iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Қазақстанның ішкі сулары
Қазақстанда өзендердің таралуы әркелкі. Жазықтықтарда өзендердің жиілігі солтүстіктен оңтүстікке қарай кемиді. Қазақстанның жауын-шашын көп түсетін орманды дала мен дала зоналары және таулы аймақтары өзендерге бай. Қазақстанда төрт мыңнан аса су қоймасы бар, олардың ең ірілері: Бұқтырма мен Қапшағай су қоймалары. Су қоймалары (бөгендер) энергетикалық, транспорттық, спорттық, балық аулау үшін пайдаланылады.
Қазақстанның ең мол сулы өзені – Ертіс өзені. Ертіс өзенінің орташа су шығыны секундына 880 текше метр. Жылдық ағыны 28 млрд текше метр. Ертіс өзені – Моңғол Алтайынан басталып, Қазақстанға Қара Ертіс деген атпен кіреді. Қазақстан жеріндегі ұзындығы 1700 шақырымды құрайды. Ертіс өзенінің бойында Семей, Павлодар қалалары орналасқан. Ертіс өзені сонымен қатар Обь өзенінің сол жағының ірі саласы болып саналады.
Ертіс өзенінің барлық бөлігінде кеме еркін жүзе алады. Ертіс өзені арқылы жолаушылар мен жүк тасымалдайтын кемелер Қытай шекарасына дейін барады. Ертіс өзенінің суы халық шаруашылығы үшін жеткілікті пайдаланылмай жатыр. Ертістің суының көп бөлігі Ресейдегі Обь өзеніне текке ағып кетеді. Сондықтан Ертіс суын халық игілігіне жарату мақсатымен Орталық Қазақстанды сумен қамтамасыз ету үшін Ертіс Қарағанды каналы салынды.
Климат жағдайына байланысты көлдердің көбі Солтүстік Қазақстанда шоғырланған. Солтүстіктегі орманды дала және дала зоналарында 25287 көл бар.
Қазақстандағы жалғыз ағынды көлге Жайсаң көлі жатады. Жайсаң көлі еліміздің шығысындағы қазаншұңқырда орналасқан. Көлден Ертіс өзені ағып шығады.
Каспий теңізі – жер шарындағы ең тұйық көл. Үлкендігіне байланысты оны теңіз деп атайды. Каспий теңізі неоген дәуірінде Қара теңізден бөлінген. Ауданы 376 мың шаршы шақырым. Каспий теңізінің ең терең жері - 1025 м.
Каспий теңізі бес мемлекеттің жағалауын шайып жатыр. Каспий теңізі жағалау сызығының 29%-ы (2340 км) Қазақстанға, 16%-ы Ресейге, 20%-ы Әзірбайжанға 21%-ы Түрікменстанға, 14%-ы Иранға тиесілі.
Балқаш көлі – Қазақстандағы ауданы жөнінен үшінші көл. Еліміздің оңтүстік- шығысында орналасқан көлдің ауданы құбылмалы. Көлдің ұзындығы 614 шақырым, ауданы 17-22 мың шаршы шақырым аралығында.
Арал теңізі Тұран тақтасының үстінде орналасқан. Неоген дәуірінің аяғында құрғақ тектоникалық ойыс түрінде пайда болған. Антропогенде суға толған. Арал теңізі Каспий теңізіне қарағанда жас. Арал теңізінің жасы 8-10 мың жыл шамасында.
Балқаш-Алакөл алабының ірі өзендеріне Іле, Қаратал, Лепсі т.б. өзендер жатады. Бұл алаптың ірі өзені - Іле. Іле өзені Тянь-Шань тауларынан басталады. Қазақстанда шипалық қасиеті бар минералды көздер көптеп кездеседі. Алмаарасан радонды ыстық минералды су көзі туралы мәлімет XIV ғасырдан бері белгілі. Алмаарасан туралы мәлімет Ақсақ Темір жазбаларынан кездеседі.
Мойынқұмда 300-500 м тереңдікте елу мың шаршы шақырымды алып жатқан жер асты теңізі табылған. Оның суы ішуге, егін суаруға жарамды.
Республикамыздың барлық тауында 2724 мұздық бар. Олардың алып жатқан ауданы 2033,3 шаршы шақырым. Мұздықтар тұщы су қоймасы болып саналады. Қазақстан жерінде қазіргі мұздықтардың таралған аудандары шығыс пен оңтүстік шығыстағы таулы аудандар (Алтай, Сауыр, Жетісу Алатауы, Іле Алатауы). Қазақстандағы ең ірі мұздық - Іле Алатауындағы Корженевский мұздығы, мұздықтың ұзындығы 14.4 шақырым, ауданы 36.8 шаршы шақырым, қалыңдығы 300 м.
-
Қазақстандағы ұзындығы 1000 км-ден асатын өзендер санын көрсетіңіз.
-
Еліміздің өзендері жататын алаптарды атаңыз.
-
Арал теңізі алабының өзендерін көрсетіңіз.
-
Каспий теңізі алабының өзендерін көрсетіңіз.
-
Еліміздің жазық жерлеріндегі өзен жүйелерінің өзгеру жиілігін анықтаңыз.
-
Еліміздегі су қоймаларының ең ірілерін көрсетіңіз.
-
Қазақстанның мол сулы өзенін белгілеңіз.
-
Қар-жаңбыр суымен қоректенетін өзендер.
-
Қар суымен қоректенетін өзендерді табыңыз.
-
Қармен қоректенетін өзендер деңгейлерінің ең төмен болатын кезі.
-
Ертіс, Сырдария, Іле, Қаратал өзендерінің қоректену типін анықтаңыз.
-
Ертіс өзенінің жалпы ұзындығы.
-
Ертіс өзенінің ... шақырымы Қазақстан жері арқылы өтеді?
-
Ертіс өзенінің бойындағы ірі СЭС-ті табыңыз.
-
Қазақстанның су энергетикалық ресурсына бай өзенін табыңыз.
-
Ертіс өзенінің ірі оң жақ саласы.
-
Кеме жүзуге ең қолайлы Қазақстан өзенін табыңыз.
-
Орталық Қазақстанды сумен қамтамасыз ету мақсатында салынған канал.
-
Каспий теңізі алабының басты өзенін анықтаңыз.
-
Қазақстандағы ең лайлы өзенді көрсетіңіз.
-
Күріш өсірілетін өзен аңғарын табыңыз.
-
Мұздық көлді табыңыз.
-
Іле өзенінің бойында орналасқан су қоймасы.
-
Көлдердің саны жөнінен көзге түсетін аймақты табыңыз.
-
Қазақстанның ағынды көлі.
-
Шығу тегі жағынан тектоникалық көлдер қатарын көрсетіңіз.
-
Еліміздегі ірі қалдық көлдерін атаңыз.
-
Еуропа мен Азия дүние бөліктерінің аралығындағы орналасқан дүниежүзіндегі ең ірі тұйық көл.
-
Каспий теңізі жағалауында орналасқан мемлекеттер саны.
-
1978 жылдан бастап деңгейі көтеріліп жатқан көл.
-
Каспий теңізінің порты орналасқан қала.
-
Бекіре балығының дүниежүзі бойынша 80%-ынан астамы ауланатын көлді атаңыз.
-
Неоген дәуірінің аяғында тектоникалық ойыс түрінде пайда болған, Тұран тақтасының үстінде орналасқан көл.
-
Арал теңізінің деңгейінің төмендеуіне әсер еткен фактор.
-
Арал теңізінің солтүстігіндегі құмдарды табыңыз.
-
Арал өңірінің экологиялық картасы жасалған жылды белгілеңіз.
-
Республикамыздың оңтүстік шығысында орналасқан, көлемі жөнінен үшінші көл.
-
Балқаштың ең терең жері.
-
Балқаш-Алакөл алабының ірі өзендерін табыңыз.
-
КСРО кезінде жағалауында ондатр шаруашылығы дамыған көлді табыңыз.
-
Жағалауында мыс комбинаты бар көлді табыңыз.
-
Рахман қайнары орналасқан жер.
-
Алматыға жақын орналасқан радонды минералды су көзі бар жер.
-
300-500 м тереңдікте жатқан "жер асты теңізі" бар құмды жазық.
-
Қазақстанның мұздықтарындағы мұздың жалпы көлемі:
-
Қазақстан жеріндегі қазіргі мұздықтар таралған аймақтар.
-
Қазақстандағы ең ірі мұздықты көрсетіңіз.
-
Қазақстанның су энергетика ресурсына бай жерлері
-
Қазақстан өзендерінің ең ұзынын және батыста орналасқанын анықтаңыз.
-
Қазақстанның оңтүстікке қарай ағатын өзендері
-
Қазақстанның су энергетикасына бай өзендері
-
Қазақстанның ең балшықты (лай) және шығыста орналасқан өзендері
-
Жалпы ұзындығы 1000 км болатын Солтүстік мұзды мұхитының алабына жататын өзен (-дер)