Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Америка елдері. Латын Америкасы

Конспект

АҚШ – жер көлемі жөнінен дүниежүзінде төртінші орын алады. АҚШ мемлекеттік құрылымы жөнінен 50 штаттан, 1 округтен тұратын федерациялы республика. Ел астанасы – Вашингтон, Колумбия федералды округінде орналасқан. АҚШ-тың ең биік нүктесі – Мак-Кинли шыңы, оның биіктігі 6193 м. Мак-Кинли шыңы Аляска жотасында орналасқан. АҚШ-тың Канадамен шекарасында Ұлы көлдер орналасқан. Ұлы көлдерге Мичиган, Жоғарғы көл, Эри, Онтарио, Гурон көлдері жатады. Ұлы көлдерді АҚШ-тың "үшінші теңіз жағалауы" деп атайды. Себебі ерте замандарда бұл көлдерде кеме қатынасы жақсы дамыған.

АҚШ-тың байырғы халқы – үндістер. Үндістердің жалпы халық санындағы үлесі 1%-ды құрайды.

АҚШ-та ірі 3 мегаполис бар, олар Чипитс, Босваш, Сан-Сан мегаполистері. Бостоннан Вашингтонға дейінгі аралықты қамтитын қалалар Солтүстік шығыс мегаполисі, Сан-Франциско мен Сан-Диего қалалары аралығын Калифорния мегаполисі, Чикаго мен Питсбург қалалары аралығын Көл маңы мегаполисі деп айтады.

АҚШ-тың дүниежүзілік нарықта машина жасаудан өзіндік орны бар. АҚШ-тың 125 қаласында автомобиль құрастырылады.

АҚШ-тың Мексика шығанағы жағалауында мұнай өнеркәсібі дамыған. Хьюстон қаласында 200-ге жуық мұнай өңдейтін зауыт жұмыс істейтіндіктен, Хьюстон қаласын "мұнай химиясының астанасы" деп атайды.

АҚШ-та 4 экономикалық аудан бар, олар Солтүстік Шығыс; Орта батыс, Оңтүстік, Батыс аудандар.

Канада – Ұлыбритания басқаратын достастық құрамына кіретін мемлекет. Ұлыбританияның мемлекет басшысы – Ұлыбритания королевасы. Канаданы королеваның уәкілі генерал-губернатор басқарады. Канаданың астанасы Оттава қаласы 1857 қаласы Ұлыбритания королевасының шешімімен британ провинциясының орталығы болып бекітілді. 1867 жылы Канаданың астанасына айналды. "Оттава" сөзі үндістер тілінен аударғанда алмасу деген мағына береді. Канада әкімшілік-аумақтық құрылымы жөнінен 10 провинция, 2 аумақтан тұратын конфедерация. Басқару жүйесі жөнінен парламенттік-конституциялық монархия.

Канаданың оңтүстік батысын прерийлер алып жатыр. Прерий деп Солтүстік Америкадағы дала зонасын айтады. Дала зонасының құнарлы қара топырағында бидай өсіріледі. Канадада табиғатты қорғау ерекше қолға алынған. Елдегі ең ірі ұлттық саябақ – Вуд Баффало. Ұлттық саябақ Канаданың солтүстік батысында орналасқан. Мұнда бизондар қорғалады.

Канаданың байырғы халықтары эскимостар мен үндістер. Эскимостар елдің солтүстігін мекендейді, олар балық, аң аулаумен айналысады.

Үндістер тіліне аударғанда Канада атауы "қоныс" деген мағына береді. Канада дүниежүзінің әр түкпірінен келген адамдардың мекеніне айналған. Канада халқының басым көпшілігін Франция, Ұлыбританиядан келгендер құрайды.

 

НАФТА – Солтүстік Америкалық еркін сауда аймағы. НАФТА 1994 жылы құрылған. НАФТА-ға АҚШ, Канада, Мексика мүше. Канаданың НАФТА-ға мүшелігінің арқасында АҚШ пен Канада арасындағы экономикалық байланыстар жоғарғы дәрежеде дамуда.

Латын Америкасының саяси картасында 33 тәуелсіз мемлекет орналасқан. Аймақтағы ең алғашқы тәуелсіздікке ие болған ел – Гаити.

Дүниежүзінде 40-тан астам ел теңізге тікелей шыға алмайды. Латын Америкасындағы елдердің басым бөлігі теңізге шыға алады, тек Боливия мен Парагвайдың тікелей теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ.

Латын Америкасындағы федерациялық құрылымдағы елдерге Бразилия, Мексика, Аргентина жатады. Мысалы, Бразилия 22 штаттан тұрады.

Бразилияның мемлекеттік тілі португал тілі. Себебі Ұлы географиялық ашылымдардан кейін Латын Америкасы елдерін Португалия мен Испания отарлаған болатын.

Бразилия – Оңтүстік Америкадағы ең ірі, ең халқы көп және осы аймақтағы ең дамыған ел. Астанасы – Бразилиа қаласы. Бразилияның ірі қалалары: Сан-Паулу, Белу-Оризонти, Ресифи қалалары.

Бразилияда мал шаруашылығынан ірі қара малын өсіру дамыған. Бразилияда 192 млн бас ірі қара бар. Ірі қараның саны жөнінен Бразилия Үндістаннан кейінгі екінші орынды алады.

Кофенің шыққан жері Африкадағы Эфиопия мемлекеті болып саналады, дегенмен бүгінде Бразилия кофе өндіруден дүниежүзінде бірінші орында.

 

       

АҚШ туы

                                                                                                                                

АҚШ елтаңбасы

       

АҚШ штаттары                                 

                                                                                             

Оттава қаласы

        

Оңтүстік Америка             

                                                       

Бразилия



Сұрақтар
  1. АҚШ-тың астанасы орналасқан жерді белгілеңіз.

  2. АҚШ-тағы ең биік нүктені белгілеңіз.

  3. АҚШ-тың "үшінші теңіз жағалауы"

  4. АҚШ-тың ірі СЭС-тері орналасқан өзендерді көрсетіңіз.

  5. АҚШ-тың байырғы халқы үндістердің үлесі.

  6. АҚШ-тағы мегаполистер саны.

  7. АҚШ-тың дәстүрлі өнеркәсіп саласының бірі.

  8. АҚШ-тың "мұнай химиясының астанасы" деп аталатын қаласын табыңыз.

  9. АҚШ-тағы экономикалық аудандар саны.

  10. Канаданың мемлекет басшысы.

  11. Канаданың астанасын табыңыз.

  12. Канада әкімшілік-аумақтық құрылымы жөнінен ... тұрады.

  13. Канаданың астық өсірілетін ауданы.

  14. Канададағы ең ірі ұлттық саябақты табыңыз.

  15. Канаданың байырғы халықтары.

  16. Канада сөзінің мағынасы.

  17. Канада мүше болған еркін сауда аймағын белгілеңіз.

  18. Латын Америкасындағы тәуелсіз елдер саны.

  19. Латын Америкасының тікелей теңізге шыға алмайтын елдері.

  20. Латын Америкасындағы федерациялы елдер.

  21. Бразилиядағы негізгі ауылшаруашылық дақылы.

  22. Бразилияның мемлекеттік тілі.

  23. Бразилияның ірі қалалары.

  24. Амазонкадағы портты қала.

  25. Ірі қараның саны жөнінен Бразилияның дүниежүзінде алатын орны.

  26. Бразилияға қатысты дұрыс ақпаратты көрсетіңіз.

  27. Америка Құрама Штаттарына қатысы жоқ мәлімет (-тер)

  28. Америка Құрама Штаттары туралы ақпарат

  29. Бразилия мемлекетінің сипаттамасы

  30. Латын Америкасына жатпайтын мемлекеттер

Қате туралы хабарландыру