Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Бейорганикалық химия: 14(IVА) бейметалдар және оның қосылыстары

Конспект

Төртінші негізгі топшаға немесе ІV А тобына көміртегі С, кремний Si, германий Ge, қалайы Sn, қорғасын Pb жатады. Бастапқы екі элемент – көміртегі мен кремний металл еместер, ал қалғандары металдарға жатады.

Топша элементтері (қорғасыннан басқалары) сутегімен ЭН4 типтес қосылыстар түзеді: СН4 – метан, SiH4 – силан, GeH4 – германсутек, Sn – қалайысутек.

Топша бойынша элементтердің реттік нөмірлерінің өсуіне байланысты металл еместік қасиеттері кемиді де, металдық қасиеттері арта береді. СН4 – тен SnH4-ке қарай сутекті қосылыстардың тұтастығының кемуі осы қасиеттерімен түсіндіріледі.

 

Көміртегі.

Көміртегінің табиғатта таралуы. Көміртегі табиғатта бос күйінде де, қосылыс күйінде де кездеседі. Көміртегі тас көмірдің, қоңыр көмірдің, мұнайдың, табиғи газдың құрамына кіреді.

Көміртегінің химиялық қасиеттері. Көміртегінің екі аллотропиялық түр өзгерістері бар, оларға алмаз бен графит жатады, ал жасанды жолмен алынған түр өзгерістерін – карбин және полукумулин дейді.

Алмаз бен графиттің физикалық қасиеттеріне елеулі айырмашылық болатынын олардың құрылыстарының әртүрлілігімен анықталады.

Алмазда көміртегінің әрбір атомы басқа атомдармен төрт гибридті сигма ковалентті байланыс арқылы 1090 бұрыш жасай байланысады. Осының нәтижесінде көміртегінің барлық атомдары бір-бірімен ұзындығы 0,154 нм байланыс арқылы тұтас үш өлшемді макромалекула түзеді. Осындай құрылыс алмазға өте мөлдірлік, аса қаттылық қасиет береді. Қаттылығы жөнінен алмаз барлық заттардың ішінде бірінші орын алады.

1960 жылдан бері көміртегінің жасанды түрі өзгерістері карбин мен поликумулен синтезделді.

Карбинде көміртегі атомдары кезектесіп келетін үш және бір байланыс арқылы қосылатын болса, поликумуленде көміртегі атомдары өзара қос байланыс арқылы тізбектеседі.

  • С ≡ С − С ≡ С − С ≡ С − (карбин)
  • С = С = С = С = С = С = (поликумулен)

Құрамында көміртегі бар заттарды ауа қатыстырмай қыздырғанда, аморфты кокс көмір жатады, бұлардың құрылысы графит тәрізді.

Көміртегі химиялық қосылыстарда екі, төрт валентті, ал тотығу дәрежесі +2, +4 болады.

Көміртегінің барлық түр өзгерістері – аморфты көміртегі қыздырғанда, алмаз жоғары температурада (700 – 8000С) оттегімен әрекеттесіп оксидтер түзеді:

2С + О2 = 2СОС + О2 = СО2

Көміртегінің күкіртпен әрекеттесуі жылу сіңіре жүретін эндотермиялық реакция:

C + S = CS2 – 63 кДж

Көміртегі фтормен тікелей әрекеттеседі, ал оның басқа галогендермен қосылыстарын жанама жолмен алады.

C + F2 = CF2

S2 + 2Cl2 = CCl4 + 2S

Электр разряды кезінде көміртегі азотпен тікелей әрекеттесіп улы газ циан түзеді:

2C + N2 = C2N2

Циан қышқылының тұздарын цианидтер дейді және олар өте улы болады. Көміртегі жоғары температурада металдармен әрекеттесіп карбидтер

түзеді, мысалы Са + 2С = СаС2

Көміртегі оксидтері. Көміртегі (IІ) оксиді СО көміртегі жетімсіз мөлшердегі оттегімен әрекеттескенде немесе көміртегі (IV) оксидін қызған көмір арқылы өткізгенде түзіледі:

2С + О2 = 2СО СО2 + С = 2CO

Зертханада көміртегі (ІІ) оксидін құмырсқа қышқылын фосфор (V) оксидімен сусыздандыру арқылы алады:

НСООН → СО + Н2О СО түссіз, иіссіз, дәмсіз өте улы, тұз түзбейтін оксид.

Ӛзінің химиялық қасиеттері жөнінен көміртегі оксиді СО күшті тотықсыздандырғыш және қосылу реакциясына бейім келеді. Хлормен әрекеттесіп, фосген деп аталатын улы зат түзеді.

СО + Cl2 = COCl2

СО жанғыш газ болғандықтан, қыздырғанда ауада жанып, СО2-ге айналады.

2СО + О2 = 2CO2

Көміртегі (IV) оксиді СО2 түссіз, иіссіз, жанбайтын, жануды қолдамайтын газ, 1 л суда 1,7 л СО2 ериді.

Көміртегі оксидін өнеркәсіпте әктасты қыздырып, ыдырату арқылы алады:

СаСО3 = СаО + СО2

Зертханада көміртегі (IV) оксидін Кипп аппаратында мраморға немесе кальций карбонатына қышқылмен әрекет ету ретінде алады:

CaCO3 + H2SO4 = CaSO4 + CO2 + H2O

Жоғарғы температурада, катализатор қатысында, көміртегі (IV) оксиді сутегі арқылы метанға тотықсызданады.

СО2 + 4Н2 = CH4 + 2H2O

Көміртегі (IV) оксиді аммиакпен әрекеттесіп амидкөмір қышқылының тұрақсыз тұзын түзеді, ал бұл тұз қыздырғанда суды бөліп шығарып карбамидке немесе мочевинаға айналады.

СО2 + 2NH3 = CO(NH2)ONH4

CO(NH2)ONH4 = H2N – CO – NH2 + H2O

Кремний. Кремний табиғатта өте көп таралған элемент. Жер қыртысының 97% кремнийдің қосылыстарынан тұрады.

Кремнийді алу үшін, ақ қиыршық ұсақ құмды магниймен араластырып қыздырады:

SiO2 + 2Mg = 2MgO + Si

Кремнийдің сыртқы электрондық құрылысы 3s23p2, оның атомында sp3-гибридизация болады.

Химиялық қасиеті жағынан кремнийдің кристалдық түрі инертті, аморфты түрі реакцияға түседі. Фтормен қалыпты жағдайда, оттек, хлор, бром және күкіртпен 400 – 6000С, азот және көміртекпен өте жоғары температурада реакцияласады.

Жеке қышқылдар кремнийге еш әсер етпейді, қайта пассивтеніп кетеді, кремний HF мен HNO3 қоспасында ериді:

3Si + 4HNO3 + 18HF = 3H2SiF6 + 4NO + 8H2O

Сілтілердің әрекетінен кремний тұзға айналады:

Si + 2KOH + H2O = K2SiO3 + 2H2

Құм мен коксты тиісті мөлшерде араластырып қыздырса, кремний мен көміртектің қосылысы – кремний карбиді SiC түзіледі, оны көбіне карборунд деп атайды.

SiO2 + 3C = SiC + 2CO

4Mg + SiO2 = Mg2Si + 2MgO

Mg2Si + 4HCl = 2MgCl2 + SiH4

Силан SiH4 – түссіз, ауада өзінен өзі тұтанып, жанып кететін газ, жанғанда кремний диоксиді және су түзіледі:

SiH4 + 2O2 = SiO2 + 2H2O

SiH4 басқа тағы бірсыпыра силандар деп аталатын кремнийсутекті қосылыстар – Si2H6, Si3H8, Si6H14 бар; бұлар метанның гомолог қатары сияқты.



Сұрақтар
  1. Көміртектің электрондық формуласы.

  2. Қандай заттардың кристалдарында көміртек атомдарының күйлері \(sp^2\) және \(sp^3\) гибридтелуімен сипатталады?

  3. Жай зат графиттің физикалық қасиеттері.

  4. Берілген реакциялардың қай нұсқасында көміртек тотықтырғыш қасиет көрсетеді?

  5. Мынадай затпен әрекеттесіп, көміртек тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді.

  6. Адсорбция дегеніміз не?

  7. Мына реакция ... нәтижесінде көміртек (ІІ) оксиді түзіледі.

  8. Өндірісте көміртек (ІІ) оксидін мынадай пештерде алады.

  9. Генератор газы мынадай ..... газдардың қоспасы.

  10. Сулы газ мынадай ... газдардың қоспасы.

  11. Берілген реакция теңдеуінде  \(C^{+2}O+Cu^{+2}O\rightarrow Cu^0+C^{+4}O_2\) тотықсыздандырғыштың алдындағы коэффициент.

  12. Көміртек (IV) оксидінің құрылымдық формуласы және көміртектің валенттілігі.

  13. Көміртек (IV) оксидінің ерекше қасиеттері: 1) әк сумен; 2) негіздік оксидтермен; 3) оттекпен; 4) магниймен әрекеттесуі; 5) фотосинтез процесіне қатысуы.

  14. Көміртек (IV) оксиді мына заттар тобымен әрекеттеседі.

  15. Көміртек (IV) оксидін өрт сөндіруге қолданылады, себебі.

  16. “Құрғақ мұз” деп қай затты атайтынын көрсетіңіз.

  17. А және Х заттарды анықтаңыз.

    \(а) Na_2CO_3+2HCl\rightarrow 2NaCl+H_2O+A\\ә) A+NaOH=X\)

  18. Лабораторияда көмірқышқыл газын мына реакция көмегімен алады.

  19. Көміртек (IV) оксидін қай заттың көмегімен анықтауға болатынын көрсетіңіз.

  20. Көмір қышқылы мен кремний қышқылының ұқсастығы мен айырмашылығы.

  21. Cu + HNO\(_{3конц}\)\(\rightarrow\) = ? + + NO +…+… ? молекулалық теңдеуіндегі түзілетін өнімдерді және барлық коэффициенттердің қосындысын көрсетіңіз.

  22. Азотты қышқыл мен азот қышқылындағы азоттың тотығу дәрежесі(-лері).

Қате туралы хабарландыру