iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Кез келген бұрыштың тригонометриялық функциялары. Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер
Синус функциясы I, II ширектерде оң, ал III, IV ширектерде теріс мәндер қабылдайды, әрі тақ функция, яғни sin(–x) = –sinx, ең кіші оң периоды 2π.
Косинус функциясы I, IV ширектерде оң, ал II, III ширектерде теріс мәндер қабылдайды, әрі жұп функция, яғни cos(–x) = cosx, ең кіші оң периоды 2π.
Тангенс функциясы ширектерде I, III оң, ал II, IV ширектерде теріс мәндер қабылдайды, әрі тақ функция, яғни tg(–x) = –tgx, ең кіші оң периоды π.
Котангенс функциясы I, III ширектерде оң, ал II, IV ширектерде теріс мәндер қабылдайды, әрі тақ функция, яғни ctg(–x) = –ctgx, ең кіші оң периоды π.
Тригонометрияның негізгі формулалары:
\(1.\ sin^2x+cos^2x=1;\ x\in R.\\ 2.\ tgx=\frac{sinx}{cosx};\ cosx\neq0.\\ 3.\ ctgx=\frac{cosx}{sinx};\ sinx\neq0.\\ 4.\ tgx\cdot ctgx=1.\\ 5.\ 1+tg^2x=\frac{1}{cos^2x};\ cosx\neq0.\\ 6.\ 1+ctg^2x=\frac{1}{sin^2x};\ sinx\neq0.\)
-
sin 810\(^\circ\) мәнін есептеңіз.
-
ctg1140\(^\circ\) мәнін есептеңіз.
-
\(\cos\frac{43\pi}{6}\) мәнін есептеңіз.
-
sin300\(^\circ\) мәнін есептеңіз.
-
\(ctgx=-\frac{3}{4};\) егер \(\frac\pi2\)
-
1 + tg2α – tg2α · (cos2α + 1) өрнегін ықшамдаңыз.
-
\(ctgx=-\frac{3}{4};\) егер\(\ \frac{\pi}{2}\)
болса, tgx? -
\(ctgx=-\frac{3}{4};\) егер \( \frac{\pi}{2}\) болса, \( \sin x?\)
-
(cosα + sinα)\(^2\) – 2tgα · cos\(^2\)α өрнегін ықшамдаңыз.
-
Есептеңіз.
\(tg (arcsin(sin \ 44760^\circ)+arccos(sin 12390^\circ)).\)
-
\(\cos 4; \cos 7 ; \cos9; \cos (-12,5)\) берілген. Осы сандарды өсу ретімен орналастырыңыз.