Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Дүниежүзінің халқы

Конспект

Адамның пайда болуы туралы қарама-қарсы пікірлер өте көп. Адамның шығу тегі мен дамуын зерттейтін ғылым антропология деп аталады.

Ең алғашқы адамдар Шығыс Африкада пайда болған.

Халық саны туралы нақты мәліметті халық санағы береді. Ең алғашқы халық санақтары б.з.д. III мыңжылдықта Ежелгі Қытай мен Египетте жүргізілген. XX ғасырдың 50-жылдары дүниежүзі халқының саны күрт өсе бастады. Дүниежүзі халқы 1987 жылы 5 млдр, 1999 жылы 6 млрд, 2011 жылы 7 млрд болды. Бұл құбылыс демографиялық жарылыс деп аталды.

Демографиялық саясат – мемлекет тарапынан халық санын реттеуге немесе халық санын өсіруге бағытталған іс-шаралар жиынтығы. Үндістан мен Қытай халық санын реттеуге бағытталған саясат жүргізсе, Франция, Қазақстан халық санын өсіруге бағытталған саясат жүргізеді.

Адамның жасы оның еңбекке жарамдылығының көрсеткіші болып саналады. Халықаралық ұйымдардың анықтауы бойынша еңбекке жарамды жас 15 жастан 65 жасқа дейінгі аралық болып саналады.

Этнос немесе халық дегеніміз – тілі мен діліне, ата-қонысына, шаруашылық сипатына қарай ажыратылатын адамдар қауымдастығы. Жер шарында шамамен 3-4 мың халық бар.

Жер шарында саны жөнінен көп халық қытайлар саналады. Олардың саны 1 млрд 334 млн адамды құрайды. Дүниежүзінің елдері ұлттық құрамы бойынша ерекшеленеді. Мысалы, Қытай, Ресей көпұлтты елдер болса, Жапония, Швеция, Дания, Корей елдері бір ұлтты елдер санатында. Себебі мұнда жалпы халық санында бір ұлттың үлесі өте жоғары.

Ассимиляция араласу деген мағына береді. Америкалық деп аталатын ұлт ассимиляцияланудан пайда болған, себебі этностардың ассимиляциясы саны жағынан басым ағылшын ұлтының айналасында жүрді. Бразилия халқының қалыптасуы этностардың араласуы нәтижесінде болды.

Жер шарындағы ең көп тараған тілдік семья– үнді-еуропа семьясы. Жер шары халқының 40%-ы үнді-еуропалық тіл семьясы тілдерінде сөйлейді. Жер шарында кең таралған алты тіл бар, олар ағылшын, француз, орыс, испан, араб тілдері. Бұл тілдер сонымен қатар БҰҰ-ның жұмыс тілдері болып саналады.

Жер шарында әлемдік үш дін бар, олар христиан, ислам, буддизм діндері.

Адамдар ең көп ұстанатын дін – христиан діні. Дінге сенушілердің 2\5 бөлігін христиан дінін ұстанушылар құрайды.

Буддизм әлемдегі ең ежелгі дін, б.з.д. VI ғасырда пайда болған. Буддизм Қытай, Жапония, Корейде кеңінен таралған.

Ислам діні – ең жас дін. Ислам дінін ұстанатындардың басым бөлігі Азияда тұрады. Мұсылман дінін ұстанатындардың саны жөнінен көзге түсетін елдерге Индонезия (160 млн адам), Пәкстан (126 млн адам), Үндістан (100 млн адам) жатады.

Аса ірі ұлттық діндерге иудаизм, индуизм, конфуцизм, синтоизм діндері жатады. Олардың таралуы әлемдік діндерге қарағанда тар. Мысалы, индуизм Үндістан халқының ұлттық діні, ал конфуцишілдік Қытай халқының ұлттық діні болып саналады.

Жер шары халқының орналасуына әртүрлі жағдайлар әсер етеді. Атап айтқанда, табиғи, экономикалық т.б. Жер шарындағы ең халық тығыз орналасқан ел – Бангладеш, мұнда бір шаршы шақырымға 1054 адамнан келеді. Бангладеш халқының саны бойынша жер шарында 9 орынды, ал жер көлемі бойынша 87 орынды алады.

Жер шарында адамдар қоныстанып, мекен ететін елді мекендердің негізгі екі түрі бар, ол қалалар мен ауылдар. Жер шары халқының 51%-ы ауылда, 49%-ы қалада тұрады.

Урбандалу латын тілінен аударғанда "қалалану" деген мағына береді. Урбандалу дегеніміз қалалардың өсуі мен қала халқының санының өсуі. Урбандалу деңгейі Қытайда 45% болса, Кувейтте 98%-ды құрайды.

Агломерация дегеніміз – ірі қаланың маңына орташа және шағын қалалардың шоғырлануы. Қазақстандағы ең ірі агломерациясы Қарағанды-Теміртау агломерациясы. Жақын орналасқан агломерациялардың бірігуінен мегаполистер қалыптасады (Алматы мегаполисі).

Субурбандалу сөзі латын тілінен аударғанда "қала маңында" деген ұғымды білдіреді. Қалаларда экологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты адамдардың қала ортасынан қала маңындағы елді-мекендерге көшуін айтады.

 

        

Мулат                                                       

                         

Қара нәсіл өкілі

Нәсілдер



Сұрақтар
  1. Адамның шығу тегі мен даму ерекшеліктерін зерттейтін ғылым.

  2. Алғашқы халық санақтарын жүргізген мемлекеттер.

  3. Халық санының күрт өсуі.

  4. Жер шары халқының саны 6 млрд-қа жеткен жыл.

  5. Халық санын өсіруге, реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.

  6. Халықаралық ұйымдардың анықтауы бойынша, еңбекке жарамды жас ... жас аралығы болып саналады.

  7. Дүниежүзіндегі этностар санын көрсетіңіз.

  8. Жер шарындағы аса ірі этнос.

  9. Бір ұлтты мемлекеттерді атаңыз.

  10. Үлкен этникалық топтың аз санды этникалық топты өзіне қосып алуы.

  11. Ешқандай тіл семьясына енгізілмеген, оқшау тіл.

  12. Ең көп тараған тілдік семья.

  13. Кең таралған тілдер.

  14. Ең көп таралған әлемдік дін.

  15. Ең ежелгі діндерге жатады.

  16. Мұсылмандардың саны жөнінен көзге түсетін мемлекеттер.

  17. Ең ірі ұлттық діндер.

  18. Дүниежүзі бойынша халық тығыздығы ең жоғары ел.

  19. Аустралия халқының ең көп шоғырланған аймағы.

  20. Елдімекендердің негізгі түрлері.

  21. Қала халқы санының өсуі мен қалалар санының өсуі.

  22. Урбандалу деңгейі көрсетеді.

  23. Агломерация терминінің қандай ұғым беретінін табыңыз.

  24. Субурбандалу терминінің қандай ұғым беретінін табыңыз.

  25. Еуразиялық кеңістікте түркі халықтарын және олардың мемлекеттерінің қалыптасу тарихын зерттеген орыс ғалымы.

  26. Еуразия халқы тақырыбына қатысы жоқ ақпаратты көрсетіңіз.

  27. Ислам діні көп тараған аймақтар

  28. Өтпелі нәсілге жататын халықтар

  29. Жер шарында халық тығыздығы жоғары аймақтар

  30. Түркітілдес мемлекеттердің астаналарын көрсетіңіз.

  31. Түркітілдес мемлекет (-тер)

  32. Түркияның жер көлемі – 783 562 км2, халық саны – 79,51 миллион, ал халық тығыздығы

  33. Христиан діні көп тараған аймақ (-тар)

  34. Монголоид нәсіліне жататын халық (-тар)

  35. Жер шарындғы халық тығыздығы төмен аймақ (-тар)

  36. Роман тілдес мемлекеттердің астаналары

  37. Еуразия халқы туралы ақпарат

  38. Африкадағы араб мемлекеттері

Қате туралы хабарландыру