iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Көмірсулар
Жалпы мәліметтер, құрылысы
Көмірсулар табиғатта өте кең таралған және адам өмірінде аса маңызды роль атқарады. Олар қоректі заттардың құрамына кіреді, адамға қажетті энергия негізінен осы көмірсулармен толтырылады.
Ақуыздың биосинтезіне және тұқым қуалау қасиеттерінің берілуіне қажетті нуклеин қышқылдары осы көмірсулардың туындыларынан құралған. Әсіресе көмірсулар туындыларының фотосинтез процесінде маңызы зор.
Фотосинтез процесі деп қарапайым заттардан (Н2О және СО2) күн сәулесінің энергиясын пайдаланып жасыл пигмент хлорофильдің қатысуы арқылы көмірсулардың түзілуін айтады.
Фотосинтездің сызба нұсқасы:
\(6CO_2+6H_2O \xrightarrow{hv} C_6H_{12}O_6+6O_2\)
Реакция нәтижесінде түзілген глюкоза өсімдік организмінде түзілетін басқа заттардың (крахмал, май) негізі болып табылады.
Барлық өсімдіктер әлемінде жүріп жатқан фотосинтез процесінің үлкен экологиялық маңызы бар. Себебі жер шарының өсімдіктері 550 млрд тонна СО2 сіңіріп, 400 млрд тонна оттегіні бөліп шығарады.
Кейбір көмірсуларды химиялық жолмен өңдеу арқылы маталар, қопарылғыш заттар және т.б. алады.
Көмірсулардың жалпы формуласы: СmH2nOn, олардың қасиеттері оксиальдегидтер меноксикетондарғажуық. Өсімдіктердің құрғақ заттарының 80%, жануарлардың 20% көмірсулар үлесіне тиеді.
Моносахаридтер
Көмірсулар негізінен үш топқа бөлінеді: моносахаридтер, дисахаридтер, полисахаридтер.
Моносахаридтер деп молекуласында бір карбонил (альдегид немесе кетон) және бірнеше гидроксил топтары бар қосылыстарды атайды. Альдегид тобы бар моносахаридтер альдоздар, ал кетон тобы бар моносахаридтер кетоздар деп аталады.
Көмірсулар молекуласындағы көміртегі атомының санына байланысты былай бөлінеді:
3 көміртегі атомы болса - триоза – глицеральдегид және диоксиацетон;
4 көміртегі атомы болса - тетроза – эритроза және эритрулоза;
5 көміртегі атомы болса - пентоза – рибоза және рибулоза;
6 көміртегі атомы болса - гексоза – глюкоза және фруктоза.
Бұлардың ішінде ең көп тарағандары пентозалар мен гексозалар.
Биологиялық маңызы зор гексозаларға: глюкоза (жүзім қанты) – альдоза (альдоспирт), фруктоза (жеміс қанты)- кетоза (кетоспирт) жатады.
Моносахаридтер - қатты заттар, суда жақсы ериді, дәмі тәтті, реакция ортасы бейтарап. Монозалардың ациклді түрімен қатар циклді түрлері бар. Моносахаридтердің циклді түрлерін жарты ацетальді дейді. Сулы ерітінділерде екі циклді формалар – пираноза және фураноза болады.
Алты мүшелі цикл альдегид тобы ОН тобымен әрекеттескенде түзіледі, егер С5 болса, альдогексоза, С6 болса, кетогексоза түзіледі. Осындай циклдер пираноздар деп аталады.Бес мүшелі альдогексоз циклі түзілу үшін С4, ал С5 болса, кетогексоздар – фураноздар түзіледі.
-
Қопарылғыш заттар алуға қолданылатын көмірсу
-
Глюкозаның көп атомды спирт екенін дәлелдейтін реакция
-
Егер глюкозаның 70% - ы этил спиртіне айналса, массасы 1000 г 46%- дық спирт ерітіндісін алу үшін қажет глюкозаның массасы (г)
-
Айналулар: \(6CO_2+6H_2O\xrightarrow{hv}X\xrightarrow{ашу}Y\xrightarrow{k.H_2SO_4}Z\xrightarrow{+H_2}\) этан нәтижесінде түзілетін Z заты
-
Салыстырмалы молекулалық массаларының өсу реті бойынша орналасқан қатар
-
Гидролизге ұшырамайтын көмірсу
-
Сахарозаны гидролиздегенде түзіледі
-
Сахарозаның химиялық қасиеттері
-
Ацетат талшығын дайындайды
-
Крахмал мен целлюлозаның қарапайым буындарындағы гидроксил топтарының саны
-
Картоптағы крахмалдың массалық үлесі 20%, өнім шығымы 50% болса, сыйымдылығы 50 кг 2 қап картоптан алынған глюкозаның массасы
-
Глюкозаның массалық үлесі 10% массасы 900 г ерітіндісін даярлау үшін гидролизденетін сахарозаның массасы
-
Фотосинтез процесі нәтижесінде өсімдік 44,8 л (қ.ж.) көмірқышқыл газын сіңіргенде түзілетін глюкозаның массасы
-
Нәтижесінде глюкоза түзілмейтін реакция
-
Глюкозаға изомер көмірсу
-
Моносахарид глюкозаның құрамындағы функционал топтар
-
Құрамында көмірсулар болмайтын тамақ өнімі
-
Массасы 0,5 кг целлюлозаны толық эфирлеуге қажет массалық үлесі 80% сірке қышқылы ерітіндісінің (ρ = 1,6 \(\frac{г}{см^3}\)) көлемін табыңдар. Есептеуді целлюлозаның 1 қарапайым буынына есептеп жүргізу керек
-
Полисахарид (-тер)
-
Глюкозаның құрамында болатын функционалдық топ (-тар)
-
Берілген нұсқалардың ішіндегі дисахаридтер
-
Көмірсулар тотықсызданғанда түзілетін өнім (-дер)
-
Көміртектің массалық үлесі 40%-ға тең көмірсудың формуласы және молекулалық массасы
-
344 г крахмалдан алынатын сүт қышқылының массасы және зат мөлшері
-
162 г крахмалдан алынатын сүт қышқылының массасы және зат мөлшері
-
45 г глюкозадан қанша грамм магний карбонатын алуға болады?
-
90 г глюкозадан қанша грамм магний карбонатын алуға болады?