iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Көрсеткіштік функция, қасиеттері
Көрсеткіштік функция, қасиеттері.
1. y = ax түріндегі функция, (мұндағы a ≠ 1, a > 0) көрсеткіштік функция деп аталады.
2. y = ax функциясы a > 1 болғанда, келесі қасиеттер:
а) анықталу облысы: кез-келген нақты сандар жиыны;
б) мәндер облысы – оң сандар жиыны;
в) өспелі функция;
г) x = 0-ге тең болғанда, функция мәні 1-ге тең;
д) егер x > 0, онда ax > 1;
е) егер x < 0, онда 0 < ax < 1;
3. y = ax функциясы 0 < a < 1 болғанда, келесі қасиеттер:
а) анықталу облысы: кез-келген нақты сандар жиыны;
б) мәндер облысы – оң сандар жиыны;
в) кемімелі функция;
г) x = 0-ге тең болғанда, функция мәні 1-ге тең;
д) егер x > 0, онда 0 < ax < 1;
е) егер x < 0, онда ax > 1.
-
Функцияның мәндер облысын табыңыз.
\(y=17^{x-1}\)
-
Функцияның мәндер облысын табыңыз.
\(y=\frac{1}{2}-2^x\)
-
Функцияның мәндер облысын табыңыз.
\(y=-(\frac{1}{2})^x+1\)
-
Функцияның мәндер облысын табыңыз.
\(y=2^{|x|-1}\)
-
Функцияның мәндер облысын табыңыз.
\(y=-2^{|x|-1}\)
-
Берілген функциялардың қайсылары нақты сандар жиынында өсетін функция екенін көрсетіңіз.
-
Функцияларды қасиеттеріне дұрыс сәйкестендіріңіз.
Қасиеті
Функция
A) Өспелі
1) \(y=\Big(\frac 15\Big)^x\) Б) Кемімелі 2) \(y=(\sqrt 3)^x\) 3) \(y=sin \ x\) 4) \(y=(\sqrt 5 - 2)^x\) 5) \(y=|x|\)