iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
3-нұсқа
-
Әлсіз электролиттердің диссоциациялану дәрежесі
-
Протон саны 7-ге тең элемент
-
Бутанальдың класаралық изомері
-
Mn және Cr атомдарының нейтрондардың қосындысы
-
Үшіншілік спирт
-
Реакция заттардың агрегаттық күйіне қарай жіктеледі
-
10 г кальций ауада жанғанда түзілетін кальций оксидінің массасы
-
Ацетиленнің құрамындағы көміртек пен сутектің массалық үлестері
-
74 г кальций гидроксиді мен күкірт қышқылы әрекеттескенде түзілген тұздың массасы (г)
-
Сиыр, жылқы сүтінің құрамында сүт қышқылы болады. Сүт қышқылындағы оттектің массалық үлесі (%)
-
\(CuS+3O_2\rightarrow2CuO+2SO_2+2920\) кДж химиялық реакция жылдамдығын арттыру
-
Батпақ немесе кеніш газы деп аталатын қосылыс
-
Ерітінділері сілтілік орта көрсететін заттар
-
Концентрациясы 0,1 моль/л темір (III) нитратының диссоциациялану дәрежесі 80% болса, \(Fe^{3+}\) ионының концентрациясы
-
Батыс Қазақстанда мұнай өндіретін жерлерде мұнайға ілеспе газдың құрамында күкіртсутек көп кездеседі. 8 г күкіртпен 10,5 г темірді қосып балқытты. Алынған өнімді тұз қышқылымен өңдеді. Түзілген күкіртсутек (қ.ж.) көлемі
-
10% қоспасы бар 355,5 кг кальций карбидінен практикалық шығым 70% алынатын ацетальдегидтің зат мөлшері
-
4,5 г алюминиймен әрекеттесетін 5%-дық күкірт қышқылының ерітіндісінің массасы
-
3,75 моль метанол тотыққанда (практикалық шығым 80%) түзілген метанальдан 200 г ерітінді алынды. Ерітіндегі метанальдың массалық үлесі
-
Массасы 15,8 г калий перманганатын қыздырғанда түзілген оттекпен фосфорды жаққанда түзілген оксидтің массасы (г)
-
Метилформиатқа классаралық изомер болатын А затынан сарғылт жасыл түсті Б газын өткізгенде С заты түзіледі, осы затты аммиакпен әрекеттестіргенде түзілетін Д заты
-
Ерітінділердегі химиялық реакция жылдамдығына әсер етпейтін фактор(лар)
-
\(N_2+3H_2\Leftrightarrow2NH_3\)
Берілген реакцияның тепе-теңдігін аммиак шығымын көбейтуге әсер ететін жағдай
-
11,7 г натрий хлориді концентрлі күкірт қышқылымен әрекеттескенде түзілген (қ.ж.) хлорсутектің көлемі
-
30 г глюкозаны 130 г суда ерітті. Алынған ерітіндідегі глюкозаның массалық үлесі (%)
-
Кучеров әдісі бойынша альдегид алу реакциясы
-
Диссоциациялану кезінде заряды «−» болатын 3 ион түзетін зат(тар)
-
2 моль кальций оттекпен әрекеттескенде түзілген кальций оксидінің массасы
-
Алкан мен алкинді ажырату үшін қолданылатын реагент(тер)
-
Бірнегізді карбон қышқылының 4,8 г бейтараптауға KOH-нің 16,95 мл 22,4%-дық ерітіндісі (\(\rho\) = 1,18 г/мл) жұмсалған. Қышқылдың формуласы
-
Дегидрлегенде 134,4 л (қ.ж.) сурек бөлінсе, жұмсалған циклогексанның және түзілген бензолдың массасы (г)