Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Қазақстанның климаты

Конспект

Қазақстан аумағы солтүстік жарты шардың қоңыржай климаттық белдеуінде орналасқан. Қоңыржай климаттық белдеудің басқа климаттық белдеулерден айырмашылығы – жылдың төрт мезгілі (жаз, көктем, күз, қыс) айқын байқалады. Қазақстанның климаты қоңыржай – шұғыл континентті, яғни жазы өте ыстық, қысы өте суық. Қазақстанның климатының континенттілігі жаз пен қыс айларының температураларының күрт ауытқуынан, ауаның құрғақтығынан, жауын-шашынның әркелкі түсуінен көрінеді.

Қазақстанның климаты қоңыржай шұғыл континентті. Қазақстанның климатын қалыптастырушы негізгі үш фактор бар, оларға жердің төсеніш беті, күн радиациясы, атмосфераның алмасуы жатады.

Республика аумағына ауа массаларының үш түрі әсерін тигізеді, олар арктикалық, қоңыржай, тропиктік. Арктикалық ауа массалары – Солтүстік Мұзды мұхиттан, қоңыржай ауа массасы – Атлант мұхитынан, тропиктік ауа массалары – Орта Азиядан келеді.

Қазақстан климатына тек қана екі мұхиттың, Солтүстік Мұзды мұхит пен Атлант мұхитының әсері бар. Бұл мұхиттан келетін ауа массалары жолдарында тау болмағандықтан, солтүстік оңтүстікке, батыстан шығысқа қарай емін-еркін өте алады. Қазақстанға Атлант мұхитынан келетін ауа массасы қоңыржай теңіздік деп аталады. Бұл ауа массасы еліміздің батыс бөлігіне біршама жауын-шашын алып келеді. Бірақ жауын-шашын мөлшері еліміздің ішкі аудандарына жетпей қалады, себебі бұл ауа Қазақстанға жеткенше ылғалынан айырылып, құрғап кетеді.

Қазақстанға Орта Азия мен Ираннан келетін ауа массасы тропиктік деп аталады. Қазақстан аумағы жаз бойы тропиктік ауа массасының ықпалында болады.

Арктикалық ауа массасы Қазақстанға Солтүстік Мұзды мұхиттан келеді. Ауа өте мөлдір құрғақ болады. Қазақстан қыс айларында арктикалық ауа массаларының ықпалында болады. Бұл ауа қыста солтүстіктен енген кезде Қазақстанда антициклондық күн райы орнайды. Антициклондық күн райы орнаған кезде күн ашық, құрғақ, қыста қатты аяз болады.

 

Қазақстан жерінде соғатын желдерге Жоңғар қақпасы арқылы соғатын Ебі мен Сайқан желін, Жамбыл облысындағы Арыстанды қарабас желін т.б. жатқызуға болады.

Ебі желі – Жоңғар Алатауының оңтүстік шығысында, Қытай жеріндегі Ебінұр көлінде жоғары қысым орнағанда пайда болатын жел. Ебі желі оңтүстік шығыстан, яғни Ебінұр көлінен солтүстік батысқа қарай, яғни Алакөлге қарай соғады. Желдің жылдамдығы 60-80 м/с жетеді.

Сайқан желі солтүстік батыстан оңтүстік шығысқа, Орта Азияға қарай соғатын жел. Сайқан желі сәуір мен қырқүйек айларының аралығында қатты соғып, қалған айларда бәсеңдейді. Сайқан желі соққанда, Алакөлдің деңгейі бір метрге көтеріледі. Балық аулауды қиындатып, мал шаруашылығын шығынға ұшыратады.

 

Қазақстанның жерінде жауын-шашын әркелкі түседі. Жауын-шашын Батыс Алтайдағы Кіші Үлбі өзенінің жоғарғы ағысына көп түседі, ондағы жылдық жауын-шашын мөлшері 1600 мм.

 

Қазақстандағы ең суық ай – қаңтар. Қазақстанның ең суық жері Атбасар өңірі, ол жерде бір жылдары -57°C-ға дейін төмендеген. Қазақстандағы ең жылы ай – шілде. Ең жоғарғы температура солтүстікте 41°C, оңтүстікте 47° C-тан аспайды.

Өсіп-өну кезеңі дегеніміз өсімдіктің көктеп, гүлдеп, жеміс беруіне кететін уақыт. Қазақстанның оңтүстігінде өсіп-өну кезеңінің ұзақтығы 180 күн. Оңтүстіктегі өсіп-өну кезеңінің ұзақтығы мақта, темекі, күріш, жүзім, қант қызылшасын өсіруге мүмкіндік береді. Республикамыздың солтүстігінде өсіп-өну кезеңінің ұзақтығы 130-135 күнге созылады. Мұнда агроклиматтық қорлар жаздық бидай, зығыр, көкөніс, бау-бақша өсіруге мүмкіндік береді.



Сұрақтар
  1. Қазақстандағы климаттық белдеуді табыңыз.

  2. Қазақстан жері қоңыржай климаттық белдеуінің ... .

  3. Қазақстан климатының типін анықтаңыз.

  4. Қазақстанның климатын құраушы факторларды көрсетіңіз.

  5. Жер бетіне тура келетін сәулелі энергия.

  6. Жер бетіне түсетін тура және шашыранды радиацияның қосындысынан ... құралады.

  7. Топырақ, су, қар жамылғысы арқылы сіңіп жылынған радиация.

  8. Қазақстан аумағына әсер ететін ауа массаларының түрлерін табыңыз.

  9. Қазақстанның климатына әсер ететін мұхиттар қатарын көрсетіңіз.

  10. Еліміздегі көктемгі және күзгі үсіктердің болуын тудыратын ауа массасы.

  11. Қазақстанға Атлант мұхитынан келетін ауа массасы.

  12. Елімізге Орта Азия мен Ираннан келетін ауа массасы.

  13. Қазақстанға біршама жауын-шашын алып келетін ауа массасы.

  14. Қазақстанға тропиктік ауа массасы келетін мезгіл.

  15. Қазақстанға антициклондық күн райын әкелетін ауа массасы:

  16. Жылдамдығы 60-80 м/с жететін Жоңғар Алатауының оңтүстік-шығысынан солтүстік-батысқа қарай соғатын жел.

  17. Ебі желін алғаш сипаттап жазған ғалым.

  18. Ебі желіне кері бағытта соғатын желді белгілеңіз.

  19. Сайқан желі ... айлары аралығында соғады.

  20. Қыста Қазақстан жерінде Сібір антициклоны орнаған кезде асудан соғатын жел.

  21. Қазақстандағы ең суық ай.

  22. Еліміздің солтүстігіндегі қаңтар айының орташа температурасы.

  23. Еліміздің жауын-шашын ең көп түсетін жерін көрсетіңіз.

  24. Еліміздегі жауын-шашын мөлшерінің көрсеткіші солтүстіктен оңтүстікке қарай...

  25. Қазақстанның солтүстігінде қар жамылғысының орташа қалыңдығын табыңыз.

  26. Қазақстандағы жауын-шашын ең көп түсетін таулар

  27. Қазақстанның климатына әсер ететін циклон мен антициклонның қасиеті (-тері)

  28. Қазақстанның климатына тән сипаттама

  29. Қазақстан климатына әсер ететін басты фактор (-лар)

  30. Қазақстанның климатына әсер ететін ауа массаларының бағыты (-тары)

  31. Қазақстанның  жауын-шашын ең аз түсетін жерлері

  32. Қазақстан климатының ерекшелігі (-тері)

Қате туралы хабарландыру