
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
34-нұсқа
Химиялық кинетика
Химиялық реакциялар әр түрлі жылдамдықпен жүреді. Бір химиялық реакциялар өте баяу жүреді, кейбірі өте аз, ал кейбірі қопарылыс бере ілезде өтеді. Химиялық реакция жылдамдығына: әрекеттесуші заттардың концентрациясы, температура, катализатор, әрекеттесуші заттардың жанасу беті, қысым әсер етеді.
Егер, химиялық реакция біртекті ортада жүрсе, мысалы ерітіндіде немесе газдар арасында жүретін болса, олар гомогенді реакция, ал әртекті қосылыстар арасындағы реакциялар – гетерогенді болып табылады.
Гомогенді реакцияның жылдамдығы заттардың бірінің концентрациясының белгілі бір уақыт бірлігінде өзгеруімен сипатталады.
Гетерогенді реакцияның жылдамдығы уақыт бірлігі мен жанасу беті ауданының бірлігіндегі зат мөлшерінің өзгеруімен сипатталады. Гомогенді реакциялар бүкіл көлемде, гетерогенді реакциялар фазалардың бөліну бетінде жүреді.
-
Химиялық реакция жылдамдығына әсер етпейтін фактор
-
Гетерогенді химиялық реакция
-
А затының 10 минутта айырылуы нәтижесінде концентрациясы 0,8 моль/л-ден 0,6 моль/л-ге дейін азайған кездегі реакция жылдамдығы
-
Сутектің броммен реакциясында бастапқы заттардың концентрацияларын екі есе арттырса реакция жылдамдығы артады
-
Белсендірілген көміртек катализаторы арқылы ацетиленнің тримерленуі кезінде 390 г бензол алынды. Өнімнің практикалық шығымы 80%. Реакцияға түскен ацетиленнің (қ.ж.) көлемі