iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
План. Карта
Жергіліктің жердің планы дегеніміз – жер бетінің шағын бөлігінің үстіңгі жағынан кішірейтіліп түсірілген сызбасы. Жергілікті жердің планын жасау үшін ұшақтан түсірілген аэрофотосурет қажет.
Планға қарап жер бетінің жалпы сипатын, жер бетіндегі заттардың орнын, бір-бірінен арақашықтығын білуге болады.
Жер бетінің жазықтықтағы математикалық жолмен есептеліп, шартты белгілер арқылы бейнеленген сызбасы карта деп аталады. Карта грекше "табақ, папирус орамы" деген мағына береді. Ең алғашқы картаны грек ғалымы Эратосфен жасаған. Ең алғашқы градустық торы бар картаны жасаған, яғни ендік пен бойлықты дәл өлшеп, картографиялық бағыт ұстанған ғалым Птоломей.
Карталар мазмұнына қарай екіге бөлінеді. Жалпыгеографиялық карталар, тақырыптық карталар. Жалпыгеографиялық карталарда жер бетіндегі барлық нысандар (жер бедері, өсімдіктер, жануарлар, елді мекендер, қатынас жолдары, т.б) бейнеленеді. Жалпыгеографиялық карталарға топографиялық карталар жатады. Тақырыптық карталар жалпыгеографиялық карталар негізінде жасалады. Тақырыптық карталар белгілі бір тақырыпқа арналады. Мысалы: Дүниежүзінің саяси картасы, климат картасы, топырақ картасы, т.б
Масштаб – жер бетіндегі қашықтықтың неше есе кішірейтілгенін көрсететін бөлшек сан. Масштабтың үш түрі бар: атаулы, сызықтық, сандық. Картаның масштабы кішірейген сайын картадағы бұрмалану көбейеді.
Карталар масштабына қарай үшке бөлінеді. Ірі масштабты, орта масштабты, ұсақ масштабты карталар болады. Ұсақ масштабты карталар 1:1000000 ұсақ, орта масштабты карталар: 1: 1000000-нан 1: 200000 дейін, ірі масштабты карталар 1: 200000-нан ірі.
Глобус – Жер бетінің нақты үлгісі. Жер бетіндегі қашықтықты өлшегенде, картаға қарағанда глобустан өлшеу дәлірек болады, себебі глобус – Жердің шар тәрізді нақты формасы.
ХV ғ. атақты неміс картографы Мартин Бехайм алғашқы глобусты жасады. Оның глобусында Еуропа, Азия, Африка бейнеленген. Бехаймның глобусында Америка туралы түсінік жоқ. Оның орнын Бехамның ойы бойынша Еуропадан Шығыс Азияға қарай мұхит алып жатыр. Бұдан теңізшілердің арасында "Еуропадан батысқа қарай жүзе берсе, Азияның шығыс жағалауына жетуге болады" деген пікір туған.
Эратосфеннің алғашқы картасы
Ежелгі теңізшілер кемесі
Эратосфен
-
Ашық алаңда тұрғанда адамға аспан жер немесе су бетімен шектескендей болып көрінетін сызықты табыңыз.
-
Жергілікті жерде немесе картада солтүстік бағыт пен таңдаған заттың арасында түзілетін бұрышты табыңыз.
-
270 градустық азимут сәйкес келетін көкжиектің негізгі тұсын анықтаңыз.
-
Жер бетіндегі қашықтықты өлшеу тәсілдері.
-
Масштабтың қанша түрі бар екенін көрсетіңіз.
-
1 см – 100 метр масштабы.
-
Бастапқы меридиан өтетін қала.
-
Жер бетінің үстіңгі жағынан кішірейтіліп түсірілген сызбасы.
-
Жергілікті жердің планын жасау үшін ... қажет.
-
Мұхит деңгейінен бірдей биіктікте жатқан нүктелерді қосатын пландағы қисық сызықтар ... деп аталады.
-
Жер бетіндегі нүктенің мұхит немесе теңіз деңгейінен есептелетін биіктігі ... деп аталады.
-
Жер бетіндегі белгілі бір нүктенің басқа нүктеден биіктігі.
-
Топографиялық карталардағы төбенің жоғарғы-төмен бағытын көрсететін, горизонтальдарға кесе-көлденең қойылатын қысқа сызықты анықтаңыз.
-
Жердің нақты үлгісі.
-
Жер бетіндегі қашықтықтың картада немесе планда кескінделгенде неше есе кішірейтілгенін көрсететін бөлшек сан.
-
1 градус меридиан доғасының ұзындығы.
-
Жердің бетіндегі белгілі бір нүктенің экватордан градус есебімен алынған қашықтығы.
-
Жер бетіндегінің белгілі бір нүктенің бастапқы меридианнан градус есебімен алынған қашықтығы.
-
Ең ұзын параллель.
-
Жер бетіндегі белгілі бір нүктенің орнын анықтайтын шамаларды атаңыз.
-
Меридиандардың параллель шеңберлермен қиылысуынан пайда болады:
-
Экваторға шартты түрде жүргізілген сызықтардың атауы.
-
Қабылданған шартты белгілер арқылы жер бетінің жазықтықтағы кішірейтілген бейнесі.
-
Мазмұнына қарай карталардың бөлінуін анықтаңыз
-
Масштабына қарай карталар ... бөлінеді.
-
Дұрыс ақпаратты көрсетіңіз.
-
Картаның планнан басты айырмашылығы (-тары)
-
План мен картаға қатысты түсінік (-тер)
-
Ірі масштаб
-
Қазақстанға қатысты мәлімет (-тер)
-
Теріс мәлімет (-тер)
-
План мен картаның ұқсастығы
-
План мен картаға қатысы жоқ түсінік (-тер)
-
1:1 000 000 – масштаб түрінің атауы (-лары)
-
Орал қаласы 51 ш.б., Өскемен қаласы 82 ш.б. Екі қаланың арасындағы қашықтық
-
Бірінші нысанның координаты \(20^0 с.е. 40^0 \)б.б. Екінші нысанның координаты \(20^0 о.е. 5^0\) ш.б. Бірінші нысаннан екіншіге қай бағытта жүру керек?