Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

35-нұсқа

Конспект

Электртерістілік

Электртерістілік – химиялық қосылыстағы элемент атомдарының ортақ электрон жұбын өзіне тарту қабілетінің өлшемі. Металдар үшін электртерістіктің мәні екіден кем, ал бейметалдар үшін екіден жоғары. Электртерістілігінің мәні ең үлкені – фтор, ол төртке тең. Период бойынша солдан оңға қарай электртерістік артады, ал негізгі топшада төменнен жоғары қарай артады. Осыған орай периодтық жүйеден кез келген екі элементтің қайсысының электртерістілігі күшті екенін айтуға болады.

Химиялық реакциялар кезінде электрондар электртерістілігі үлкен элементтердің атомына қарай ауысады немесе ығысады. Электртерістілік арқылы химиялық байланыс табиғатын және қасиеттерін сипаттауға болады.

Химиялық байланыс атомдардың валенттік электрондарының қайта бөлінуі нәтижесінде пайда болады. Электртерістілік мәнінде үлкен айырмашылық болатын атомдар арасында химиялық байланыс түзіледі. Нәтижесінде иондар немесе ортақ электрондар түзіліп, атомдар инертті газдардың электрондық конфигурациясын қабылдайды және тұрақты күйге ауысады.



Сұрақтар
  1. Иондық байланысты қосылыс

  2. Беріктігі жоғары қосылыс

  3. Электртерістілігі бірдей атомдардан түзілген қосылыс

  4. F, Cl, Br, I электртерістілік шамасы артатын қатар

  5. Массасы 14,2 г 3-ші периодтағы электртерістілігі ең жоғары элемент пен массасы 2,1 г IA топшадағы электртерістілігі ең жоғары металл өзара әрекеттескенде түзілген тұздың молекула саны

Қате туралы хабарландыру