
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
33-нұсқа
Алкиндер
Алкиндер – құрамында бір-үш еселі байланысы бар, жалпы формуласы \(C_nH_{2n-2}\) болатын қанықпаған көмірсутектер. Құрамында үш байланысы бар ең қарапайым көмірсутек – этин немесе ацетилен \(C_2H_2\). Бірінші мүшесі ацетиленнен \(C_2H_2\) басталатындықтан, алкиндер ацетиленді көмірсутектер деп те аталады.
Алкиндер үш байланыс жанындағы көміртек атомы sp-гибридтенген күйде болады. Ацетилен молекуласындағы атомдардың бәрі 180° бұрыш жасап, бір түзудің бойында орналасады. Гибридтенуге қатыспаған екі p-орбитальдары өзара перпендикуляр жазықтықтарда орналасып, екінші көміртек атомының осындай орбитальдарымен арасында екі \(\pi\)-байланыс түзіледі. Яғни, ацетилен молекуласындағы екі көміртек атомының арасындағы үш байланыстың біреуі \(\sigma\)-, екеуі \(\pi\)- байланыстан тұрады. Үш байланыстың ұзындығы 0,120 нм, байланыс энергиясы 830 кДж/моль. Алкиндер қосылу, полимерлеу, орынбасу және тотығу реакцияларына түседі.
-
Ацетилен молекуласындағы барлық байланыс саны
-
Алкиннің формуласы
-
Ацетиленді толық жағу үшін ауаның 22,4 л көлемі жұмсалса, түзілген судың массасы. (Оттектің көлемдік үлесі 20%)
-
\(C_4H_6\xrightarrow{H_2(2\;моль),\;Pt}A\) \(\xrightarrow{Cl_2,h\upsilon}B\xrightarrow{KOH(спирт)}C_4H_8\) B – заты
-
4,1 г этилен мен ацетиленнің қоспасын толық жаққанда 4,5 г су және 6,72 л көмірқышқыл газы түзілсе, бастапқы қоспадағы газдардың көлемдері (л)