Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Қанықпаған көмірсутектер

Конспект

Қанықпаған көмірсутектер (алкендер)

Этилен көмірсутектері (алкендер не олефиндер) - бір қос байланысы бар, яғни қатар тұрған көміртек атомдары арасында екі валенттілік болатын заттар, олардың жалпы формуласы СnH2n , алғашқы көмірсутек этилен С2Н4, СН= СН2.

Алу жолдары.

1. Олефиндер мұнайда кездеседі, таза күйінде мұнайдан С6Н12-ден С13Н26 -ға дейінгі олефиндер бөлініп алынған.

2. Алкандарды дегидрогендеу арқылы, Сr2О3 катализатор болады.

\(CH_3-CH_2-CH_2-CH_3 \xrightarrow{Cr_2O_3,~300^ \circ C} CH_2=CH-CH_2-CH_3 ~(CH_3-CH=CH-CH_3)\)

 

3. Спирттерді дегидратациялап, катализатор – (Н2SO4, H3РO4 концентрлі, Р2O5, олар суды алады).

\(CH_3-\underset{этанол}{CH_2}-OH \xrightarrow {H_2SO_4} \underset{этилен}{CH_2}=CH_2+H_2O \)

Зайцев ережесіне сәйкес жүреді: сутегі сутегісі аз көміртегі атомынан алынады.

\(CH_3- \overset{H}{\underset{~~| \\ OH}{C}}-\underset{| \\ CH_3 }{CH}-CH_3 \xrightarrow{H_2SO_4} CH_3-CH=\underset{~~~| \\ CH_3 }{C}-CH_3+H_2O\)

4. Галогентуындылардангалогендерді не галогенсутектерді алу арқылы (сілтінің спирттегі ерітіндісі қатысында). Бұл жағдайда да реакция Зайцев ережесі бойынша жүреді:

 



Сұрақтар
  1. Өзгерістердегі:  \(CaC_2\overset{+H_2O}{\longrightarrow}\)\(X\overset{+H_2}{\longrightarrow}\) \(Y\overset{+H_2O}{\longrightarrow}\)  этанол белгісіз X және Y қосылыстары

  2. \(CH_2=C–CH=CH_2\\ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ |\\ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ CH_3\)қосылыстың атауы

  3. Берілген сызбанұсқадағы белгісіз қосылыстар \(X+H_2\rightarrow этан \overset{Cl_2(жарық)}{\longrightarrow}Y\overset{Na,t}{\longrightarrow}Z\)

  4. Алкендерге тән изомерлену түрлері   1. Көміртек қаңқасының; 2. Қос байланыс орнының; 3. Функционал топтық орнына байланысты; 4. Кеңістік изомерлену; 5. Класс аралық изомерлену

  5. \(CH_3–CH=C –CH_2–CH_3\\ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ | \\ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ CH_3 \)қосылысының халықаралық атаулар жүйесі бойынша атауы

  6. Этилен молекуласының гибридтену түрі мен құрылысы

  7. Салыстырмалы молекулалық массасы 84–ке тең алкеннің формуласы

  8. Гексеннің изомері

  9. Лабораторияда дегидратациялау арқылы этилен алынатын қосылыс

  10. Этиленді сапалық анықтауға болатын реагент

  11. Лебедев тәсілі бойынша синтетикалық бутадиен каучугі алынатын қосылыс

  12. Каучукті (көксағызды) вулканизациялағанда

  13. Каучукті (көксағызды) вулканизациялағанда

  14. Бутадиен – 1,3 қатынаса алатын реакциялар:   1) жану; 2) гидрогендеу; 3) бром суын түссіздендіру; 4) бромсутекпен әрекеттесу; 5) полимерлену

  15. Алкиндер молекуласындағы еселі байланыстың сипаты

  16. Ацетиленді өндірісте алуға болатын шикізат

  17. Айналу тізбегіндегі белгісіз X пен Y қосылыстары:\(CH_3–CH=CH_2\overset{HBr}{\longrightarrow}X\overset{NaOH(H_2O)}{\longrightarrow}Y\)

  18. Пропен мен бромсутек әрекеттескенде түзілетін қосылыс

  19. Этиленді калий перманганты ерітіндісі қатынасында тотықтырғанда түзілетін қосылыс

  20. Ацетиленге тән қасиеттерді көрсетіңіз

  21. Қанықпаған көмірсутек(-тер)

  22. Азот бойынша салыстырмалы тығыздығы 2 болатын 5,6 г көмірсутек жанғанда 8,96 л көмірқышқыл газы (қ.ж.) және 7,2 г су түзілді. Көмірсутектің формуласы

  23. Ацетиленге тән қасиет(-тер)

  24. Жалпы формуласы С\(_{n}\)Н\(_{2n}\) болатын зат (-тар)

  25. Алкен түзілетін реакциялар

  26. Алкен түзілетін реакциялар

Қате туралы хабарландыру