Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Қаныққан көмірсутектер

Конспект

Қаныққан көмірсутектердің гомологтық қатары. Жалпы формуласы. Изомериясы. Номенклатурасы

Көміртегі мен сутегіден тұратын және әр көміртегі атомы көрші көміртегі атомымен тек бір валенттілік көрсетіп байланысатын қосылыстарды қаныққан көмірсутектер деп атайды.

Қаныққан көмірсутектер \(C_nH_{2n+2}\) жалпы формуласына сәйкес гомолог қатарын түзеді.

 

СН4 – метан

С2Н6 – этан

С3Н8 – пропан

С4Н10 – бутан

С5Н12 – пентан

С6Н14 – гексан

С7Н16 – гептан

С8Н18 – октан

С9Н20 – нонан

С10Н22 – декан

 

 

 

Бутаннан бастап структуралық изомерия басталады. С4Н10 – 2 изомер; С5Н12 – 3 изомер; С6Н14 – 5 изомер; С7Н16 – 9 изомер болса, ары қарай изомер саны тез өседі.

Изомерия – құрамы бірдей, құрылысы әр түрлі, сондықтан қасиеттері әр түрлі заттар. Структуралық изомерияда молекуладағы атомдар арасындағы байланыс валенттіліктеріне сәйкес болады.

Номенклатура – органикалық қосылыстарды атау. Органикалық химияда қосылыстарды атау үшін тривиальды, рациональды, систематикалық (жүйелік) номенклатуралар қолданылады. Алдымен ең ұзын негізгі тізбекті анықтайды, көмір атомын нөмірлеу кіші радикалдан басталады. Барлық көмірсутектердің метанмен ұқсас екенін көрсету үшін, олардың барлығының аттарына «ан» деген жалғау жалғанады. Қаныққан көмірсутектердің бір сутегісін алғанда, қалған қалдықты радикалдар деп атайды. Бір валентті радикалдарда – ан суффиксі – ил ауысады, метан-метил СН3 –; этан-этил С2Н5 – ; пентан-пентил (амил) С5Н9 – т.б. Мысалы,

 

 

\(CH_3-CH_2-CH_2-CH_2-CH_2-CH_3\)

\(~~~~~~~~~~~~~CH_3 \\ ~~~~~~~~~~~~~~~~| \\ CH_3-CH-CH_2-CH_2-CH_3\)

Гексан

2-метилпентан

 

диметилпропилметан

 

Кең таралған радикалдар

\(CH_3—~метил~~~~—CH_2—~~~~~метилен \\ ~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~\diagup \\ CH_3—CH_2— этил~~CH_3—CH ~~~~~~~этилиден \\ ~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~ \diagdown\)

 \(H_3C \\~~~~~~~~~\diagdown \\ ~~~~~~~~~~~~~~CH— ~~~изопропил~~~~~~~\\~ ~~~~~~~~\diagup \\ H_3C\)   

\(~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~\diagup \\ H_3C—CH_3—CH ~~~~~пропилиден\\ ~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~\diagdown\)

 

 Қаныққан көмірсутектердегі С – С және С – Н арасындағы байланыстары σ- байланыс болып табылады. Мұндай байланыстар берік және аз поляризацияланған, сондықтан қаныққан көмірсутектердің реакцияласу қабілеттілігі төмен. Қаныққан көмірсутектер қосылу реакциясына қатыспайды, тек қана орын басу реакциясына түседі.

 

 

Алкандарды алу

1. Көміртегі атомы 11-ге дейінгі алкандарды (С11) табиғи газды не мұнайдың бензинді фракциясын айдау арқылы алады.

2.Қанықпаған көмірсутектерді гидрлеу. Катализатор (Рd, Pt, Ni, CuO, Cr2О3) қатысында:

 



Сұрақтар
  1. Қаныққан көмірсутектердегі көміртек атомының гибридтелу түрі

  2. Қаныққан көмірсутектер молекуласындағы көміртек атомдары арақашықтығы арасындағы мен бұрышы

  3. Метан молекуласындағы С – Н  байланыстар түзіледі

  4. Этан молекуласындағы σ – байланыстар саны

  5. Алкандардың гомолог қатарына жататын көмірсутек

  6. Метан гомологтары орналасқан қатар

  7. Алкандарға тән изомерлену түрі

  8. Гептанның изомері емес қосылыс

  9. Өзара изомер қосылыстар

  10. Қосылыстың:  \(CH_3-CH_2-CH-CH-CH_3\\\;\;\;\;\;\;\;\;\;\;\;\;\;\;\;\;\;\;\;\;\;\;\;\;\;\;|\;\;\;\;\;\;\;\;\;|\\\;\;\;\;\;\;\;\;\;\;\;\;\;\;\;\;\;\;\;\;\;\;CH_3\;\;\;\;CH_3\)  халықаралық атау жүйесі бойынша аталуы

  11. Қосылыстың   \(CH_3-CH-CH_3\\\;\;\;\;\;\;\;\;\;\;\;\;\;\;|\\\;\;\;\;\;\;\;\;\;\;\;\;CH_3\)  көрші гомологының атауы

  12. Алкандарды синтездеу үшін алынатын бастапқы қосылыстар

  13. Вюрц реакциясы бойынша гептан алынатын қосылыстар

  14. Пропанның ауа бойынша салыстырмалы тығыздығы

  15. Қалыпты жағдайда сұйық күйде болатын көмірсутек

  16. Алкандарға тән емес реакция

  17. Пентанның жану реакциясы теңдеуіндегі стехиометриялық коэффициенттер қосындысы

  18. Көмірсутектің    \(\;\;\;\;\;\;\;H_2C-CH-C_2H_5\\\;\;\;\;\;\;\;\;\;\;\;\;\;\;|\;\;\;\;\;\;\;|\\CH_3-CH-CH_2\)  атауы                                           

  19. Циклобутан изомерлерінің саны

  20. Қаныққан көмірсутектер нөмірлері: 1. бутан   2. изобутан   3. циклобутан   4. бутен    5. ацетилен   6. толуол   7. бензол

  21. Жүйелеу номенклатурасы бойынша -ан, -ен, -ин жұрнақтары бар органикалық қосылыстардың кластары

  22. Келесі сызба-нұсқадағы бензол→ ХY метилбензол А түзілген А заты

Қате туралы хабарландыру