 
      iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Функцияның өсу (кему) аралығы, кризистік нүктелері мен экстремумдары
y = f(x) функциясының өсу аралығын анықтау үшін: f'(x) ≥ 0 теңсіздігін шешу қажет.
y = f(x) функциясының кему аралығын анықтау үшін: f'(x) ≤ 0 теңсіздігін шешу қажет.
Функцияның кризистік нүктесін табу үшін, функцияның туындысын тауып, оны 0-ге теңестіреміз, табылған тәуелсіз айнымалының мәндері кризистік нүктелер (хкр) деп атайды.
Функцияның туындысын нольге айналдыра алатын, әрі таңбасы плюстен (+) минусқа (–) ауысатын нүктелерді максимум (минимум) нүктелері (немесе қысқаша -экстремум нүктелері деп те атайды), яғни xmax, xmin деп белгілейді.
Ал функцияның экстремумдарын табу үшін: табылған экстремум нүктелерін берілген функцияның тәуелсіз айнымалысының орынына қойып, сәйкесінше максимум нүктеге функцияның максимум нүктесі табылады және сәйкесінше минимум нүктеге функцияның минимум нүктесі табылады, яғни ymax(xmax), ymax(xmin) есептеп табуымыз керек.
- 
                            \(y=\frac{(x-3)^2}{x^2}\) функциясының а) кризистік нүктелерін б) экстремум нүктелерін в) экстремумдарын табыңыз. 
- 
                            \(y=\frac{x-1}{x^2-2x+2}\) функциясының а) кризистік нүктелерін б) экстремум нүктелерін в) экстремумдарын табыңыз. 
- 
                            \(y=\frac{x^3}{3}-\frac{x^2}{2}-2x+3\) функциясының а) өсу б) кему аралығын табыңыз. 
- 
                            y = x\(^3 \) · e\(^x\) функциясының а) өсу б) кему аралығын табыңыз. 
- 
                            y = x\(^2\) – ln(1 + 2x) функциясының а) өсу б) кему аралығын табыңыз. 
- 
                            y = e–x · sinx, 0 < x < π аралығында функцияның а) өсу б) кему аралығын табыңыз. 
- 
                            \(y=\frac{1-x}{(x-2)^3}\) функцияның а) өсу б) кему аралығын табыңыз. 
- 
                            \(y=\frac{3x}{x^2+4x+4}\) функцияның а) өсу б) кему аралығын табыңыз. 
- 
                            \(y=\frac{x^2+2x}{x-1}\) функцияның а) өсу б) кему аралығын табыңыз. 
- 
                            y = x2 · ex функциясының а) кризистік нүктелерін б) экстремум нүктелерін в) экстремумдарын табыңыз. 
- 
                            \(y=\frac{1}{(x-1)(x-4)}\) функциясының а) кризистік нүктелерін б)экстремум нүктелерін в) экстремумдарын табыңыз. 
- 
                            y = x2 · ex функциясының а) кризистік нүктелерін б) экстремум нүктелерін в) экстремумдарын табыңыз. 
- 
                            Берілген \(y=\frac{lnx+2}{x}\) функциясының а) кризистік нүктелерін б) экстремум нүктелерін в) экстремумдарын табыңыз. 
- 
                            \(y' = (x-3)^2(x+4)(x-7)^3\) туындысы берілген функцияның өсу, кему аралығын, экстремум нүктелерін табыңыз. 
- 
                            \(y' = (x+2)^3(x-5)^2(x+8)\) туындысы берілген функцияның қасиеттеріне байланысты дұрыс сәйкестікті анықтаңыз. Функция қасиеттері. Өсу аралығы A Кему аралығы B Экстремум нүктелер C Мүмкін жауаптар 1) \([-8;-2]\) 2) \((-\infty;-8]\cup[2;+\infty)\) 3) \(x_{max}=-8; \ x_{min = -2}\) 4) \([-8;5]\) 5) \(x_{max}=-2; \ x_{min} = 5\) 
- 
                            \(f(x)=3x^4+8x^3-90x^2+10\) функциясының өсу және кему аралықтарын табыңыз. 
- 
                            Көлемі \(V_0\) материалдан жасалатын көлемі ең үлкен болатын цилиндр тәрізді ыдыстың радиусы мен көлемі қандай екенін табыңыз (ыдыстың үсті ашық, қалыңдығы – \(δ\)). 
 
                             
                