Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жер – Күн жүйесінің ғаламшары

Конспект

"География" сөзі "жерді сипаттап жазу" деген мағына береді (гео – жер, графо – жазу). География ғылымы жер бетінің табиғатын, халқын және оның шаруашылығын зерттейді.

 

География ғылымы 2 саладан тұрады. Физикалық география табиғат денелері мен табиғат құбылыстарының таралу заңдылықтары мен олардың себептерін зерттейді. Экономикалық география өнеркәсіпті, ауылшаруашылығын, жершары халқының орналасуын зерттейді.

 

География ғылымы ежелгі Грекияда пайда болған. Біздің заманымыздан бұрынғы III ғасырда өмір сүрген грек ғалымы Эратосфен алғашқы географиялық түсініктерді қалыптастырып, ең алғашқы картаны жасаған. Сол себепті Эратосфенді "география ғылымының атасы" деп атайды.

Ұлы географиялық ашулардың нәтижесінде дүниежүзі картасына Африканың бүкіл оңтүстік бөлігі, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Аустралия материктері, Тынық мұхит енді.

ХV ғ. атақты неміс картографы Мартин Бехайм алғашқы глобусты жасады. Оның глобусында Еуропа, Азия, Африка бейнеленген. Бехаймның глобусында Америка туралы түсінік жоқ. Оның орнын, Бехаймның ойы бойынша, Еуропадан Шығыс Азияға қарай мұхит алып жатыр. Бұдан теңізшілердің арасында "Еуропадан батысқа қарай жүзе берсе, Азияның шығыс жағалауына жетуге болады" деген пікір туған.

Жер беті адамдардың қоныстанып, игеруіне байланысты 6 тарихи географиялық аймаққа бөлінеді. Бұл аймақтар дүние бөліктері деп аталады. Тұңғыш рет дүниебөліктері туралы ұғымды ғылымға гректер енгізген, олар Еуропа мен Азияны қосса, рим ғалымдары дүние бөлігіне Африканы қосты. Дүние бөліктеріне Еуропа, Азия, Африка, Америка, Аустралия, Антарктида жатады. «Ескі дүние» – Еуропа, Азия, Африка, «Жаңа дүние» –Америка.

1519-1522 жылы Ф.Магеллан бастаған испан экспедициясы дүниежүзін айнала жүзді. Экспедиция құрамы 5 кеме, 265 адамнан тұратын. Саяхатшылар Оңтүстік Американың оңтүстік шетіндегі бұғаз арқылы (Магеллан бұғазы) Тынық мұхитына шықты. Тынық мұхиты арқылы теңізшілер ешқандай құрлықты кездестірместен үш жарым ай жүзген. Әбден шаршаған олар ақыры Оңтүстік Шығыс Азияға таяу жатқан аралға келіп жетеді. Магеллан саяхаты нәтижесінде Жердің шар тәріздес екендігі іс жүзінде дәлелденіп, Тынық мұжиты ашылды және Дүниежүзілік мұхиттардың біртұтас екендігі анықталды. Ұзақ уақыт бойы география ғылымы жаңа жерлерді ашумен ғана айналысып келсе, бүгінгі күні география ғылымының міндеті өзгеріп, география ғылымы Жер бетіндегі табиғат нысандары мен табиғат құбылыстарының себептерін түсіндіретін ғылымға айналды.

 

Жер – Күн жүйесіндегі үшінші ғаламшар, Күн төңірегіндегі жолмен (орбитамен) айнала қозғалады. Күн жүйесіне 9 ғаламшар кіреді. Күнге ең жақын ғаламшар – Меркурий ғаламшары. Ғаламшарлар жер тобындағы ғаламшарлар және алып ғаламшарлар болып екіге бөлінеді.

 

Жер өз орбитасын 365 тәулік, 6 сағат 9 мин 9,6 с-та бір айналып шығады. Осы уақыт аралығын жұлдыздық жыл деп атайды. Қалған 6 сағат пен минуттарды 4 жылда бір тәулікке жинақтап, ең қысқа ай ақпанға қосады. Ақпан айы 29-на бітетін жыл «кібісе жыл» деп аталады.

Орбитаның жалпы ұзындығы – 940 млн шақырым. Жер білігі орбита кеңістігіне 66,5° бұрыш жасай орналасқандықтан, Күн сәулелері жер бетіне әркелкі таралады. Егер жер орбита кеңістігіне 45° бұрыш жасай орналасса, онда күн сәулелері Жер бетінің барлық бөлігіне бірдей тік түсуші еді.

Жердің нағыз геометриялық пішіні – геоид, яғни Жердің экваторлық радиусынан плюстік радиусының 22 шақырымға кем болуына байланысты полюстер маңында Жер үстіңгі жағынан қысыңқы болып келеді.

 

Ғаламшарлардың маңында айналып жүрген аспан денелері ғаламшардың табиғи серіктері деп аталады. Жердің жалғыз табиғи серігі бар. Ол – Ай. Ай мен Жердің арасындағы арақашықтық 384 мың шақырым. Ай – Жер табиғатына айтарлықтай әсер етеді.

Жер желтоқсан, қаңтар, ақпан айларында Күнге оңтүстік жарты шарымен қарайтындықтан, оңтүстік жарты шары көп қызады, ол жақта жаз, ал солтүстік жарты шарда қыс басталады.

 

Маусым, шілде, тамыз айларында Жер Күнге солтүстік жарты шарымен қарайды да, ғаламшардың бұл жағына жылу мен жарық молырақ түседі. Сондықтан бұл бөлікте жаз айлары басталып, оңтүстікте қыс болады.

Жердің орбитадағы Күнді айналу жылдамдығы секундына 30 шақырымды құрайды.

 

Егер күннің тарту күші болмағанда Жер ғаламшары осындай жылдамдықпен әлемдік ғарыш кеңістігіне самғап кетер еді.

Жер бетінің жалпы ауданы 510 млн шаршы шақырымды құрайды. Жер бетінің 71 пайызын су, 29 пайызын құрлық алып жатыр.   
          

Жер ғаламшары           

                                                    

Материктер   

          

Күн жүйесі         

Жердің күнді айналу қозғалысы                                                                                                        



Сұрақтар
  1. Б.з.б ІІІ ғасырда "география" ұғымын ғылымға енгізген.

  2. ХV ғ. алғашқы глобусты жасаған картографты табыңыз.

  3. Күннен үшінші орналасқан ғаламшарды табыңыз.

  4. Дүниежүзін айлана жүзіп, жердің шар тәрізді екендігін іс жүзінде дәлелдеген саяхатшы.

  5. География ғылымының негізгі салалары.

  6. 1492 жылы "Жаңа дүниені" ашқан саяхатшы.

  7. Жер бетінің табиғаты, халқы, оның шаруашылық әрекеті туралы ғылым.

  8. Орыс географиялық қоғамы құрылған жыл.

  9. Жердің білігі орбита кеңістігіне ... бұрыш жасай орналасқан.

  10. Жердің Күнді орбита бойымен толық айналып шығуға кететін уақытын белгілеңіз.

  11. "Кібісе жыл" қайталанады.

  12. Жердің өз білігінен толық айналуға кететін уақыт.

  13. Жер бетіне күн сәулелерінің таралуы.

  14. Қазақтан шыққан тұңғыш географ-ғалымды табыңыз.

  15. Ф. Магеланның дүниежүзіне айнала жүзу саяхаты ... уақыттар аралығында өтті:

  16. Тарихқа "Ұлы географиялық ашылулар заманы" деген атпен енген уақыт.

  17. Тұңғыш рет дүние бөліктері туралы ұғымды айтқан.

  18. Күнге ең жақын орналасқан ғаламшарды табыңыз.

  19. Жердің радиусы.

  20. Көктемгі күн теңелу уақыты.

  21. Жер экваторының ұзындығы.

  22. Күзгі күн теңелу уақыты.

  23. Жердің пішіні.

  24. Орта ғасырдың саяхатшылары мен зерттеушілері

  25. Дүниежүзілік маңызы болған Ұлы Жібек жолы

  26. Жердің Күн жүйесіндегі көршілес ғаламшарлары

  27. Бірінші болып Қашғария туралы мәлімет жинады

  28. Жердің полюстық радиусы экватор радиусынан

  29. Ең биік, ең ылғалды, халқы саны ең аз бар материктер

  30. Жердің ең басты айналу түрлері

Қате туралы хабарландыру