Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

4-нұсқа



Сұрақтар
  1. Тепе-теңдікті өнім жаққа ығыстыру үшін

    \(N_{2(г)}+3H_{2(г)}\leftrightarrow2NH_{3(г)}+Q\)

     

  2. Күміс айна реакциясына түсетін зат

  3. Метанның сутек бойынша тығыздығы

  4. Ауа бойынша тығыздығы 1,517 болса, заттың молекулалық массасы

  5. Отын толық жанбағанда түзілетін улы газ

  6. Найзағайлы жаңбыр кезіндегі электр разрядтарының немесе қылқанжапырақты ағаштардың шайыры тотыққанда түзілетін, ауаға жағымды иіс беретін заттың массасы 160 г озон алуға қажетті озонатрдан өткізілетін оттектің массасы

  7. Өндірісте ацетиленді алатын реакция

  8. Цементті клинкер өндірісіндегі шихтаның құрамына кальций, кремний, темір, алюминий және магний оксидтері кіреді. Шихтаны тұз қышқылымен өңдегенде өзгеріске ұшырамайтын оксид

  9. Химиялық айналым тізбегінде \(Na\rightarrow NaOH\rightarrow Na_2SO_4\rightarrow BaSO_4\) массасы 46,6 г барий сульфаты тұнбаға түскен болса, реакцияға қажетті натрийдің массасы (г)

  10. 92,8 г май қышқылының этил эфирін дайындау үшін қажет май қышқылының массасы

  11. \(C\rightarrow X\rightarrow C_2H_2\rightarrow Y\rightarrow C_6H_5Cl\rightarrow C_6H_5OH\rightarrow Z\) айналымдағы белгісіз X, Y, Z заттар

  12. Метальдегид тұрмыста «құрғақ спирт» деп аталатын отын ретінде қолданылады. Құрмаында 4% қоспасы бар 8,5 г кальций карбидінен алынған ацетилен Кучеров реакциясы арқылы альдегидке айналдырылды. Алынған альдегидпен күміс (I) оксидінің аммиактағы ерітіндісі әрекеттескенде бөлінетін күмістің массасы (г)

  13. Периодтық кестедегі период түр(лер)і

  14. Химиялық кинетиканың негізгі заң(дар)ы

  15. III A топтың тотығу дәрежелері

  16. Оттектің массалық үлесі 40%-дан аз оксид(тер)

  17. Молекулалық құрылысты элемент атомдарының (қ.ж.) электрондық конфигурациясы

  18. Фосфордың \(P^{-3}\) ионындағы электрон саны

  19. Бейорганикалық заттардың органикалық заттарға айналуын көрсететін реакция теңдеу(лер)і

  20. Массасы 500 г 5%-тік натрий гидроксиді ерітіндісін дайындау үшін қажетті 10%-тік сілті ерітіндісінің (\(\rho\) = 1,09 г/мл) массасы мен көлемі

  21. Халықаралық атаулар жүйесі бойынша альгегидтер атауларының жалғауы

  22. Алкандармен орынбасу реакция кезінде қопарылыс түзе жүретін зат

  23. \(2C_2H_2+5O_2\rightarrow 4CO_2+2H_2O+\) 2600 кДж

    11,2 л (қ.ж.) ацетилен жанғанда бөлінетін жылу мөлшері

  24. Этиленгликольді қату температурасы төмен болғандықтан автомобильдердің радиаторына құятын, қыста қатпайтын сұйық зат антифриз дайындау үшін пайдаланады. Құрамында 20% қоспасы бар 7,75 г этиленгликольге металл натриймен әсер еткенде түзілетін сутектің зат мөлшері (моль)

  25. Мырыш сульфиді мен азот қышқылының әрекеттесу реакциясының белгісі

  26. Метанальмен поликонденсация реакциясы нәтижесінде полимер беретін қосылыс

  27. Мұнайды өңдегенде ароматты көмірсутекке айналатын циклоалкан

  28. 2 моль метан газы 2 моль оттегінде жанғанда түзілген көміртек (IV) оксидінің көлемі (қ.ж.)(л)

  29. Молекула саны \(3,01\cdot10^{23}\) натрий карбонатының зат мөлшері, массасы

  30. Алкан молекуласындағы көміртек атомдарының арасындағы байланыс сипаттамасы

Қате туралы хабарландыру