
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
32-нұсқа
Көксағыз
Көксағыз – майысқақ созылғыш, серпімді, үйкеліске төзімді, берік эластикалық материал. Негізінен, резеңке алу және резеңке бұйымдар жасау үшін қолданылады. Табиғи көксағыздың қоры шектеулі болғандықтан, 1932 жылдан бастап синтездік жолмен көксағыз өндіріле бастады. Ең алдымен бутадиен пайдаланды. Бутадиен алу үшін шикізат ретінде этил спирті пайдаланды. Бутадиенді көксағыздың қасиеті табиғи көксағыздан нашар болды. Кейіннен синтезделген изопренді көксағыз табиғи көксағыздан майысқақтығы жөнінен төмен болды. Мәселе оның стереоқұрылысында болып шықты. Құрылыстары стереотұрақты изопренді және дивинилді көксағыз өндіру – органикалық синтез өнеркәсібі табыстарының айқын көріністерінің бірі. Қазіргі кезде көксағызды синтездеуге мұнай газдары мен мұнайдың өңделген өнімдерінде болатын көмірсутектер пайдаланылады.
Температураның, еріткіштердің және әр түрлі химиялық реагенттердің әсеріне тұрақты болу үшін көксағызды вулканизациялайды. Вулканизациялауға тек күкірт қана емес, күкірттің қосылыстарын, күйені, борды қосады.
-
Изопреннің молекулалық массасы
-
Көксағызға тән емес қасиеттер
-
Құрылымдық буын саны 600-ге тең бутадиенді көксағыздың бір молекуласын синтездеуге жұмсалатын этанолдың массасы (кг)
-
\(C_2H_5OH\rightarrow A\rightarrow\) \((-CH_2-CH=CH-CH_2-)_nA\) – затының атауы
-
Әр сатыдағы өнімнің шығымы 85% болса, 1,7 т бутадиенді көксағыз алу үшін жұмсалған этил спиртінің массасы (т)