
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
20-нұсқа
-
Дұрыс төртбұрышты пирамиданың бүйір бетінің ауданын табыңыз. \(\angle PEO=60º\)
-
300 г қантты су ерітіндісінде 48 г қант бар. Ерітіндінің концентрациясы неше пайыз?
-
\(\frac1{cosx}-cosx=tgx\) теңдеуінің \([-0,5\pi; 4\pi]\) аралығына тиісті түбірлерінің санын анықтаңыз:
-
\(MO\perp(ABC),ABC-\) тең қабырғалы үшбұрыш. О нүктесі \(ABC\) үшбұрышына сырттай сызылған шеңбердің центрі. \(AB=4\sqrt3\: см,\: MO=3\:см\). \(MB\) кесіндісінің ұзындығын табыңыз.
-
Сүттен 8% ірімшік алуға болады. 15 кг сүттен қанша килограмм ірімшік алуға болатынын анықтаңыз
-
Теңдеуді шешіңіз: \(0,7cos2x=0\)
-
Теңдеулер жүйесін шешіңіз: \(\begin{cases}2^x\cdot3^y=18,\\3^x\cdot2^y=12.\end{cases}\)
-
Дөңгелек шеңберінің ұзындығы 9,5 метр. Дөңгелек 152 метр қашықтықты неше рет айналғанда жүріп өтетінін табыңыз
-
\(2cos\frac x3>-\sqrt2\) теңсіздігін шешіңіз
-
Теңсіздіктер жүйесін шешіңіз: \(\begin{cases}log_{\frac13}(x-4)&<0,\\2x+3&≥0.\end{cases}\)
-
Есептеңіз: \(1+3+3^2+...+3^6\)
-
\(y=2018x^3-1\) функцияның мәндер облысын табыңыз.
-
Параллелограмның екі қабырғасы 40 см және 60 см, ал олардың арасындағы бұрыш 150°. Параллелограмның ауданын табыңыз.
-
Осьтік қимасының орта сызығы 10-ға тең қиық конустың биіктігі \(4\sqrt6,\) табан радиустарының қатынасы \(2:3\). Жасаушыны табыңыз
-
\(S_5=1331\) және \(q=3\) болатын {\(b_n\)} геометриялық прогрессияның бірінші мүшесін табыңыз.
-
Ықшамдаңыз: \(\frac{sin46º-sin44º}{cos44º-cos46º}\)
-
Суретте кескінделген нүктелер жиыны қандай теңсіздіктер жүйесін беретінін анықтаңыз
-
Фукнцияның анықталу облысын табыңыз:
\(3log_{0,5}(8-2x)+\sqrt[3]{2+x}\)
-
\(ABC\) үшбұрышының төбелері берілген: \(A(2;1),B(3;4),C(2;5).\: BK\) медианасының теңдеуін жазыңыз.
-
Төмендегі жауаптардың ішінен \(cos^2\alpha+(\frac1{1+ctg^2\alpha})\) өрнегінің мәніне тең бола алатын(дар)ын көрсетіңіз.
-
\(log_{x+1}(7x^2+1)=3\) теңдеуінің түбірі бола алатын сан(дар)ды көрсетіңіз
-
Төмендегі жауаптардың ішінен \(\begin{cases}cos(x+y)=1,\\cos(x-y)=-1\end{cases}\) теңдеулер жүйесінің шешім(дер)ін табыңыз
-
Автобус екі қала арасын 60 км/сағ жылдамдықпен жүрсе 3,5 сағ жүреді. Егер автобус жылдамдығын 10 км/сағ-қа арттарса, онда осы қашықтықты жүруге кеткен уақыттың сандық мәні (сағатпен) жатқан аралықт(-ард)ы көрсетіңіз.
-
\(\sqrt{\frac{3x-1}{2-x}}>1\) теңсіздіктің шешім(дер)і болатын жауап(тар)
-
\(\begin{cases}0,5x-2y=-2\\lg(x-y)=2-lg5\end{cases}\) теңдеулер жүйесін шешіңіз
-
Интегралды есептеңіз: \(\int\limits^{27}_8\frac{dx}{\sqrt[3]{x^2}}\)
-
\(ABCD\) параллелограмының периметрі 46 см, \(AB=9\: см. \: A\) бұрышының биссктрисасы оның \(BC\) қабырғасын екі бөлікке бөледі. Осы бөліктердің ұзындықтарын табыңыз.
-
\(f(x)=\frac1{1+tg^24x}-\frac1{1+ctg^24x}\) функциясының алғашқы функциясы бола алатын жауап(тар)
-
\(\stackrel{\to}{a}(-1;2x;x^2);\stackrel{\to}{b}(4;m;m)\) векторлары x-тің кез-келген мәнінде доғал бұрыш жасайтын болса, төмендегі жауаптардың ішінен m параметрінің бүтін мәніне тең боалтын(дар)ын анықтаңыз
-
\(\begin{cases}tgx+2ctgy=3\\2tgx-ctgy=1\end{cases}\) теңдеулер жүйесін шешіңіз.