iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
8-нұсқа
-
80 г оттек фосформен әрекеттескенде түзілетін фосфор (V) оксидінің массасы
-
Күнделікті тұрмыс пен медицинада қолданылатын йодтың 5%-тік ерітіндісінің 50 граммындағы йодтың массасы
-
Ортофосфор қышқылының диссоциациялану процесінің бірінші сатысында түзілетін анион
-
Тотықтырғыштық та, тотықсыздандырғыштық та қасиет көрсететін элемент
-
0,3 моль глюкозадан алынған сорбиттің зат мөлшері
-
Медицинада емдік мақсатта құрамында 33 нейтрон, 27 электроны бар элементтің изотобын пайдаланады. Осы элемент
-
Химиялық айналым тізбегінде \(FeO→FeCl_2→Fe(OH)_2\) массасы 22,5 г темір (II) гидроксиді түзілсе, реакцияға түскен темір (II) оксидінің массасы (г)
-
34,5 г калий карбонатына 14,6 г тұз қышқылымен әсер еткенде түзілген газды кальций гидроксидінің ерітіндісі арқылы өткізгенде түскен тұнбаның массасы
-
80% метаны бар 1 м³ (қ.ж.) табиғи газдан түзілген ацетиленнен алынатын этанолдың зат мөлшері
-
Күрделі затқа жатпайды
-
Көміртектің аллотропиялық түрөзгерістері
-
Олеин қышқылында қос байланыс көміртек атомдарының арасында түзіледі
-
Құрамында 5,6 л бутадиен және 11,2 л пропадиен бар қоспа толық гидрлену үшін қажет сутектің мөлшері (моль)
-
Сутек бойынша салыстырмалы тығыздығы 15-ке тең органикалық заттың 3,75 г жаққанда, 2,25 г су буы мен 5,5 г \(CO_2\) түзілді. Заттың молекулалық формуласы
-
Ең берік байланыс
-
47 г мыс (II) нитраты ерітіндісіне натрий гидроксиді ерітіндісін құйғанда түзілген қоспаны қыздырғанда бөлінген оксидтің мөлшері (моль)
-
Судың кермектігін магний мен кальций тұздары (магний хлориді және кальций гидрокарбонаты) тудырады. Тұздардың құрамындағы кальций мен магнийдің массалық үлестері (%)
-
S элементінің мүмкін болатын валенттілік(тер)і
-
Табиғи полимер
-
Өзара әрекеттесуі нәтижесінде тұз және су түзілетін заттары қатары
-
\(Cl_2+CH_3-COOH→\) реакция өнімі
-
Тұздардың балқымаларының құрамынан таза металды алу әдісі
-
Күкірттің аллотропиялық түрөзгерісінің саны
-
0,1 моль нитробензол алу үшін қажетті бензолдың массасы
-
Тек катион бойынша гидролизденетін тұз(дар)
-
\(Cl_2\xrightarrow{1\;}HCl\xrightarrow{2\;}Cl_2\xrightarrow{3\;}KClO_3\xrightarrow{4\;}O_2\) сызбанұсқаға сәйкес реагенттердің қатысу реті
-
Натрий гидроксидімен әрекеттескенде тұнба түседі
-
196 г сұйытылған күкірт қышқылы әрекеттесетін мырыштың массасы (г)
-
Алюминий мен мыстан тұратын массасы 6 г қоспаны күкірт қышқылымен өңдегенде 5,6 л (қ.ж.) сутек газы бөлінді. Қоспа құрамындағы мыстың массалық үлесі (%)