Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Дүниежүзінің саяси картасы

Конспект

Саяси картада дүниежүзіндегі елдердің әлемдегі орны, астаналары, ірі қалалары бейнеленеді. Картадағы әртүрлі түстер сапалық түс деп аталатын шартты белгі болып саналады. Саяси картадағы түстер мемлекеттердің аумағын білдіреді.

 

XV ғасырда еуропалықтардың отарлау кезеңі басталды. Еуропалықтар Жаңа дүние мен Азия, Африка елдерін отарлады. Сол замандағы ең алғашқы отарлаушы елдер ретінде Испания мен Португалияны атауға болады. Испанияның отарлауы XV ғасырда Солтүстік Африкадағы Сеута, Мелилья қалаларын отарлаудан басталды. Тарихта 1960 жылды "Африка жылы" деп айтады. Себебі бұл жылы Африканың 16 мемлекеті тәуелсіздігін жариялады.

 

Дүниежүзі елдері мемлекетті басқару режімі бойынша екіге бөлінеді: республикалық, монархиялық басқару. Монархиялық басқаруда билік бір адамның (король, герцог, сұлтан, т.б.) қолында болады, ал республикалық басқаруда ел басқаратын адамды халықтың өзі сайлайды.

 

Монархиялық билік атадан балаға мұра етіп беріліп отыратын билік. Қазіргі кезде жер шарында 29 монархия бар. Азияда 13, Еуропада 12 , Африкада 3 монархия бар. Конституциялық монархияда заң шығарушы орган парламент болғандықтан, монархтың билігі коституциямен шектелген, яғни монарх "патшалық етеді, бірақ басқармайды". Конституциялық монархиялық режіммен басқарылатын мемлекеттер: Испания, Бельгия, Нидерланд, Люксембург, Тайланд, Бутан т.б.

 

Республикалық басқару президенттік және парламеттік басқару болып екіге бөлінеді. Президенттік республика жағдайында президент мемлекет басшысы болумен қатар үкімет басшысы қызметін қоса атқарады. Президенттік республикаларға АҚШ, Аргентина, Бразилия, Франция, Қазақстанды жатқызуға болады.

 

Парламенттік республикада атқарушы билік қызметін президент тағайындаған премьер-министр атқарады. Дүниежүзінің көптеген елдеріне басқарудың осы формасы тән. Парламенттік республикаларға мысал ретінде Германия, Италия, Аустрия т.б. келтіруге болады.

 

Монархиялық басқару үшке бөлінеді: теократтық, абсолюттік, конституциялық монархиялар. Абсолюттік басқаруда бір адамның билігіне шек қойылмайды. Мұндай елдерге БАӘ, Катар, Кувейт, Бахрейн, Оман жатады. Бірақ дүниежүзі бойынша мұндай елдер жыл сайын азаюда.

 

Теократтық монархияда мемлекетті діни адам басқарады. "Тео" сөзі – Құдай, "кратос" сөзі – билік деген мағына береді.

Дүниежүзі елдері әкімшілік аумақтық құрылысына қарай екіге бөлінеді: унитарлы елдер мен федерациялы елдер.

Унитарлы елдерде ортақ заң жүзеге асырылады, ал федерациялы елдерде бір елдің құрамында бірнеше мүшелер болады, олардың белгілі бір саяси, экономикалық дербестігі болады. Мысалы, Ресей Федерациясының құрамында 21 республика, 49 облыс, 9 өлке бар.

Дүниежүзінде 20 аса федерациялық басқарудағы ел бар. Федерациялы елдердің әкімшілік бөлінуі республика, штат, провинция, федералды жерлер түрінде болады.

Еуропадағы федерациялы елдерге Аустрия Республикасы, Бельгия Корольдігі, Германия Федерациялы Республикасы, Ресей Федерациясы, Швейцария Конфедерациясы жатады. Азиядағы федерациялы елдерге Біріккен Араб Әмірлігі, Малайзия, Пәкстан Ислам Республикасы, Үндістан Республикасы, Мьянма Одағы кіреді.

 

Біріккен Ұлттар ұйымы 1945 жылы құрылды. БҰҰ-ның негізгі мақсаты бейбіт өмірге төнген қауіптің алдын алу, халықаралық шиеленістерді реттеу. БҰҰ-ға 2009 жылғы мәлімет бойынша 192 мемлекет мүше. Біріккен Ұлттар ұйымы 1945 жылы құрылды. Штаб пәтері Нью-Йорк қаласында орналасқан.

ЮНЕСКО – БҰҰ-ның білім беру, ғылым және мәдениет жөніндегі арнайы ұйымы. 1946 жылы құрылған, штаб-пәтері Париж қаласында орналасқан. Ұйымға 192 ел мүше. Ұйымның басты мақсаты – білім беру, ғылым және мәдениет саласындағы ынтымақтастықты қолдау болып саналады.

МАГАТЭ – БҰҰ-ның атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттігі. 1987 жылы құрылған, ұйымға 182 ел мүше болып қабылданған. Ұйымның мақсаты – атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану.

БҰҰ-ның азық-түлік және ауылшаруашылығы жөніндегі арнайы ұйымы ФАО деп аталады. Ұйым 1945 жылы құрылған. Мақсаты аштықпен күрес, адамдардың тамақтану жағдайын жақсарту.

НАТО – Солтүстік Атланттық келісім ұйымы, 1949 жылы құрылған. Штаб пәтері Брюссельде, ұйымға 26 ел мүше. Мақсаты: біртұтас қорғаныс жүйесін құрайтын әскери саяси одақ.

АСЕАН – Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің ассоциациясы, 1967 жылы құрылған, штаб пәтері Джакарта қаласында орналасқан. Ұйымға Оңтүстік Шығыс Азиядағы 10 ел кіреді. Ұйымның мақсаты – Оңтүстік Шығыс Азиядағы бейбітшілік пен тұрақылықты орнату, экономикалық өрлеуді жеделдету.

ОПЕК – мұнай экспорттаушы елдер ұйымы. 1960 жылы құрылған. Штаб пәтері Вена қаласында орналасқан. Ұйымның мақсаты: мұнай өнімдерінің әлемдік нарықтағы бағасын тағайындау.

Қазіргі әлем 16 тарихи-географиялық аймаққа бөлінеді, олар Батыс Еуропа, Шығыс Еуропа, ТМД, Латын Америкасы, Оңтүстік Азия, Орталық және Шығыс Азия, Оңтүстік Шығыс Азия, Солтүстік Америка, Шығыс Африка, Оңтүстік Африка, Аустралия, Мұхит аралдары, Латын Америкасы, Солтүстік Африка, Батыс Африка, Орталық Африка.

 

Нью-Йорктегі БҰҰ-ның штаб пәтері

ОПЕК – мұнай экспорттаушы елдер ұйымы

Солтүстік Атлантикалық ұйым – НАТО

 

Саяси географияның негізін салушы Ф. Ратцель

Ұлыбританияның королевасы Елизавета ІІ

Араб шейхы



Сұрақтар
  1. Саяси картадағы түстер ... білдіреді.

  2. Дүниежүзіндегі аса ірі отар иеленуші болған елдерді табыңыз.

  3. "Африка жылы" атанған жыл.

  4. Дүниежүзі елдері мемлекеттік құрылысы бойынша бөлінеді.

  5. Дүниежүзіндегі монархиялар саны.

  6. Конституциялы монархиялы елдер.

  7. Президенттік Республикалар

  8. Парламенттік Республикалар

  9. Абсолюттік монархиялы мемлекеттер.

  10. Теократттық монархия.

  11. Мемлекеттердің әкімшілік-территориялық құрылыс бойынша бөлінуін анықтаңыз.

  12. Дүниежүзіндегі федерациялық елдер саны.

  13. Еуропадағы федерациялы мемлекеттер.

  14. Азияның федерациялы елдері.

  15. Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылған жылы.

  16. БҰҰ-ның штаб-пәтері орналасқан қала.

  17. БҰҰ-ның білім, ғылым, мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы.

  18. БҰҰ-ның атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттігі.

  19. БҰҰ-ның азық-түлік және ауылшаруашылығы жөніндегі арнайы ұйымы.

  20. Солтүстік Атланттық келісім ұйымы.

  21. Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің ассоциациясы.

  22. Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы.

  23. Саяси география терминін енгізген.

  24. Қазіргі әлем қанша тарихи-географиялық аймаққа бөлінгенін табыңыз.

  25. Этногенез теориясын жасаған орыс ғалымы.

  26. Дамушы елдердің көшбасшыларын атаңыз

  27. Қазақстанмен шекарасы жоқ жер көлемі үлкен мемлекеттерді көрсетіңіз.

  28. Дүниежүзілік мұхит жағалауында орналасқан дамыған мемлекеттірдің астанасын көрсетіңіз.

  29. Өтпелі экономика тән мемлекеттер

  30. Арал мен түбектерде орналасқан мемлекеттерді көрсетіңіз.

  31. Ортақ шегарасы бар мемлекеттерді көрсетіңіз.

  32. Қазақстанның оңтүстік-шығысында орналасқан мемлекет (-тер)

  33. Дамыған мемлекеттерге тән сипаттама (-лар)

  34. Дамыған елдерге жататын мемлекет (-тер)

  35. Дұрыс сәйкестендірілген нұсқа (-лар)

  36. Дұрыс сәйкестік (-тер)

  37. Дамушы елдердің  көшбасшыларының астаналары

  38. Қазақстанмен шегарасы жоқ, жер көлемі аз мемлекеттер

  39. Дүниежүзілік  мұхит жағалауында орналасқан дамушы мемлекеттердің астаналары

  40. Өтпелі экономика тән мемлекет (-тер)

  41. Арал мен түбектерде орналасқан мемлекеттердің астаналары

  42. Ортақ шегарасы жоқ мемлекеттер

  43. Жер көлемі бойынша бірінші ондыққа кіретін мемлекет (-тер)

  44. Қазақстаннан батыс бағытта орналасқан мемлекеттер

  45. Екі дүние бөлігінде  орналасқан мемлекеттер

  46. Дамушы мемлекеттерге тән сипаттама

  47. Мемлекеттердің дұрыс топтамасы

  48. Дұрыс сәйкестік  (мемлекет-астана)

Қате туралы хабарландыру