Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Аминдер мен амин қышқылдары нәруыздар және нуклеин қышқылдары

Конспект

Аминдер

Аминдерді аммиактағы сутегі атомдарының алкил (R-) топтарына алмасқан қосылыстар деп қарайды. Біріншілік, екіншілік, үшіншілік аминдерде 1, 2, 3 сутегі атомдары радикалдарға ауысқан.

Аминдердің изомериясы көміртек тізбегіндегі амин тобының орнына, олардың санына және азот атомымен байланысқан радикалдар құрылысына байланысты.

 

Аминдерді алу

1.Спирттер мен аммиактың буларын \(300^\circ C\) температурада катализатор \((Al_2O_3 ; ThO_2)\) арқылы өткізсе, аминдер қоспасы (біріншілік,екіншілік,үшіншілік) алынады:

\(R—OH+HNH_2 \xrightarrow{Al_2O_3,~ThO_2} R—NH_2+H_2O\)

2. Аммиакпен галогентуындыларға әрекет етсе, әр түрлі аминдер тұздарының қоспасы алынады.

 



Сұрақтар
  1. Барлық аминқышқылдары молекуласының құрамында болады

  2. Этиламинмен әрекеттестіріп 39,75 г этиламмоний хлоридін алуға қажет тұз қышқылының массасы

  3. Сутек бойынша тығыздығы 15,5-ке (қ.ж.) тең аминнің 5,6 литрін жағуға жұмсалатын оттектің көлемі

  4. Нитробензол   \(\xrightarrow{Fe+HCl}X\xrightarrow{+HCl}Y\)  айналуларындағы белгісіз қосылыстар

  5. Анилинді сапалық анықтауға арналған реактив

  6. Негіздік қасиеттері өсуі бойынша орналасқан аминдердің қатары

  7. Аминдерді алу үшін . . . әрекеттестіреді

  8. Құрамы \(C_3H_9N\) аминге сай келетін изомерлердің саны

  9. Келтірілген қосылыстардың ішіндегі  аминдердің формуласының саны   \(CH_3NO_2,\;\;\;CH_3NH_2,\;\;\;CH_3COOH,\;\;\;CH_3-NH-C_2H_5\)  ,  

    \(CH_3-CH-COOH\\\;\;\;\;\;\;\;\;\;\;\;\;\;\;|\\\;\;\;\;\;\;\;\;\;\;\;\;NH_2\)  ,        \(\;\;\;\;\;\;\;\;\;C_2H_5\\\;\;\;\;\;\;\;\;\;\;\;\;\;|\\CH_3-N-CH_3\)

  10. Берілген заттардың ішінде аминсірке қышқылымен әрекеттесетіндердің саны натрий, натрий гидроксиді, этанол, аланин, метан

  11. Аминқышқылдарының екідайлылығын дәлелдейтін реагенттер

  12. Аминсірке қышқылы мен этил спирті өзара әрекеттескенде түзілген күрделі эфирдің салыстырмалы молекулалық массасы

  13. 30 г сірке қышқылынан шығымы 60% хлорсірке қышқылы алынып, оған 6,72 л (қ.ж.) аммиак жіберілген. Нәтижесінде түзілген аминсірке қышқылының зат мөлшері

  14. Аминқышқылының  \(CH_3-CH_2-CH-COOH\\ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ | \\ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ NH_2\)    атауы

  15. Құрамында 46,6% көміртек, 31,1% оттек, 13,6 % азот және 8,7% сутек бар бір негізді \(\alpha\) -амин қышқылының формуласы

  16. Гидролизденгенде амин қышқылын түзетін қосылыс

  17. Келтірілген тұжырымдардың қайсылары нәруыздарды (белоктарды) сипаттайды:   1) гидролизденгенде әртүрлі α-аминқышқылдарының қоспасы түзіледі; 2) гидролиздегенде әр нәруыздың өзіне сай бір аминқышқылы түзіледі; 3) нәруыз құрамындағы аминқышқылдары қалдықтары карбоксил топтары әрекеттесуінен түзілетін күрделі эфирлік байланыстармен жалғасады; 4) нәруыз құрамындағы аминқышқылдары қалдықтары пептидтік байланыс арқылы жалғасады; 5) нәруыздар полипептидтік тізбегінде аминқышқылдары қалдықтары белгілі бір тәртіппен орналасады; 6) нәруыз тізбегі кеңістікте спираль тәрізді оратылады

  18. Нәруыздар концентрлі азот қышқылымен әрекеттескенде сары түстің пайда болуы оның құрамында . . . бар екенін дәлелдейді

  19. Нәруыздарды денатурация ұшырататын факторлар:   1) суда еруі;  2) қорғасын, сынап тұздар ерітінділерінің әсері;  3) концентрлі азот қышқылының әсері;  4) шайқап сілку;  5) қатты қыздыру

  20. Макромолекуласы нуклеотидтерден тұратын табиғи жоғары молекулалы қосылыстар

  21. Аминмай қышқылының изомері(-лері)

  22. Анилиннің қолданылуы

  23. Екіншілік амин

  24. Метиламин алынады

  25. Диаминдер

Қате туралы хабарландыру