздікті шешіңіз:
\(\log_{0,5}\log_{5}\frac{x\ -\ 2}{x\ +\ 2}≥\log_{0,5}1\)
-
Теңдеулер жүйесін шешіңіз және оң түбірлерінің қосындысын табыңыз:
\(\left\{ \begin{array}{l} x^3-y^3=56,\\ x-y=2. \end{array} \right.\)
-
Табан қабырғасы 6 см, бүйір қыры 8 см болатын дұрыс төртбұрышты пирамиданың көлемін табыңыз.
-
Теңдеулер жүйесін шешіңіз:
\(\left\{ \begin{array}{l} 1+\log_2y=\log_2(x+y)\\ \log_2(x+y)+\log_2(x^2-xy+y^2)=1 \end{array} \right. \)
-
Табандары 6 см және 10 см болатын трапецияға іштей және сырттай шеңбер сызылады. Трапецияның ауданын табыңыз.
-
Теңдеулер жүйесін шешіңіз:
\(\left\{ \begin{array}{l} 4^{x+y}=2^{y-x}\\ 4^{\log_{\sqrt{2}}x}=y^4-5 \end{array} \right. \)
-
Теңдеуді шешіңіз:
\(\frac{\cos7x}{\sin2x}-1=0, \ 40°<x<130°.\)
-
15 т жүкті тасымалдау үшін бірдей салмақта жүк көтеретін жүк машиналары пайдалану жоспарланды. Бірақ іс жүзінде машиналарға 0,5 т аз тиелгендіктен тағы бір машина қажет болды. Әр машинаға неше тонна жүк тиелген?
-
Теңсіздікті шешіңіз:
\(x \cdot 3^{x-1}+3 \cdot 3^{\sqrt{3}-x}⩾3^x+x \cdot 3^{\sqrt{3}-x}\)
-
Радиусын 1 дм-ге үлкейткенде бетінің ауданы 20\(\pi\) дм\(^2\)-қа артатын шардың көлемін табыңыз.
-
\(x^2+10x+y^2-24|y|+153=0\) теңдеуімен берілген шеңберлердің центрінен координаталар бас нүктесіне дейінгі қашықтықты табыңыз.
-
Егер геометриялық прогрессия үшін \(S_2=4\) және \(S_3=13\) болса, \(b_1\)-ді табыңыз.
-
Станок бір сағатта 8 метрлік 200 тақтайды 2 метрлік бөліктерге бөледі. Сол станок 9 метрлік 500 тақтайды неше уақытта 3 метрлік бөліктерге бөледі?
-
Арбаның артқы дөнгелегінің радиусы алдыңғысынан екі есе үлкен. Егер артқы дөңгелегінің ұзындығын 2 дм-ге қысқартып, алдыңғысының ұзындығын 4 дм-ге ұзартса, 120 метр қашықтықта артқы дөңгелек алдыңғы дөңгелектен 20 айналым кем жасар еді. Бастапқы кіші дөңгелектің ұзындығының мүмкін мәндерін табыңыз.
-
\(\vec{a}=(2;1;3), \ \vec{b}=(2;2;1)\)
векторлары берілген. \(\vec{a}+\vec{b}\) және \(\vec{a}-\vec{b}\) векторларының арасындағы бұрыштың косинусын табыңыз.
-
–211; –208; –205; … сандар тізбегі берілген.
-
Тізбектің ең алғашқы оң мүшесін табыңыз.
-
Тізбектің алғашқы 142 мүшесінің қосындысын табыңыз.
-
Жұмысты екі жұмысшы бірігіп 12 сағатта орындайды. Егер тезірек істейтін бірінші жұмысшы бір өзі жұмыстың жартысын жасап, қалған жартысын екінші жұмысшы жалғыз бітірсе жұмыс 25 сағатта бітеді.
-
Бірінші жұмысшы жұмысты неше сағатта бітіреді?
-
Екінші жұмысшы жұмысты неше сағатта бітіреді?
-
Қиық конустың арасындағы бұрышы 60°-қа тең екі жасаушысы арқылы өтетін жазықтық оның табандарынан 6 дм және 3 дм-ге тең хордалар қияды. Осы хордалардың әрқайсысы 120°-қа тең доғаны кереді.
-
Қиық конустың көлемін табыңыз.
-
Қиық конустың бүйір бетінің ауданын табыңыз.
-
Алтын мен күмістен тұратын екі қоспа бар. 117 кг бірінші қоспаны 468 кг екінші қоспаға қосса, құрамында 10% алтыны бар қоспа алынады. Ал егер 186 кг бірінші қоспаны 279 кг екінші қоспаға қосса, 91% күмісі бар қоспа алынады.
-
Бірінші қоспа құрамында алтын пайызы неше?
-
Екінші қоспа құрамында алтын пайызы неше?
-
ABCD ромбысының AD қабырғасының орта перпендикуляры B төбесі арқылы өтеді және BD = \(10 \sqrt{6}\) см.
-
Ромбтың периметрін табыңыз.
-
Ромбтың ауданын табыңыз.