Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Африкадағы дамушы елдер

Конспект

Африка халқының саны жедел өсуде. 2010 жылғы мәлімет бойынша, 1 млрд 30 млн адам болды. Бірақ Африка халқының саны 800 млн деген ақпарат жиі кездеседі. Африкадағы елдердің көпшілігі мемлекеттік құрылымы бойынша республикалар, тек үш монархия бар. Африкадағы монархиялы елдер: Марокко, Лесото, Свазиленд.

Африкадағы елдердің көпшілігі унитарлық республикалар. Федерациялық республикалар: ОАР, Эфиопия, Нигерия, Комор аралдары.

Африка пайдалы қазбаларға бай аймақ. Мұнай мен газдың мол қоры Африканың солтүстігінде – Ливия, Нигерия, Алжир елдері жерінде шоғырланған. Бұл елдер мұнай экспорттаушы елдер кіретін ОПЕК-тің белсенді мүшелері болып саналады.

ОАР-да алмаз бен алтынның мол қоры бар. ОАР алтын мен алмаз өндіруден дүниежүзі бойынша бірінші орынды алады.

Замбия мен Конго елдерінде кобальт пен алмастың мол қоры шоғырланған. Ал Африканың солтүстігіндегі Мароккода фосфориттің мол қоры бар.

Африкада Замбия мен Заир деп аталатын "мыс белдеуі" бар. Замбия мыс өндіру мен сыртқа шығарудан жетекші орында болғандықтан, оны "қызыл металл" елі деп атайды.

Африкада темірдің мол қоры шоғырланған. Темірді сыртқа шығаратын елдерге Мавритания мен Либерия жатады.

Африкадағы ең ірі өнеркәсіптік аудан – Оңтүстік Африка Республикасындағы Витватерсранд ауданы, оны Африка "Руры" деп те атайды. Бұл ауданның орталығы – Йоханнесбург қаласы.

Ніл өзені бойында КСРО-ның көмегімен 1971 жылы Асуан бөгені салынған. Асуан бөгенінің салынуына байланысты Ніл өзені кеме жүзуге қолайлы өзенге айналды. Сонымен қатар егістік жерлерден жылына екі-үш реттен өнім жинауға мүмкіндік туды.

Мадагаскар – Африканың ең ірі аралы. Мадагаскар аралында малагасийлер тұрады. Малагасий қара және моңғол нәсілінің араласуынан пайда болған халық.

Африкада әртүрлі халық тұрады. Африканың оңтүстігін бушмендер мен готтентоттар мекен еткен. Бірақ голландықтарды келуімен олардың қоныстану аймағы тарылды.

Африка елдеріндегі мемлекеттік тіл бұрынғы отарлаған ел тілдері болып саналады. Африканың 55 елінің 17-сінде мемлекеттік тіл ретінде француз тілі қолданылады.

Африкада таралған діндер: христиан, ислам және жергілікті діндер. Солтүстік Африка елдерінде мұсылмандар тұратындықтан, ислам діні кең тараған.

Африканың шаруашылығында ауылшаруашылығы, оның ішінде өсімдік шаруашылығы жетекші орында. Өсімдік шаруашылығының мақта, какао, кофе, жержаңғақ, құрма өсіру саласы жақсы дамыған.

Африкада жалдама еңбек күшін пайдаланып, жұмыс істейтін плантациялық шаруашылықтар кең таралған.

Африкаданың көптеген елдері бір дақыл түрін өсіруге (монокультура) маманданған. Мысалы, Египет пен Суданда мақта өсіріледі.

Африканың плантацияларында кофе, какао, мақта, майлы пальма, жержаңғақ, гевея т.б. өсіріледі. Кофе өсіруге маманданған елдерге кофенің Отаны саналатын Эфиопия және Кения жатады.

Какао дақылының Отаны Орталық Америка болып саналады. Ал какаоны өсіретін елдер қатарына Африканың Гвинея шығанағы, Кот´д-Ивуар, Гана, Нигерия да енеді.

Африка мал шаруашылығы басым дамыған аймаққа жатады. Солтүстік Африка елдерінде, атап айтқанда, Марокко, Алжир, Суданда қой шаруашылығы басым. Бірақ Африканың көптеген аудандарында мал шаруашылығын дамытуға ұйқы ауруын жұқтыратын цеце шыбыны кедергі келтіреді.

Сенегал Батыс Африкада орналасқан мемлекет. Сенегалдағы плантацияларда негізінен жержаңғақ (арахис) өсіріледі. Африкада жүк тасымалының басым бөлігі теңіз көлігімен жүзеге асырылады. Жүкті шетел кемелерімен тасымалдайды. Жүктердің басым бөлігін АҚШ-тың кемелері Либерияның туы астында тасымалдайды. Себебі Африка елдеріне көптеген жеңілдіктер қарастырылған.

 

       

Египет                                                     

                                                     

Египет пирамидалары 

Оңтүстік Африка Республикасы



Сұрақтар
  1. Африка халқының саны.

  2. Африкадағы монархиялы елдер.

  3. Африкадағы федерациялы елдер.

  4. Мұнайды сыртқа шығарушы Африка елдері.

  5. Алтын өндіруден дүниежүзілік біріншілікке ие елді табыңыз.

  6. Африкадағы кобальт пен мыстың мол қоры бар елдер.

  7. Африкадағы фосфорит қоры мол елді белгілеңіз.

  8. Асуан бөгені салынған өзен.

  9. Мадагаскар аралындағы халықты табыңыз.

  10. Африканың оңтүстігін мекендейтін халықтар.

  11. Африканың 17 еліндегі мемлекеттік тіл.

  12. Солтүстік Африкадағы елдердің ұстанатын діні.

  13. Африканың ауылшаруашылығының жетекші саласы.

  14. Африканың мақта өсіретін елдері.

  15. Африканың кофе өсіруге маманданған елдері.

  16. Африканың какао өсіретін елдері.

  17. Қой шаруашылығы басым дамыған Африка елдері.

  18. Африкадағы жержаңғақ өсіретін бірден-бір ел.

  19. Теңіз жүк айналымы жөнінен біріншілікке ие Африкадағы мемлекетті табыңыз.

  20. Африканың "қызыл металл" елі деп аталатын елін табыңыз.

  21. Африканың темір кенін сыртқа шығарушы елдері:

  22. Африканың темір кеніне бай аймағын табыңыз.

  23. Ауданы жөнінен Африкадағы ең кіші ел.

  24. Африканың ең ірі өнеркәсіпті ауданы.

  25. Африкада орналасқан мемлекеттерге қатысты ақпаратты таңдаңыз

  26. Экономикасы нашар дамыған Африка мемлекеті (-тері)

  27. Дұрыс мәлімет (-тер)

  28. Африка  мемлекеттеріне қатысы жоқ мәлімет (-тер)

  29. Экономикасы салыстырмалы түрде жоғары дамыған Африка мемлекеттері

  30. ОАР туралы дұрыс ақпарат

Қате туралы хабарландыру