iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Альдегидтер. Карбон қышқылдары. Эфирлер
Альдегидтер мен кетондар
Көмірсутек радикалдарымен байланысқан карбонил ( – СОН) тобы бар органикалық заттарды альдегидтер немесе кетондар деп атайды. Альдегидтерде карбонил тобы сутек атомымен және көмірсутек радикалымен байланысады. Жалпы формуласы R – CОН – альдегидтер, R – CО– R – кетондар. Альдегидтер мен кетондар қаныққан, қанықпаған, ашық және тұйық тізбекті болып бөлінеді.
Альдегидтердің изомериясы көміртегі атомдарының тізбегінің құрылысына байланысты, ал кетондардың изомериясы радикалдың құрылысына және карбонил тобының орнына байланысты атаулары:
СН3 – СН2 – СОН – метилэтаналь;
СН3 – СН2 – СН(СН3) –СОН – 2-метилбутаналь;
СН3 – (СН3)2С – СО – СН2 – СН3 – 2,2-диметилпентанон-3;
Химиялық қасиеттері
Альдегидтер мен кетондар көптеген химиялық реакцияға белсенді қатысады. Бұл карбонил тобындағы қос байланыстың біреуі σ-байланыс, ал екінші π-байланыс болғандықтан, электрон тығыздығы көміртек атомынан оттегі атомына қарай ығысып, поляризациялануынан болады. Сондықтан химиялық реакция кезінде карбонил тобы жоғарғы белсенділік көрсетеді. Олар қосып алу, алмасу, тотығу, полимерлену, конденсация реакцияларына қатысады.
1. Қосып алу реакциялары
а) Альдегидтер мен кетондар никель катализаторы қатысында сутегіні қосып алады. Бұл реакция бойынша альдегидтерден біріншілік спирт, ал кетондардан екіншілік спирт түзіледі.
ә) Альдегидтер аммиакпен әрекеттеседі, кетондар әрекеттеспейді
б) Көгерткіш қышқылды (НСN) қосып алу. Оксинитрилдер түзіледі.
в) Альдегидтер спирттерді қосып алып, жартылайацетальдар түзіледі.Егер реакцияны хлорлы сутек қатысында қыздыру арқылы жүргізсе, толық ацеталь түзіледі.
-
Нәтижесінде альдегид түзілмейтін реакция
-
11,2 л ацетиленнен (қ.ж) алынған ацетальдегидтің шығымы 80% болса, одан алынатын сірке қышқылының массасы қанша болады
-
Альдегидтер қатынасатын реакциялар: 1) сутекпен тотықсыздану; 2) күміс оксидімен тотығу; 3) поликонденсация; 4) полимерлену; 5) жану
-
Альдегидтерді сапалық анықтайтын реактив
-
15 г формальдегид пен 100 г күміс оксиді әрекеттескенде түзілетін күмістің массасы
-
Жеке сынауықтарда берілген этанол, глицерин формалинді қай реактивтің көмегімен тануға болатынын көрсетіңіз
-
Келтірілген изомерлену түрлері ішіндегі қаныққан бір негізді карбон қышқылына тән изомерлену түрлерінің саны: 1) көміртек қаңқасының изомериясы; 2) функционалдық топтың орны бойынша; 3) еселі байланыстың орны бойынша; 4) кеңістік изомерия; 5) класаралық изомерия
-
Халықаралық атаулар жүйесі бойынша карбон қышқылының атауы: \(CH_3-CH_2-CH-CH-COOH\\ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ | \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ | \\ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ CH_3 \ \ \ \ \ CH_3\)
-
Сәйкес альдегидтермен салыстырғанда карбон қышқылдарының қайнау температураларының жоғары болу себебі
-
Концентрациясы бірдей ерітіндіде қышқыл күштерінің төмендеу ретімен орналасқан қатар
-
Карбон қышқылдары спирттермен әрекеттескенде . . . түзіледі
-
Тығыздығы 0,8 \(\frac{г}{мл}\) 110 мл сірке қышқылының этил эфирін алу үшін қажет сірке қышқылының массасы
-
Құмырсқа және сірке қышқылдары ерітінділерін қандай реактивтің көмегімен ажыратуға болады
-
Айналудағы: \(CH_3COOH \overset{+CH_3OH}{\underset{H_2SO_4}{\longrightarrow}}\)X \(\overset{+NaOH}{\longrightarrow}\) Y + Z белгісіз X, Y, Z қосылыстары
-
Қалдығы табиғи майлардың құрамына кіретін қышқыл
-
Қалдығы сұйық майлардың құрамына кіретін қышқыл
-
Сұйық майды қатты майға айналдыратын реагент
-
Егер гидролизге майдың 80% массалық үлесі ұшырайтын болса, 4,6 т глицерин алуға қажетті таза триолеаттың массасы қанша болатынын көрсетіңіз
-
Бутанальдің барлық изомерлерінің саны
-
Нәтижесінде сабын түзілмейтін процесс
-
НСООН атауы
-
Аминбутан қышқылы әрекеттеседі
-
Валериан, капрон және бутан қышқылдарының формуласы (-лары)
-
Гомологтық қатарының жалпы формуласы C\(_{n}\)H\(_{2n+1}\)COOH болатын қышқыл
1. СН\(_{3}\) – (СН\(_{2}\))\(_{16}\) – СООН
2. СН\(_{3}\) – (СН\(_{2}\))\(_{5}\) – СООН
3. СН\(_{3}\) – (СН\(_{2}\))\(_{7}\) – СН = СН – (СН\(_{2}\))\(_{7}\) – СООН
4. СН\(_{3}\) – СН = СН – (СН\(_{2}\))\(_{7}\) – СООН
5. С\(_{17}\)Н\(_{31}\)СООН -
Күрделі эфирдің сілтілік гидролизі нәтижесінде түзілетін қосылыс (-тар)
-
Стеарин қышқылының қасиеті
-
Альдегидтер тотыққанда түзілетін зат (-тар)
-
Қанықпаған жоғары карбон қышқылдары
-
Қаныққан жоғары карбон қышқылдары
-
CH\(_3\)COOCH\(_3\) эфирінің аталудағы класаралық изомериясы
-
HCOOCH\(_3\) эфирдің класаралық изомериясы